15 маусым 2018

Құрметті өтінім берушілер!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Өндірістік сектор консорциумдарына арналған гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

Бағдарламаның мақсаты саланың жүйелік міндеттерін шешуге бағытталған технологияларды енгізу үшін ғылыми ұйымдар және өндірістік сектор кәсіпорындары арасында ынтымақтастықты қамтамасыз ету және консорциумдарды құру болып табылады.

Бұл гранттық бағдарлама бойынша жобаларды жүзеге асыру мерзімі үш (3) жылдан аспауы тиіс. Консорциум кем дегенде бір ғылыми ұйымнан (ЖОО, ҒЗИ және т.б.) және кем дегенде екі бизнес өкілінен құралуы тиіс. Гранттың максималды мөлшері 650 млн. теңгені құрайды.

Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер 2018 жылдың 20 маусымнан  31 шілде аралығында Астана уақытымен сағат 18.00-де дейін Портал арқылы қабылданатын болады.

Конкурстың шарттары мен талаптарымен толығырақ «Өндірістік сектор консорциумдары» гранттық бағдарламасының нұсқаулығында таныса аласыз. Бұл нұсқаулықты www.fpip.kz сайтында «Инновациялық консорциумдар» бөлімінде жүктеуге болады.

Үміткерлер Өндірістік сектор консорциумдарына арналған гранттық бғдарлама бойынша нұсқаулықта көрсетілген барлық талаптармен мұқият танысуы және орындауы тиіс. Барлық өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде электрондық нұсқада www.fpip.kz интернет порталы арқылы жіберілуі тиіс. Жобаларды сараптау ағылшын тілінде жүргізілетіндіктен, өтінімдердің ағылшын тіліндегі нұсқасы негізгі құжат болып есептелінеді. Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды. Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызмет түрлерімен мұқият танысып шығу қажет.

Өндірістік сектор консорциумдарына арналған гранттық бағдарламасы бойынша толық ақпаратты Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық поштасы немесе +7 7172 23 90 35, +7 708 984 27 11 телефондары арқылы конкурстың координаторларынан (Сейітқазин Дархан, Уалиева Армангүл) ала аласыз.

Өндірістік сектор консорциумдарына арналған гранттық бағдарламаның нұсқаулығы