Бүгін Астанада «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының кеңсесінде онлайн-конференция өтті, онда қазақстандық ғалымдарды ауқымды түрде ағылшын тіліне оқытуға жұмылдыратын қазақстандық ЖОО жанындағы технологияларды комммерциялау кеңселерін (әрі қарай - ТКК) дамыту талқыланды.

Конференцияның жұмысына ҚР БҒМ Ғылым комитеті Төрағасының м.а. Рахымжан Нұрсейітов, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ, С. Сейфуллин атындағы ҚазҰАУ, ҚарМТУ, ШҚМТУ, ОҚМУ, СҚМУ және тағы басқаларының өкілдері қатысты.

Пилоттық режимде биылғы жылы 1500 қазақстандық ғалымдарды оқытуды бастау жоспарланып отыр. Келешекте бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша оқыту моделі ғылым қауымдастығын барынша қамту мақсатында ауқымдандырылатын болады. Оқыту үшін максималды тиімді әдістер мен зерттемелер қолданылады, жәнеде ғылыми ортаның ерекшелігі де ескеріледі.

Рахымжан Нұрсейітов айтуынша:

«Аталмыш бағдарламаның мақсаты – өз зерттеулеріне барлық мүмкін гранттарды алып, оларды одан әрі нәтижелерін коммерциялау үшін отандық ғалымдарды халықаралық деңгейге шығару, нәтижесінде ол Қазақстан ғылымының шет елдегі бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Жаңа зерттеулердің саны бойынша нақты нәтижелермен қоса біз алдыңғы қатарлы ғылыми мақалаларға біздің ғалымдардың қол жеткізуі арқасында сапаның өсуін де күтіп отырмыз. Ал ол мақалалар әдетте ағылшын тілінде жарияланады.

Сондықтан біздің міндетіміз – жай ғана амандасуды үйретіп қана қоймай, өз ісіне шын мәнінде қызыққан және қазақстандық ғылымның дамуы өскелең ұрпақ үшін қаншалықты маңызды екенін түсінетін ғалымдарға мемлекет тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктерді ұсыну».

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы –ҚР Білім және ғылым министрлігі атынан Қазақстан Үкіметінің және Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы. Ол Қазақстанның экономикалық әлеуетін жоғары зияткерлік орта құру және инновациялық құрамасы бар технологияларды транферттеу арқылы өсіруге бағытталған.