ҚР Парламенті Сенатында өткен "дөңгелек үстелде" қос палата депутаттары қазақстандық ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қазіргі заңнаманың тиімділігін қарастырды.

Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов бұл бағытта атқарылған жұмыс туралы баяндап берді. Асхат Аймағамбетовтің айтуынша: "Коммерцияландыру гранттық жобалары шеңберінде 2016 жылы 712 млн. жеке инвестициялар тартылды, қоса қаржыландыру үлесі 8%-ды құрады, ал бұл жылы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыруға жеке сектор тарапынан қаражат құю сомасы 3 есе артып, 2,5 млрд теңгені құрады, ал жеке бизнестен қоса қаржыландыру үлесі  13%-ды құрады".

Вице-министр ҚР БҒМ қазақстандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыруды әрі қарай дамыту қажет деп санайтынын атап өтті. Сонымен қатар, вице-министр Аймағамбетовтің пікірінше, инновацияларды өндіріске енгізу және жалпы ғылымды дамытудың қарқынына ықпал ететін бірқатар мәселелерді шешу қажет. Атап айтқанда, қазақстандық ғылымның әзірлемелерін өндіріске енгізетін мекемелерге қатысты салық саясатын қайта қарастыру қажет.

Мұндай саясат дамыған елдерді жоғары тиімділік көрсетті, ал Қазақстандағы инновациялық әзірлемелердің әлеуеті жоғары екендігі сөзсіз.

Депутаттар және қатысушы сарапшылар вице-министр Аймағамбетовке стратегиялық және практикалық сипаттағы бірқатар сұрақтар қойып, ғылыми саланың перспективалары жайлы пікірталасқа белсене қатысты.