Қазақстанның алдыңғы қатарлы университеттерінде орналасқан Технологиялар трансферті кеңселерінің әлеуетін, оның институционалды мүмкіндіктерін арртыру мақсатымен, Дүниежүзілік Банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасынын    үшінші компоненті аясында оқыту жүргізілуде.     

2018 жылдың желтоқсан айында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Бизнес жобаларды коммерцияландыру бөлімі   арнайы грантты иеленді.

Аталған жоба шеңберінде университет ғалымдары мен коммерцияландыру бөлімі қызметкерлерін ағылшын тіліне оқыту қарастырылған.

Басты мақсат – ғалымдарымыздың инновациялық жобаларды коммерцияландыру бағытында шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуы, шетелде өз біліктіліктерін арттыру, технологияларды трансферттеу, старт-ап жобаларды жүзеге асыру мумкіндіктерін игеру. Осы мақсатта ағылшын тілін оқытатын орталықтар арасында конкурс жарияланды. Конкурс қорытындысы бойынша ең жоғары балл алған орталық «iStudy» ЖШС.             

Осыған байланысты 9 қаңтар 2018ж.  аталған оқу орнының мәжіліс залында «iStudy» ЖШС университет ғалымдарының, қызметкерлерінің қатысуымен брифинг өткізді. Брифинг барысында ағылшын тілін оқытуға байланысты атқарылатын жұмыстар жөнінде (оқу кестесі, тіл оқытатын оқытушылар жөнінде мәлімет, оқу құралдары, әдістері) ақпарат берілді.

Жобаға сәйкес, белгіленген кесте бойынша ағылшын тілін оқыту сабақтары жүйелі түрде өткізіледін болады.