- by Super User /
- Категорія: Хабарландырулар /
- Жарияланған: 26 желтоқсан 2018 /
- Перегляди: 4678 /
26 Желтоқсан 2018
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының университеттерінде технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру офистерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Конкурстық құжаттама Ғылым комитетінің (www.sc.edu.gov.kz) және «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының (www.fpip.kz) сайттарында жарияланатын болады. Конкурстық құжаттама және өтінімді дайындау бойынша кеңестерді мынадай телефондар арқылы ала аласыз: 8(7172)74-24-85, 8 (778) 437-50-16, 8(701) 888-95-79.
Конкурстық құжатты түсіндіру және өтінімдерді дайындау бойынша кеңестер үшін жауапты конкурс операторының өкілдері - Ақшалова Әсем, Утегулов Алан, Мамбетов Қарасай.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2018 жылдың 26 желтоқсаны мен 2019 жылдың 14 қаңтары аралығында Астана уақытымен сағ. 18.00-ге дейін жүргізіледі.
Барлық өтінімдер электронды түрде (PDF және Word–түрінде) орыс және/немесе қазақ тілінде Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының электронды мекен-жайына қағаз және дискі түрінде Ғылым комитетіне (жапсырылған конвертте) Астана қ.,010000, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс, Министрліктер үйі мекен-жайына жіберілуі тиіс.