Home
- by Super User /
- Category: Хабарландырулар /
- Published: 05 July 2023 /
- Hits: 2558 /
4 шілде 2023
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Инклюзивті инновациялар консорциумдары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс өткізуді жоспарлауда.
Гранттық бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік маңызы жоғары, сондай-ақ тұрақты коммерциялық әлеуетті және орнықты дамуға қол жеткізуге бағытталған инновациялық шешімдерді (өнімдерді, қызметтерді және технологияларды) әзірлеу және енгізу мақсатында ғылым мен бизнесті біріктіру.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Консорциум негізгі қызметі іске асырылатын жобаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін бір немесе одан да көп коммерциялық ұйымдардан немесе коммерциялық емес ұйымдардан (кәсіпкерлік қызмет құқығымен) және бір (1) немесе одан да көп ғылыми ұйымдардан тұрады. Ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындар бір-бірімен үлестес болмауы керек.
Грант сомасы:
Гранттың максималды сомасы 150 млн теңгеге дейін, іске асыру мерзімі 12 айға дейін.
Қоса қаржыландыру сомасы кемінде грант сомасының 10%-ын құрауы тиіс.
Күтілетін нәтижелер:
Гранттық бағдарлама аяқталғаннан кейін қаржыландыру алған консорциумдар алынған грант сомасының кемінде 10 %-ындай коммерцияландыру көрсетуге, сондай-ақ нақты, сандық өлшенетін, елеулі әлеуметтік нәтижеге қол жеткізуге міндетті.
Гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты «Инклюзивті инновациялық консорциумдар» гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан ала аласыз (Бағдарлама құжаттар) .
Барлық сұрақтар бойынша This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
*Бұл конкурстың ресми хабарландыруы емес, конкурстың өтетін уақытын кейінірек хабарлайтын боламыз.