youtubeӨИЫЖ мақсаттары мен міндеттері туралы жалпы ақпарат

 


Жоба туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ЦДИАӨМ) Дүниежүзілік Банкпен бірге Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасын жүзеге асырғалы жатыр.  

Қазақстан орташа табыс көлемі мен энокомикалық ресурстарға бай елдердің тізімінде айтарлықтай елеулі жоғары мамандандырылған ҒЗТКЖ әлеуетімен және адами капиталымен алдыңғы қатарда тұр. Негізгі табиғи ресурстарға пайдалы қазбалар (мұнай, газ, қара және түсті металл), сондай-ақ, ауылшаруашылық жерлер жатады. 

Жаһандық және жергілікті экономиканың құбылмалы әлеуетіне қысқа мерзімді тәуелділігіне қарамастан, Қазақстанның орташа әлеуеті оң бағаланады. Оның негізінде қзақ мерзімге жоспарланған «Қазақстан-2050» стратегиясында көзделген мұнай өндіру секторының кеңеюі және құрылыстық реформалар жатыр. 

Стратегияда 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына және 10-15 жыл ішінде білім экономикасына ауысу қарастырылған. Мемлекет соңғы бес жылда бірнеше сәтті жобаларды іске асырудың нәтижесінде негізгі бағытын шикізатты дамыту саласынан индустриалды инновацияларды қолдауға және шағын және орта кәсіпорындарды дамытуға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыруға ауыстырды. Стратегияда баяндалған құрылымдық реформалар, мемлекеттегі басты өндірістік факторлар – адам капиталы, инфраструктура және иституттардың сапасын арттыру арқылы даму мен әртараптандыруға қол жеткізіп,  әлемдік бәсекеге қабілетті болу арқылы мемлекеттің білім экономикасына ауысуға құлықтығын көрсетеді. 

Стратегияда үкіметтің жеті басым бағыты айықша аталып көрсетілген. Соның ішінде ғылыми әлеуетті арттыру да көзделген. Ғылымды қаржыландыру үш пайыздық ЖІӨ негізінде ғылыми әлеуетті арттыру, ТШИ арқылы білім мен технологияларды трансферттеу және Ұлттық инновациялық жүйені (ҰИЖ) тиімділігін арттыру  мақсатында жоспарланған. Өндірістік инновациялар экономиканың барлық салаларын қоғаммен тиімді әрі берік байланыстыратындықтан, дамудың негізгі факторы болып саналады. Қазақстанның қазіргі экономикасының даму қарқыны әлемдік жаңа технологияларды эконмикаға тиімді етіп өзгертуге және мемлекеттің әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін шектейтіндіктен, контекстті түсініп, инновацияларды қолдану аса маңызды болып табылады. Сондықтан, дамудың қазіргі сатысында бейімделу мен әлемдік білім мен тәжірибені тиімді қолдану, ең үнемді әрі ұтымды шешім болып тұр. Бұл инновациялық әлеуетті экономика мен қоғамның барлық салаларында инновациялық бәсекелестік мәдениетті қалыптастыратындай дәрежеге дейін арттыратын болады. 

Қазақстандағы өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы

2016 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасының Парламенті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік Даму және Қайта Құру банкінің арасында жасалған қарыз алуға байланысты келісімді ратификациялады.   

Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банктің ортақ жобасы басты ұлттық инновациялық жүйенің институттарының әлеуетін арттыруға, инновациялық жобалар мен технологиялық стартаптарды қолдау іріктеу және нарықтық таңдау мезанизмін енгізуге, сондай-ақ, жеке секторларды қатысуға ынталандыруға бағытталған.  

Жоба мақсаты

Жоба мақсаты – жоғары сапалы, мемлекет үшін аса маңызды зерттеулерді ынталандыру және технологияларды коммерцияландыру. 

Жоба 5 құрамдас бөліктен тұрады:

1. Инновациялар үшін білім базасын дамыту.

2. Инновациялық консорциумдар.

3. Технологияларды коммерцияландыру циклын шоғарландыру.

4. Ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) және қолданыстағы институционалдық құрылымдардың әлеуетін арттыруды үйлестіруді нығайту.

5. Жобаның жүзеге асуын қолдау.

Жоба аясында коммерциялық әлеуеті бар жоғары сапалы ғылыми зерттеулер жасауды көздеген ғылыми топтарды қаржыландыру мақсатында 3 гранттық бағдарлама жүргізіледі және PhD студенттеріне де қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, ғылым, өндіріс пен мемлекеттің күшін біріктіре отырып, нарық пен өндірістің талабына ҚИИД МБ-ны іске асыруға тартылған жоғары оқу орындарының және Назарбаев Университетінің ДБҰ негізінде консорциум құру жоспарланған.   

Алдыңғы тезнологиялық стартап компанияларға тартылған инвестициялардың тиімділігін көрсету мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі негізінде келісімдер легін басқару мен техноголиялар мен инновациялық идеяларды коммерциялық инвестициялық жобалар қалпына келтіру үшін венчурлық қоры қалыптасады. Сонымен қатар, қазақстандық технологияларды дамыту мен Қазақстанда жаңа технологияларды тауып, қолданысқа енгізу мақсатында шетелде трансферт кеңсесінің құру жоспарланып отыр.

«Өндірістік инновацияларды ынталандыру» жобасын жүзеге асыру уақыты - 5 жыл, 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін.

1-бөлік. Инновациялар үшін білім қорын дамыту.

Бұл бөліктің мақсаты жоғары сапалы, ел үшін өзекті ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді және 2-бөлік  "Инновациялық консорциумдар" және 3-бөлік "Технологияларды коммерцияландыру циклін шоғырландыру" үшін дамыған адами капитал мен мәмілелер ағынын қамтамасыз ету болып табылады.

1.1-бөлік - Аға Ғылыми Қызметкерлер Топтары және Кіші Ғылыми Қызметкерлер Топтары үшін Гранттар.

АҒҚТ және КҒҚТ Грант бағдарламасының мақсаты қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен кәсіпкерлердің пәнаралық командаларына ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының және Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын өзге де мекемелерінің ҒЗТКЖ перспективалы нәтижелерін коммерцияландыруда қолдау көрсету болып табылады.  Бағдарлама өндіріспен, отандық және жаһандық нарықтармен байланыстарды нығайтуға бағытталған ғылымның басым бағыттары бойынша отандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыруды ынталандыруға бағытталған. Бағдарлама белсенді халықаралық ынтымақтастықты қолдайды.

Гранттың түрлері мен максималды сомалары мынадай:

- АҒҚТ гранты: 230 000 000 (екі жүз отыз миллион) теңге;

- КҒҚТ гранты:  180 000 000 (жүз сексен миллион) теңге.

Әрбір топтың қаржыландыру көлемі ұсынылатын жұмыстардың көлемі, ғылыми пән және ғылыми-зерттеу жұмыстарының ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады.  Сұралған қаражат көлемі ХҒКК алдында презентация түрінде қорғалады және негізделеді.  Топтар келісілген жүзеге асыру кезеңдерінің табысты өтуімен байланысты үш жылға дейін қаржыландыру алады.

1.2-кіші бөлігі. Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттар. 

Бұл кіші бөліктің мақсаты - Қазақстан Республикасының кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау саласындағы өндірістік және инновациялық әлеуетін арттыру үшін әлемнің жетекші білім беру, ғылыми және өндірістік ұйымдарының әлеуетін пайдалану, сондай-ақ, бірлеске ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу.

Міндеттері:

1. ғылым және өндірісті дамытуға ықпал ететін жоғары техникалық мамандықтар бойынша фундаменталды даярлауды дамытуға жәрдемдесу (инженер-зерттеушілер, конструкторлар мен ҚР өнеркәсіптік мекемелерінің жобалаушыларын даярлау);

2. отандық зерттеулердің экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне бағытталуы;

3. зерттеу департаменттерін құру және өндірістік дамыту арқылы зерттеулер мен инновацияларды ынталандыру үшін жағдайлар жасау;

4. қазақстандық ғылыми-зерттеу институттар, академиялық институттардың жетекші шетелдік ұйымдармен және университеттермен әріптестік қарым-қатынастарын дамыту және одан әрі қолдау.

2-бөлік. "Инновациялық консорциумдар".

Бұл бөліктің мақсаты, өндірістік сектор консорциумдары және инклюзивті инновациялар консорциумдары арқылы қосылған құны жоғары және экспорттық әлеуеті бар өнімдерді шығаратын жоғары технологиялық өнеркәсіптерді құру, сондай-ақ жергілікті ғылыми-зерттеу институттар, конструкторлық бюролар және ғылыми-техникалық зертханалар, сондай-ақ осы зерттеу орталықтары және жеке сектор, инновациялар саласындағы әлемдік көшбасшылар арасындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Бұл бөлік екі кіші бөліктен тұрады

(a) Өндірістік сектор консорциумдары: экономиканың өндірістік секторларындағы (ауыл шаруашылығы, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп және басқа да салалардағы) консорциумдар. 

Консорциумдардың келесі түрлеріне қолдау көрсетілетін болады:

ӨСК І:  Индустриялық-ғылыми ынтымақтастық орталығы.

ӨСК II:  Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум.

Гранттың түрлері мен максималды сомалары мынадай:

1. ӨСК І жоспарлауға арналға грант:  бес (5) айға дейінгі мерзімге 6,5 миллион теңгеге дейін берілетін болады.

2. ӨСК І гранты: үш (3) жылға дейінгі мерзімге 650 миллион теңгеге дейін.  ӨСК Ігрантына өтінім жіберуден бұрын өтінім берушілер ӨСК І жоспарлауға арналған грантқа өтінім беруі және оны сәтті аяқтауы тиіс.  

3. ӨСК ІІ гранты:  гранттың максималды көлемі үш (3) жылға дейінгі мерзімге 650 миллион теңгені құрайтын болады.

ӨСК Гранттық бағдарламасының міндетті шарты - қоса қаржыландырудың болуы.

(b) Инклюзивті инновациялар консорциумдары: қала және ауыл тұрғындарының табыстарын арттыру үшін әлеуметтік қызметтер көрсету (енсаулық сақтау, білім беру, сумен қамтамасыз ету, қалалық және ауылдық инфрақұрылым және басқа да бағыттар) деңгейін жақсарту үшін ұзақ мерзімді ынтымақтастық;

Бұл бөлік шеңберінде экономикалық және әлеуметтік әсері жоғары технологиялар мен өнімдерді шығару үшін анағұрлым перспективалы қатысушыларға қолдау көрсету үшін өндірістік сектор консорциумдары және инклюзивті инновациялар консорциумдарына арналған гранттық бағдарламалар іске асырылуда.

Гранттық бағдарламаның құжаттары келісу сатысында. Гранттық бағдарлама 2018 жыл басталады деп күтілуде.

Төмендегі кіші бөліктерді іске асыру арқылы стартап-компанияларды дамыту:

A.Венчурлық ерте қаржыландыру қорының («ВЕҚҚ» қоры) Кіші жобаларын қаржыландыру, оның ішінде басқару бойынша қолдау көрсету үшін ВЕҚҚ-ға инвестициялар ұсыну мақсатында ВЕҚҚ қалыптастыру; 

Қазақстанда венчурлық капитал қорларының саны шектеулі болғанына қарамастан, ерте қаржыландыру және технологиялық компаниялар үшін жасалған транзакциялардың саны өте аз. Ерте кезеңдік қаржыландырудың қолжетімділігі шешілмеген мәселе болып табылады.

B. Инновациялар саласындағы брокерлік қызмет пен мәмілелер ағынын ЖІН-де жазылған критерийлерге сәйкес генерациялау арқылы технологиялар мен инновациялық идеяларды тіршілікке қабілетті коммерциялық жобаларға дамыту бойынша консультациялық қызметтер көрсету;

Бұл бөлік бизнесті дамыту бойынша мамандандырылған қызметтер нарығын катализдеуге бағытталған. Бұл технологиялық және инновациялық идеяларды ерте кезеңде венчурлық капиталмен немесе басқа инвесторлармен қаржыландыруға болатын коммерциялық жобаларға айналдыруға мүмкіндік береді. Ерте кезеңдік қаржыландыруды енгізуге талпыныс жасаған елдердің тәжірибесі "мәмілелер ағынының" болуын қамтамасыз ету үшін қосымша көмекке, яғни дайын инвестициялық жобаларға қажеттіліктің бар екенін көрсетті. Осы жағдайды ескере отырып, бұл кіші бөлікте қолдау инновациялық брокерлер (бұдан әрі – технологиялық брокерлер) тобын құру көзделген. Технологиялық брокерлер кәсіпкерге инкубациялау айналымының барлық кезеңдерінде көмек көрсететін болады. Мәмілелер ағынының бастамашыларының функциялары мыналарды қамтиды: (i) технологиялық жобаның өміршеңдігін бағалау; (ii) инновациялардың коммерциялық әлеуетін бағалау; және (iii) жаңа жоба туралы ақпаратты әзірлеу, ұсыну және маркетингтік іс-шараларды өткізу.

C. Қазақстанның шегінен тыс жерлерде Технологиялық жеделдету кеңселерін құру және басқару;

Технологиялық компаниялардың маркетингтік және технологиялық мүмкіндіктерін арттыру үшін, 3 (d) кіші бөлігі бойынша халықаралық консультантының кеңестеріне сәйкес,  Шетелдерде бірнеше технологиялық жеделдету кеңселері құрылатын болады. Басты қағида мұндай "антенна" кеңселерді Қазақстанның инновациялық жүйесіне сөзсіз пайда әкелетін болатын жерлерде құру болып табылады;

D. Қазақстанның ірі университеттерінде қазіргі бар Технологиялар трансферті кеңселерінің әлеуетін арттыру және оқытулар өткізу арқылы олардың институционалдық мүмкіндіктерін нығайту жолымен  жәрдемдесу;

Бұл кіші бөлік технологияларды коммерцияландыруды ұлғайтуға және қолданыстағы 6-10 толыққанды ТТК/ТКК желісі шеңберінде трансферттеу мүмкіндіктеріне қол жеткізу үшін қолданыстағы ТТК/ТКК-лардың әлеуетін арттыруға бағытталған.  (b) және (c) кіші бөліктерімен біргелікте бұл кіші бөлік ВЕҚҚ үшін мәмілелердің жеткілікті ағынын қамтамасыз ететін болады. Бұл кіші бөлік шеңберінде ТТК/ТКК әлеуетін арттыру бойынша қызметтер (оқыту, таныстыру сапарлары) қаржыландырылатын болады.

Компоненттің мақсаты әрекет етуші инновациялық кәсіпорындар мен мемлекеттік орган арасындағы ортақ іс-шараларды нарығында талап етілетін тауарлар мен қызметтерді өндіруге еліміздің ғылыми-зерттеу секторының бейімдеу үшін шоғырландыру, үйлестіру және қол жеткізу.  

Компоненттің аясында институциялық құрылымдардың қызметіне/мүмкіндіктеріне қолдау көрсетіледі, сондай-ақ, осы мақсатта Инновациялық обсерваторияларға көрсетілетін консультациялық қызметтер және институциялық құрылымдардың операциялық шығындары мен қызметкердерді оқыту қаржыландырылатын болады. Бұл компоненттің негізгі бөліктері:

1. Инновациялық обсерватория - өндірістік және мемлекеттік сектордағы инновациялардың тиімділігін анықтауға арналған тұрақты механизм; 

2. Қазақстанда инклюзивті инновацияларды күн тәртібіне қоюды хабарлау және әзірлеу туралы хабарлау және үйлестіру. 

Аталмыш компонент жобаның жоғарғы дәрежеге жетуіне, әсіресе, ҰИЖ-нің мәдени өзгеруіне, оның әлемдік стандартқа сай дамуына және пайдалануға оңтайландыруға үлесін қосады. 12-ші бөлімде: Инновациялар көрсетілгендей, дүниежүзілік деңгейде аталмыш компоненттің жүзеге асуы Әлемдік бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстанның жоғарғы нәтиже көрсетуіне ықпал етеді.

Жобаларды басқару тобының қолдауымен жобаларды басқару, мониторинг жасау және бағалау, ағартушылық және әлеуетін іске асыру.