youtube FPIP Порталын пайдалану бойынша ұсынымдар

 

youtube PhD зерттеулерге арналған гранттық бағдарламаның талаптары



ПОРТАЛ ТУРАЛЫ

Жобаның порталы – бұл ҒКХК мүшелеріне және ЖБТ қызметкерлеріне гранттық өтінімдермен онлайн режимде жұмыс атқаруға, сондай-ақ, жобалардың мониторингін жүргізуге, іске асыру барысын және нәтижелерге қол жеткізуін бағалауға мүмкіндік беретін гранттық бағдарламаларға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау үшін біріктірілген электрондық жүйе.

ПОРТАЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Жобаның әрбір қатысушысында: ҒКХК мүшелері, ЖБТ консультанттары, грант алушылар, консорциум қатысушылары және грантқа үміткерлердің жеке кабинеті болады. Жеке кабинет бизнес-процестерді басқаруға және өтінімдер берілген уақытты белгілеуге, сонымен қатар ЖБТ және ҒКХК мүшелері тарапынан түзетуге мүмкіндік береді.

Портал деректердің автоматты белгіленуін қамтамасыз етеді және Жобаның ашық жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Портал инновациялық процестерді басқарудың жаңа әдістерін тексеру үшін жасалған механизм болғандықтан, Жобаның соңына қарай ол толықтай дайын болады, ал Порталдың құрылымы мен функциялары іске асыру тәжірибесіне қарай аяқталатын болады.

Алдағы уақытта бұл механизм ғылымды коммерцияландыру үшін жауапты құрылымдардың жұмысында және мемлекеттік гранттарды бөлуде пайдаланылатын болады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ "Ақпараттандыру туралы" Заңының "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы" 2-бабының  2-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.