Брокерлік қызмет
Брокерлік іс-шара
Технологиялық брокерлер стартаптарға әлеуетті технологиялық бағалау, коммерциялық бағалау, ілгерілету бойынша маркетингтік қызметтер және тапсырыс берушілер мен инвесторларды іздеу бойынша қызметтер көрсетеді. Мұндай брокерлердің қызметі технологияны әзірлеуші ретінде Сізге идеяңызды іске асырып, коммерциялық нарыққа шығуға көмектеседі.
Брокерлер командасында:
Әнуар Сейфуллин Уорвик бизнес мектебінің (Warwick Business School) түлегі, Қаржы саласындағы Ғылым магистрі. 2012 жылдан бастап Қазақстандағы I2BF Венчурліқ қорының мүшесі. Қазақстанның Ұлттық банкінде облигациялар қоржыны және сауда валюталарын, алтын және акцияларды басқаратын қоржындық менеджер және аға дилер ретінде жұмыс істеген. Назарбаев Университетіндегі Қазақстандағы алғашқы қайырымдылық қорын құруға белсенді қатысқан. |
|
Саттар Уткелбаев Еуразиялық патенттік сенімді өкіл, патент жүргізуші (Ресей мемлекеттік зияткерлік меншік академиясы, Ресей), қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжирингі саласында ғылым магистрі (Нью-Мехико университеті, АҚШ). Зияткерлік меншік және технологияларды лицензиялау саласында жұмыс тәжірибесі бар. |
|
Жанболат Каналин Инновациялық менеджмент және кәсіпкерлік бойынша ғылым магистрі. Инновациялар және патенттер бойынша деректер қорын құру, сондай-ақ "Инновациялық көпір: Ғылым және бизнес" ҒҒТҚН коммерцияландыру құралын ілгерілетудің Бастауында ат салысты. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) біргелікте "Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік жүйесіне шолу" есебін дайындауға қатысқан. 30-дан астам мақалалардың авторы. Авторлық құқық саласындағы білікті маман. |
|
Әбділда Шаменов Инновациялық басқару және кәсіпкерлік бойынша ғылым магистрі (Манчестер университеті, Ұлыбритания). ЭЫДҰ-ның Қазақстанның инновациялық саясаты бойынша жобасының өңірлік консультанты. Технологияны коммерцияландыру жобаларын және технологиялық бизнестерді басқару саласында жұмыс тәжірибесі бар. Дүниежүзілік банктің "Технологияларды коммерцияландыру" жобасын іске асыру нәтижесі бойынша құрылған "ТКМА" ОҚ негізін қалаушы. |
|
Абылай Ахымбеков Машина жасау саласындағы ғылым магистрі (Манчестер университеті, Ұлыбритания). "Коммерцияландыру реакторының" сарапшысы, Рига қ., Латвия. Технологияларды коммерциализациялау және стартаптарды нарыққа шығуды ынталандыру жөнінде сарапшы. Технологияларды коммерцияландыру бойынша гранттық бағдарламаларды ұйымдастыру және өткізуде тәжірибесі бар. |
|
Гомар Қажкенов Жоғары техникалық және экономикалық білім. Технологияларды коммерцияландыру, бизнесті дамыту және инвестицияларды тарту жөнінде сарапшы, энергия менеджменті бойынша сертификатталған сарапшы. 2008-2010 ж. - "Табыс" Венчурлық қоры" АҚ-ның венчурлік инвестициялық қорының президенті. Инновациялық компанияларды құру және басқаруда тәжірибесі бар. |
|
Бақытжан Уәлихан Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды "Инженер-әзірлеуші" мамандығымен және Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ді «Басқару менеджменті» мамандығы бойынша тәмамдады. Технологиялық бизнес-инкубация, стартап жобаларын қолдау, шетелдік және отандық инвесторларды әр түрлі салалардағы жобаларды іске асыруға тартуда жұмыс тәжірибесі бар. Сондай-ақ, бизнес жоспарларды әзірлеу және қазақстандық және инвестицияларды тарту мақсатында шетелдік тараптардың қатысуыменинвестициялық форумдар, семинарлар, көрмелер және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруда тәжірибесі бар. |
|
Бақытжан Ибраев MBA ( Ванкувер Айленд Университеті, Канада), Халықаралық бизнес ғылымдарының магистрі (Хертфордшир университеті, Англия). Жобаларды басқару бойынша сертификатталған маман (IPMA Level C). Виктория университетінің Технологияларды трансферттеу кеңсесінде тағылымдамадан өтті. Маркетинг және сату, PR және әлеуметтік желілерде жұмыс істеу саласында тәжірибесі бар. Сауда және өндіріс саласындағы бірнеше ШОБ компанияларын құруға қатысты. Бизнес процестерін автоматтандыру бойынша жобалар, өндірісті құру, білім беру порталын құру және т.б. секілді жобаларды басқару тәжірибесі бар. |