Экология
Құрметті өтінім берушілер,
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау - Дүниежүзілік Банктің (әрі қарай – Банк) қызметіндегі маңызды, әрі басым бағыттардың бірі.
Кіші жобаларлың экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Банк кіші жобалар бойынша экологиялық бағалау жүргізуді талап етеді. Барлық кіші жобаларға экологиялық санат берілуі тиіс. Табиғат қорғау Іс-шараларының Негіздемелік Жоспарына (ТҚІНЖ) сәйкес, «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының шеңберінде «B» және «С» санаттарындағы кіші жобалары ғана қаржыландырылады. «А» санатындағы кіші жобалары қаржыландырылмайды.
«В» санатына жататын кіші жобалар үшін экологиялық бағалауды жүргізіп, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды басқару жоспары (әрі қарай – ҚОҚ жоспары) әзірлеу қажет. Жобаның тобы (әрі қарай - Топ) бұл процедураның ТҚІНЖ және экологиялық заңнамаға сәйкес жүргізілуі, сондай ақ тиісті уәкілетті органдардың қажетті рұқсат құжаттарын алу үшін жауапты болады.
Экологиялық бағалауды жүргізу үшін Топ кіші жобаның ықтимал экологиялық және әлеуметтік әсерін анықтау мен бағалау механизмдері баяндалған, сондай ақ мұндай әсерлердің салдарын жұмсарту және мониторингтеу шаралары қамтылған ҚОҚ жоспарын әзірлеуі қажет.
Экологиялық бағалаудың тереңдігі жұмыс түрінен және кіші жобаның қандай экологиялық санатқа жататынына байланысты болады. Сонымен, ҚОҚ жоспарларының келесідей түрлері бар: