youtubeЖобаның 3-компонентiн iске асыру шеңберiнде ғалымдар мен инноваторларға қолдау көрсету құралдары


08 ақпан 2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының университеттеріндегі технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру кеңселерін іріктеу конкурсының жеңімпаздарын құттықтайды.

Грант туралы келісімге қол қою үшін 2019 жылдың 15 ақпанына дейін төмендегі құжаттарды өткізуіңізді сұраймыз:

1) Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;

2) Құрылтай құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) Келісімге қол қоятын негізгі грант алушының атына сенімхат;

4) Грант қаражаты үшін жеке құрылған есеп айырысу шоттарының болуы туралы банктің анықтамасы (шот эскроу-шотқа тіркелген болуы тиіс).

Келісімге қол қою жөнінде консультацияны мына телефондар арқылы алуға болады: 8(7172)27-71-27, 8 (778) 437-50-16, 8(701) 920-97-07, 8(701) 888-95-79.

Қазақстан Республикасының ЖОО-дағы технологиялар трансферті/коммерцияландыру кеңселерін іріктеу бойынша конкурс жеңімпаздарының тізімі:

Жоғары оқу орнының атауы

1

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

2

 Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

3

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

4

Қазақстан-Британ техникалық университеті

5

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

6

Астана медицина университеті

7

Инновациялық Еуразия университеті

8

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

9

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

10

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-Техникалық Университеті

11

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

12

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

13

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

14

Рудный индустриалдық институты

15

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

16

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

17

«Тұран» университеті


15 қаңтар 2019

Құрметті өтінім берушілер,

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасының университеттерінде технологияларды   трансферттеу/коммерцияландыру офистерін іріктеу бойынша конкурстың мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2019 жыл 21 қаңтар Астана уақытымен сағат 18.00-ге дейын ұзарады.

Конкурстық құжаттама Ғылым комитетінің (www.sc.edu.gov.kz) және «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының (www.fpip.kz) сайттарында жарияланатын болады. Конкурстық құжаттама және өтінімді дайындау бойынша кеңестерді мынадай телефондар арқылы ала аласыз: 8(7172)74-24-85, 8 (778) 437-50-16, 8(701) 888-95-79.

Конкурстық құжатты түсіндіру және өтінімдерді дайындау бойынша кеңестер үшін жауапты конкурс операторының өкілдері -  Ақшалова Әсем, Утегулов Алан, Мамбетов Қарасай.


26 Желтоқсан 2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының  университеттерінде технологияларды   трансферттеу/коммерцияландыру  офистерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурстық құжаттама Ғылым комитетінің (www.sc.edu.gov.kz) және «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының (www.fpip.kz) сайттарында жарияланатын болады. Конкурстық құжаттама және өтінімді дайындау бойынша кеңестерді мынадай телефондар арқылы ала аласыз: 8(7172)74-24-85, 8 (778) 437-50-16, 8(701) 888-95-79.

Конкурстық құжатты түсіндіру және өтінімдерді дайындау бойынша кеңестер үшін жауапты конкурс операторының өкілдері -  Ақшалова Әсем, Утегулов Алан, Мамбетов Қарасай.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2018 жылдың 26 желтоқсаны мен 2019 жылдың 14 қаңтары аралығында Астана уақытымен сағ. 18.00-ге дейін жүргізіледі.

Барлық өтінімдер электронды түрде (PDF және Word–түрінде) орыс және/немесе қазақ тілінде Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының электронды мекен-жайына қағаз және дискі түрінде Ғылым комитетіне (жапсырылған конвертте) Астана қ.,010000, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс, Министрліктер үйі мекен-жайына жіберілуі тиіс.

қосымша жүктеу


14 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын жүзеге асыру шеңберінде технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру офистерін іріктеу бойынша конкурстың жеңімпаздарын құттықтайды.

Грант туралы келісімді жасау үшін 2017 жылдың 20 желтоқсанына дейін келесі құжаттарды тапсыруларыңызды сұраймыз:

1) Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы анықтама;

2) Құрылтай құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) Келісімге қол қоятын негізгі грант алушының атына сенімхат;

4) Грант қаражатына арнайы жеке құрылған есептік шот туралы банктен анықтама (шот эскроу-шотпен байланыстырылуы қажет).

Қазақстан Республикасы  университеттерінде технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру офистерін іріктеу бойынша конкурс жеңімпаздарының тізімі:

Жоғары оқу орындарының атауы

1

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

2

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

3

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

4

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

5

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

6

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

7

С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

8

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

9

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

10

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

Қалған офис-қатысушылары іріктелген негізгі офистерге өңіріне қарай және халықаралық Консультанттың ұсынымдары бойынша бекітіледі.


27 қараша 2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының  университеттерінде технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру кеңселерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурстық құжаттама Ғылым комитетінің (www.sc.edu.gov.kz) және «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының (www.fpip.kz) сайттарында жарияланатын болады. Конкурстық құжаттама және өтінімді дайындау бойынша консультацияларды мынадай телефондар арқылы ала аласыз: 8(7172)74-24-85, 8 (778) 437-50-16, 8(701) 888-95-79.

Конкурстық құжатты түсіндіру және өтінімдерді дайындау бойынша консультациялар үшін жауапты конкурс операторының өкілдері -  Ақшалова Әсем, Утегулов Алан, Мамбетов Қарасай.

Өтінімдерді қабылдау 2017 жылдың 27 қарашасынан 2017 жылдың 4 желтоқсаны аралығында Астана уақытымен 18 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.

Барлық өтінімдер электронды түрде (PDF және Word–түрінде) орыс және/немесе қазақ тілінде Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының электронды мекен-жайына қағаз және дискі түрінде Ғылым комитетіне (жапсырылған конвертте) Астана қ.,010000, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс, Министрліктер үйі мекен-жайына жіберілуі тиіс.

Технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру офистерін іріктеу жөніндегі нұсқаулық жүктеу

ТТК/ТКК іріктеу жөніндегі Нұсқаулыққа қосымша - 1 жүктеу

ТТК/ТКК іріктеу жөніндегі Нұсқаулыққа қосымша - 2 жүктеу

ТТК/ТКК іріктеу жөніндегі Нұсқаулыққа қосымша - 3 жүктеу

ТТК/ТКК іріктеу жөніндегі Нұсқаулыққа қосымша - C жүктеу