АҒҚТ және КҒҚТ

Аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар/кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттық бағдарламасының хабарландыруы 

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде инновациялар мен жаңа технологияларды құру және енгізуге арналған мынадай гранттық бағдарламаларды іске қосуды жоспарлауда:

20 тамыз 2020 жыл

«Аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар/кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар»

Гранттық бағдарламаның мақсаты - отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды ынталандыру.

Толығырақ...

 

05 шілде 2017 жыл

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде АҒҚТ/КҒҚТ гранттық бағдарламасы конкурсының жеңімпаздарын құттықтайды.

Ескерту: Ғылым және коммерцияландыру жөнінде халықаралық кеңеспен (әрі қарай - ҒКХК) іріктелген жобалар Дүниежүзілік банктің талаптары мен ережелеріне сәйкес әзірленген Қоршаған ортаны қорғау жөнінде негіздемелік құжатқа сай экологиялық санаттаудан өтті.

«С» санаты үшін - кешенді экологиялық бағалау  жүргізу қажет емес.

"B-" санаты үшін - қажетті лицензиялар мен Материалдың қауіпсіздік паспортын қосқанда Қоршаған ортаны қорғау жоспары қажет. №6 қосымша Грант туралы келісімді толтыру қажет.

«В+» санатындағы жобалар тек өкілетті органның ҚОӘБ нәтижесі бойынша оң қорытындысының болуы немесе егер жобаның экологияға әсері қысқа мерзімді болса ғана қаржыландырылады. ҚОӘБ материалдарынан бөлек Қоршаған ортаны қорғау жоспарын (ҚОҚЖ) әзірлеу қажет.

Грант алушының міндеттеріне ҚОӘБ материалдарын және/немесе ҚОҚЖ әзірлеуді қаржыландыру жатады. ҚОӘБ құжаттарын әзірлеу мерзімі – 2017 жылдың 01 қарашасына дейін.

«С» санаты үшін, грант туралы келісім жасасу үшін 2017 жылдың 17 шілдесіне дейін төмендегі құжаттарды өткізуіңізді сұраймыз:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы;

2) құрылтай құжаттарының (келісім) немесе жарғының нотариат куәландырған көшірмелерін;

3) грант қаражаттарын жинақтау (грант үшін есепшот) үшін есепшоттың бар екені туралы банк анықтамасының түпнұсқасы;

4) қоса қаржыландыру қаражаттарын жинақтау (қоса қаржыландыру үшін есепшот) үшін есепшоттың бар екені туралы банк анықтамасының түпнұсқасы;

Бұл анықтамада алдын ала/толық өтінімде көрсетілген көлемдегі қоса қаржыландыру қаражаттары туралы ақпарат көрсетілуі тиіс; егер өтінімде басқаша көрсетілмеген болса, қоса қаржыландыру қаражаттары Грант туралы келісімге жасалмауынан бұрын төленуі тиіс. Қоса қаржыландыру қаражаты бизнес-серіктес тарапынан жасалған жағдайда, төлемдер кестесіне сәйкес қоса қаржыландыру сомасы мен мерзімдерін растайтын келісімнің немесе басқа құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі көрсетілуі тиіс;

5) Грант алушының Технологияға тапсырс берушімен серіктестігін растайтын келісімнің немесе құжаттардың нотариалды расталған көшірмесі (егер өтінімде осылай көрсетілген болса);

6) Грант туралы келісімнің жобасы (жүктеу).

АҒҚТ және КҒҚТ гранттық бағдарламасы бойынша іріктелген конкурс жеңімпаздарының тізімі:

Тізім нөмірі Өтінім берушінің аты-жөні Экологиялық санат
1 APP-SSG-17/0280F Қалтаев А.Ж. B-
2 APP-JRG-17/0332F Қарабеков Д.А. B-
3 APP-SSG- 17/0236P Әбуғалиев К.Р. B-
4 APP-JRG-17/0111F Мырзаханов М.М. B-
5 APP-SSG- 17/0057P Мукатова И.Ю. B-
6 APP-SSG-17/0173F Еренова Б.Е. B-
7 APP-JRG-17/0293F Жакупов Е.Ж. B+
8 APP-SSG-17/0071F Кенжин Б.М. B+
9 APP-SSG-17/0334F Каримов Б.К. B+
10 APP-JRG-17/0393F Оразбекұлы Е.О. B+
11 APP-JRG-17/0141F Фоменко М.В. B+
12 APP-SSG-17/0290F Арынғазин К.Ш. B+
13 APP-SSG-17/0206F Вернигор А.В. B+
14 APP-SSG-17/0319F Утелбаев Б.Т. B+
15 APP-SSG-17/0422F Кеңбеилова С.Ж. B+
16 APP-SSG-17/0044F Доненов Б.К. B+
17 APP-JRG-17/0160F Зәкірұлы О. B+
18 APP-SSG-17/0028F Лысенко В.С. B+
19 APP-JRG-17/0448F Асилбеков Б.К. C
20 APP-SSG- 17/0323P Габдрешов Г.Е. C
21 APP-JRG-17/0292F Қожагулов Е.Т. C

 

Байланыс телефоны: 8 (7172) 23-90-64, 8 (7172) 23-90-66.


16 маусым 2017 жыл

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде ҒКХК мүшелерінің Аға ғылыми қызметкерлер топтары (әрі қарай - АҒҚТ) мен Кіші ғылыми қызметкерлер топтарының (әрі қарай - КҒҚТ) толық ұсыныстарын бағалау нәтижелері туралы хабарлайды.

АҒҚТ және КҒҚТ арналған гранттық бағдарлама бойынша конкурстың соңғы сатысына өткен жобалардың қысқа тізімі және ҒКХК мүшелері алдында қорғау үшін презентациялар кестесі төменде берілген.

Конкурстың соңғы сатысына өткен барлық жобаларға экологиялық санат бойынша бағалау, қайта қаржыландыру және плагиат бойынша талдау жүргізілетін болады.

Дүниежүзілік Банктің ережелеріне сәйкес, экологиялық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін барлық кіші жобаларға экологиялық бағалау жүргізіліп, экологиялық санат берілуі тиіс. Табиғат қорғау Іс-шараларының Негіздемелік Жоспарына (ТҚІНЖ) сәйкес, «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының шеңберінде «В» және «С» санаттарындағы кіші жобалар ғана қаржыландырылады. «А» санатындағы кіші жобалар қаржыландырылмайды.

Жобалардың қысқа тізімі: 

Тізім нөмірі Өтінім берушінің аты-жөні
1 APP-SSG-17/0350F Мыңбаев  М.Т.
2 APP-SSG-17/0380F Оспанқұлова Г.Х.
3 APP-JRG-17/0298F Джампеисов Д.К.
4 APP-JRG-17/0293F Жакупов Е.Ж.
5 APP-SSG-17/0171F Жумағалиева Ш.Н.
6 APP-SSG-17/0442F Утегулов Ж.Н.
7 APP-SSG-17/0057F Мукатова И.Ю.
8 APP-JRG-17/0329F Ханнанов Р.А.
9 APP-JRG-17/0090F Құдабаева С.Е.
10 APP-JRG-17/0141F Фоменко М.В.
11 APP-SSG-17/0008F Таймасов Б.
12 APP-SSG-17/0240F Садыкбек Т.А.
13 APP-SSG-17/0242F Есенбаев Ж.А.
14 APP-JRG-17/0400F Иманқұлов Т.С.
15 APP-SSG-17/0015F Арынов К.Т.
16 APP-SSG-17/0370F Таткеева Г.Г.
17 APP-SSG-17/0044F Доненов Б.К.
18 APP-SSG-17/0241F Бекмағамбетов М.М.
19 APP-JRG-17/0351F Жакупов Б.М.
20 APP-SSG-17/0323F Габдрешов Г.Е.
21 APP-JRG-17/0332F Қарабеков Д.А.
22 APP-SSG-17/0028F Лысенко В.С.
23 APP-SSG-17/0017F Кошумбаев М.Б.
24 APP-SSG-17/0071F Кенжин Б.М.
25 APP-SSG-17/0334F Каримов Б.К.
26 APP-SSG-17/0213F Ходжибергенов Д.Т.
27 APP-SSG-17/0345F Карманов Т.Д.
28 APP-JRG-17/0448F Асилбеков Б.К.
29 APP-SSG-17/0236F Әбуғалиев К.Р.
30 APP-JRG-17/0160F Зәкірұлы О.
31 APP-JRG-17/0045F Әубәкіров С.С.
32 APP-SSG-17/0353F Истекова С.А.
33 APP-SSG-17/0428F Надиров Р.К.
34 APP-SSG-17/0319F Утелбаев Б.Т.
35 APP-SSG-17/0173F Еренова Б.Е.
36 APP-SSG-17/0022F Квасов А.И.
37 APP-SSG-17/0433F Ақжалова А.Ж.
38 APP-SSG-17/0099F Красиков С.А.
39 APP-SSG-17/0280F Қалтаев А.Ж.
40 APP-SSG-17/0005F Шоқанов А.К.
41 APP-JRG-17/0111F Мырзаханов М.М.
42 APP-SSG-17/0206F Вернигор А.В.
43 APP-SSG-17/0324F Әбдиев К.Ж.
44 APP-JRG- 17/0185F Айтпаев К.А.
45 APP-JRG-17/0438F Айдаров К.А.
46 APP-JRG-17/0393F Оразбекұлы Е.О.
47 APP-JRG-17/0211F Тоқмолдин Н.С.
48 APP-SSG-17/0290F Арынғазин К.Ш.
49 APP-JRG-17/0292F Қожагулов Е.Т.
50 APP-SSG-17/0422F Кеңбеилова С.Ж.
51 APP-SSG-17/0384F Ирмухаметова Г.С.
52 APP-SSG-17/0342F Мусина И.Б.
53 APP-JRG-17/0379F Жунусов А.К.
54 APP-JRG-17/0180F Керімқұлов Ж.С.
55 APP-JRG-17/0203F Тургумбаева А.А.
56 APP-SSG-17/0330F Ілгекбаева Г.Д.

 

Презентациялар кестесі:

Топтың нөмірі Өтінім берушінің аты-жөні Уақыты
18 маусым 2017 жыл (жексенбі)
ҒКХК мен ЖБТ отырысы 9:00-10:30
1 APP-JRG-17/0329F Ханнанов Р.А. 10:30-11:00
2 APP-SSG-17/0442F Өтеғұлов Ж.Н. 11:00-11:30
3 APP-SSG-17/0057F Мукатова И.Ю. 11:30-12:00
4 APP-JRG-17/0090F Құдабаева  С.Е. 12:00-12:30
5 APP-JRG-17/0351F Жакупов Б.М. 12:30-13:00
түскі ас 13:00-14:30
6 APP-SSG-17/0323F Габдрешов Г.Е. 14:30-15:00
7 APP-SSG-17/0236F Әбуғалиев К.Р. 15:00-15:30
8 APP-JRG-17/0185F Айтпаев К.А. 15:30-16:00
үзіліс/кофебрейк 16:00-16:30
9 APP-SSG-17/0350F Мынбаев  М.Т. 16:30-17:00
10 APP-JRG-17/0180F Керімқұлов Ж.С. 17:00-17:30
11 APP-JRG-17/0298F Джампеисов Д.К. 17:30-18:00
19 маусым 2017 жыл (дүйсенбі)
1 APP-JRG-17/0293F Жакупов Е.Ж. 9:00-9:30
2 APP-SSG-17/0380F Оспанқұлова Г.Х. 9:30-10:00
3 APP-JRG-17/0141F Фоменко М.В. 10:00-10:30
үзіліс/кофебрейк 10:30-11:00
4 APP-JRG-17/0379F Жунусов А.К. 11:00-11:30
5 APP-SSG-17/0334F Каримов  Б.К. 11:30-12:00
6 APP-SSG-17/0370F Таткеева Г.Г. 12:00-12:30
7 APP-SSG-17/0071F Кенжин Б.М. 12:30-13:00
түскі ас 13:00-14:30
8 APP-SSG-17/0290F Арынғазин К.Ш. 14:30-15:00
9 APP-SSG-17/0171F Жумағалиева Ш.Н. 15:00-15:30
10 APP-SSG-17/0240F Садыкбек Т.А. 15:30-16:00
үзіліс/кофебрейк 16:00-16:30
11 APP-JRG-17/0400F Иманқұлов Т.С. 16:30-17:00
12 APP-SSG-17/0044F Доненов Б.К. 17:00-17:30
13 APP-SSG-17/0241F Бекмағамбетов М.М. 17:30-18:00
20 маусым 2017 жыл (сейсенбі)
1 APP-JRG-17/0332F Қарабеков Д.А. 9:00-9:30
2 APP-SSG-17/0028F Лысенко В.С. 9:30-10:00
3 APP-JRG-17/0045F Әубакіров С.С. 10:00-10:30
үзіліс/кофебрейк 10:30-11:00
4 APP-SSG-17/0353F Истекова С.А. 11:00-11:30
5 APP-SSG-17/0319F Утелбаев  Б.Т. 11:30-12:00
6 APP-SSG-17/0173F Еренова Б.Е. 12:00-12:30
7 APP-SSG-17/0433F Ақжалова А.Ж. 12:30-13:00
түскі ас 13:00-14:30
8 APP-JRG-17/0111F Мырзаханов М.М. 14:30-15:00
9 APP-SSG-17/0206F Вернигор А.В. 15:00-15:30
10 APP-SSG-17/0324F Әбдиев К.Ж. 15:30-16:00
үзіліс/кофебрейк 16:00-16:30
11 APP-JRG-17/0292F Қожагулов  Е.Т. 16:30-17:00
12 APP-JRG-17/0438F Айдаров К.А. 17:00-17:30
13 APP-JRG-17/0203F Тургумбаева А.А. 17:30-18:00
21 маусым 2017 жыл (сәрсенбі)
1 APP-SSG-17/0330F Ильгекбаева Г.Д. 9:00-9:30
2 APP-JRG-17/0448F Асилбеков Б.К. 9:30-10:00
3 APP-JRG-17/0160F Закирұлы О. 10:00-10:30
үзіліс/кофебрейк 10:30-11:00
4 APP-SSG-17/0005F Шоканов  А.К. 11:00-11:30
5 APP-SSG-17/0213F Ходжибергенов  Д.Т. 11:30-12:00
6 APP-SSG-17/0422F Кеңбеилова С.Ж. 12:00-12:30
7 APP-JRG-17/0393F Оразбекулы Е.О. 12:30-13:00
түскі ас 13:00-14:30
8 APP-SSG-17/0022F Квасов А.И. 14:30-15:00
9 APP-SSG-17/0017F Кошумбаев М.Б. 15:00-15:30
10 APP-JRG-17/0211F Тоқмолдин Н.С. 15:30-16:00
үзіліс/кофебрейк 16:00-16:30
11 APP-SSG-17/0242F Есенбаев Ж.А. 16:30-17:00
12 APP-SSG-17/0015F Арынов  К.Т. 17:00-17:30
13 APP-SSG-17/0099F Красиков С.А. 17:30-18:00
22 маусым 2017 жыл (бейсенбі)
1 APP-SSG-17/0008F Таймасов Б. 9:00-9:30
2 APP-SSG-17/0280F Қалтаев А.Ж. 9:30-10:00
3 APP-SSG-17/0345F Карманов Т.Д. 10:00-10:30
үзіліс/кофебрейк 10:30-11:00
4 APP-SSG-17/0428F Надиров Р.К. 11:00-11:30
5 APP-SSG-17/0384F Ирмухаметова Г.С. 11:30-12:00
6 APP-SSG-17/0342F Мусина И.Б. 12:00-12:30

 

Ғылым және коммерцияландыру жөнінде халықаралық кеңестің алдында презентация өткізу үшін қысқа тізімге енген өтінім берушілердің назарына!

"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын басқару тобы (әрі қарай - ЖБТ) Ғылым және коммерцияландыру жөнінде халықаралық кеңестің (әрі қарай - ҒКХК) алдында жобаларыңыздың презентациясы 2017 жылдың 18-22 маусым аралығында келесі мекенжай бойынша ЖБТ-ның кеңсесінде өтетінін хабарлайды: Астана қ., Тәуелсіздік көшесі 41, 5 қабат, конференц-зал.

Қатысушылардың жобалар презентацияларының кестесінде көрсетілген уақыттан 30 минут бұрын ЖБТ-ның кеңсесіне келуін сұраймыз.

Презентациялар кестесіне сәйкес, әрбір жобаға 30 минут беріледі, оның ішінде: 10 минут – жоба жетекшісінің баяндамасы үшін, 10 минут – жоба бойынша сұрақ-жауап үшін и 10 минут - өтінім берушілердің қатысуынсыз  ҒКХК мүшелерінің өзара талқылауы үшін.

ҒКХК мүшелері үшін презентация ағылшын тілінде жүргізіледі, егер жоба жетекшісі ағылшын тілін білмейтін болса, ол ағылшын тілін білетін топ мүшесіне немесе сырттай аудармашыға жүгіне алады. Презентацияға өтінім берушінің тобынан максимум 3 адам ғана қатыса алады.

Презентация үшін:

  • слайдтардың ағылшын тіліндегі 9 қағаз нұсқасын;
  • слайдтардың орыс тіліндегі 2 қағаз нұсқасын;
  • PowerPoint форматында слайдтардың ағылшын және орыс тілдеріндегі электрондық нұсқасын (вирустарсыз және зиянды бағдарламаларсыз) әкелуіңіз қажет.

 

Байланыс телефоны: 8 (7172) 23-90-64, 8 (7172) 23-90-66, техникалық сұрақтар бойынша телефон: 8 (775) 3032813.


Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Аға ғылыми қызметкерлер топтары (АҒҚТ) мен кіші ғылыми қызметкерлер топтарына (КҒҚТ) арналған грант бағдарламасы бойынша конкурстың алдын ала қорытындылары туралы хабарлайды.

Ғылыми-зерттеу әзірлемелерін коммерцияландыру бойынша АҒҚТ мен КҒҚТ арналған грант бағдарламасы бойынша конкурстың екінші сатысына өткен кіші жобалардың тізімі төменде берілген..

Конкурстың екінші сатысына өткен барлық өтінім берушілерден Порталға http://portal.fpip.kz  өтіп, толық ұсыныс нысанын толтыруларын сұраймыз. Толық ұсыныстарды қабылдау 2017 жыл 2 маусым Астана уақытымен сағат 18.00-де аяқталады.

Өтінім нөмірі Жетекшінің аты-жөні
1 APP-SSG-17/0380P Оспанкұлова Г.Х.
2 APP-SSG-17/0069P Ибрашева Р.Х.
3 APP-SSG-17/0099P Красиков С.А.
4 APP-SSG-17/0280P Қалтаев А.Ж.
5 APP-SSG-17/0140P Оспанбаев Ж.
6 APP-SSG-17/0173P Еренова Б.Е.
7 APP-SSG-17/0071P Кенжин Б.М.
8 APP-SSG-17/0242P Есенбаев Ж.А.
9 APP-JRG-17/0400P Иманкұлов Т.С.
10 APP-SSG-17/0241P Бекмағамбетов М.М.
11 APP-SSG-17/0005P Шоқанов  А.К.
12 APP-SSG-17/0442P Утегулов Ж.Н.
13 APP-SSG-17/0015P Арынов  К.Т.
14 APP-SSG-17/0044P Доненов Б.К.
15 APP-JRG-17/0090P Құдабаева  С.Е.
16 APP-SSG-17/0376P Нұрсеиітов Д.Б.
17 APP-SSG-17/0290P Арынғазин К.Ш.
18 APP-JRG-17/0448P Асылбеков Б.К.
19 APP-JRG-17/0141P Фоменко М.В.
20 APP-SSG-17/0433P Акжалова А.Ж.
21 APP-JRG-17/0332P Қарабеков Д.А.
22 APP-SSG-17/0428P Надиров Р.К.
23 APP-JRG-17/0293P Жакупов Е.Ж.
24 APP-JRG-17/0351P Жакупов Б.М.
25 APP-SSG-17/0323P Габдрешов Г.Е.
26 APP-SSG-17/0422P Кенбеилова  С.Ж.
27 APP-SSG-17/0326P Кетегенов  Т.А.
28 APP-JRG-17/0045P Әубәкіров С.С.
29 APP-SSG-17/0334P Кәрімов  Б.К.
30 APP-SSG-17/0353P Истекова С.А.
31 APP-SSG-17/0022P Квасов А.И.
32 APP-SSG-17/0171P Жұмағалиева Ш.Н.
33 APP-SSG-17/0324P Әбдиев К.Ж.
34 APP-JRG-17/0111P Мырзаханов М.М.
35 APP-JRG-17/0386P Аппазов Н.О.
36 APP-JRG-17/0393P Оразбекұлы Е.О.
37 APP-SSG-17/0240P Садықбек Т.А.
38 APP-SSG-17/0270P Исова А.Т.
39 APP-SSG-17/0370P Таткеева Г.Г.
40 APP-JRG-17/0160P Закирұлы О.
41 APP-JRG-17/0180P Керімқұлов Ж.С.
42 APP-SSG-17/0330P Ильгекбаева Г.Д.
43 APP-SSG-17/0345P Карманов Т.Д.
44 APP-SSG-17/0162P Кененбаев С.Б.
45 APP-JRG-17/0211P Токмолдин Н.С.
46 APP-JRG-17/0298P Джампеисов Д.К.
47 APP-JRG-17/0185P Айтпаев К.А.
48 APP-SSG-17/0008P Таймасов Б.
49 APP-JRG-17/0329P Ханнанов Р.А.
50 APP-SSG-17/0017P Кошумбаев М.Б.
51 APP-JRG-17/0169P Маусымбаева А.Д.
52 APP-SSG-17/0197P Шоманова Ж.К.
53 APP-SSG-17/0435P Бекбауов Б.Е.
54 APP-SSG-17/0236P Абуғалиев К.Р.
55 APP-SSG-17/0394P Смагұлов Д.У.
56 APP-JRG-17/0105P Дәрібаев Т.А.
57 APP-JRG-17/0052P Дмитриев  Т.П.
58 APP-SSG-17/0363P Тұрысбекова Г.С.
59 APP-SSG-17/0319P Утелбаев Б.Т.
60 APP-JRG-17/0292P Қожагулов  Е.Т.
61 APP-JRG-17/0438P Айдаров К.А.
62 APP-SSG-17/0053P Бакиров Р.Б.
63 APP-SSG-17/0028P Лысенко В.С.
64 APP-SSG-17/0059P Буркеев М.Ж.
65 APP-SSG-17/0003P Қасенов А.К.
66 APP-SSG-17/0336P Мұстафаев Ж.С.
67 APP-SSG-17/0416P Нұрбекова Ж.К.
68 APP-SSG-17/0342P Мусина И.Б.
69 APP-SSG-17/0373P Қазыбаева С.Ж.
70 APP-SSG-17/0314P Ефремов С.А.
71 APP-SSG-17/0057P Мукатова И.Ю.
72 APP-SSG-17/0032P Жапбасбаев У.К.
73 APP-SSG-17/0142P Урозалиев Р.А.
74 APP-SSG-17/0206P Вернигор А.В.
75 APP-JRG-17/0421P Кожирбаев Ж.М.
76 APP-SSG-17/0108P Бодыков  Д.У.
77 APP-SSG-17/0166P Мұсабеков А.А.
78 APP-JRG-17/0139P Кульгильдинов Б.М.
79 APP-JRG-17/0347P Кунцевич В.В.
80 APP-SSG-17/0216P Сванбаев Е.А.
81 APP-SSG-17/0233P Оспанова Ф.Е.
82 APP-JRG-17/0343P Баймағамбетов  А.Б.
83 APP-SSG-17/0027P Клецель М.Я.
84 APP-JRG-17/0250P Абдуллаев А.И.
85 APP-SSG-17/0234P Булатова К.М.
86 APP-SSG-17/0088P Баязитова К.Н.
87 APP-SSG-17/0174P Али А.М.
88 APP-SSG-17/0392P Олейченко  С.Н.
89 APP-SSG-17/0384P Ирмухаметова Г.С.
90 APP-JRG-17/0203P Тұрғұмбаева А.А.
91 APP-JRG-17/0379P Жунусов А.К.
92 APP-SSG-17/0225P Комбаров М.Н.
93 APP-JRG-17/0382P Куанчалеев Ж.Б.
94 APP-SSG-17/0228P Паржанов Ж.А.
95 APP-JRG-17/0426P Алиханов К.Д.
96 APP-SSG-17/0046P Ташменов Р.С.
97 APP-SSG-17/0081P Абсатиров Г.Г.
98 APP-SSG-17/0143P Ахметова Г.Д.
99 APP-SSG-17/0440P Маншарипова А.Т.
100 APP-SSG-17/0303P Монтаев С.А.
101 APP-SSG-17/0123P Нурумгалиев А.Х.
102 APP-SSG-17/0295P Аскаров Е.С.
103 APP-SSG-17/0061P Ахметкалиев Р.Б.
104 APP-SSG-17/0350P Мынбаев  М.Т.
105 APP-JRG-17/0103P Ережинов Н.К.
106 APP-SSG-17/0177P Түлеуханов  С.Т.
107 APP-JRG-17/0254P Алиева З.А.
108 APP-SSG-17/0213P Ходжибергенов  Д.Т.
109 APP-SSG-17/0447P Мұсабаев Т.Т.
110 APP-SSG-17/0186P Жүкешов А.М.
111 APP-JRG-17/0070P Байсагов  Я.Ж.
112 APP-SSG-17/0109P Уалиев Г.У.
113 APP-SSG-17/0024P Құдайбергенов  С.Е.
114 APP-JRG-17/0309P Қожахмет К.Т.
115 APP-SSG-17/0431P Қызыров К.Б.
116 APP-JRG-17/0116P Байматова  Н.Х.
117 APP-SSG-17/0255P Темірбеков Е.С.
118 APP-SSG-17/0011P Рогов Е.И.
119 APP-JRG-17/0219P Алтаев С.А.
120 APP-SSG-17/0429P Алдияров А.У.
121 APP-JRG-17/0425P Тілеуберген И.М.

 *Сарапшылардың пікірлерін тиісті бөлімдегі жеке кабинеттен таба аласыз.

2017 жылғы алдын ала ұсыныстар статистикасын жүктеу

2016 жылы АҒҚТ және КҒҚТ гранттық бағдарламасы бойынша іріктелген конкурс жеңімпаздарының тізімі

Қаржыландырылмайтын қызмет түрлері

Экологиялық кодексі

Санитариялық қағидалары 20.03.2015 №237

жүктеу

жүктеу

жүктеу

АҒҚТ және КҒҚТ ГБ Нұсқаулық

жүктеу

Назар аударыңыз! Өтінімді порталда on-line толтыру қажет portal.fpip.kz

Презентацияны жүктеу

Презентацияны дайындау бойынша кеңестерді жүктеу

 

Гранттық бағдарламаның мақсаты

«Инновациялар бойынша білім базасын дамыту» 1-бөлік шеңберінде Аға ғылыми қызметкерлер топтары (бұдан әрі - АҒҚТ) және кіші ғылыми қызметкерлер топтарына (бұдан әрі - КҒҚТ) арналған гранттық бағдарлама жүзеге асырылатын болады.

АҒҚТ және КҒҚТ арналған гранттық бағдарламаның мақсаты – Қазақстан Республикасында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет жүргізетін дербес ғалымдар топтары және ғылыми-зерттеу институттарында, университеттерде және басқа да мекемелердегі ғылыми қызметкерлер топтары жүргізетін Ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық қызмет нәтижелерін (ҒЗТКҚ) коммерцияландыруда қазақстандық ғалымдарға қолдау көрсету болып табылады. Бағдарлама отандық ғалымдардың 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттары бойынша ғылыми әзірлемелерін ынталандыруға бағытталған.

АҒҚТ және КҒҚТ ҮШІН ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде Аға ғылыми қызметкерлер тобы (АҒҚТ) және Кіші ғылыми қызметкерлер тобы (КҒҚТ) үшін грантттар бағдарламасы бойынша ғылыми- зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыруға арналған конкурс жариялайды. Бағдарламаның мақсаты технологиялық инновацияларды коммерцияландыруға қолдау көрсету болып табылады. Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру дегеніміз пайда алу мақсатында жаңа немесе жетілдірілген тауарлар, процестер мен қызметтерді нарыққа шығару арқылы зияткерлік меншік нәтижелерін қоса алғанда, ҒЗТКҚ іс жүзінде пайдаланумен байланысты қызмет. 

Бұл Гранттық қаржыландыру жөнінде хабарландырудың мақсаты - келешегі бар технологиялар және ҮЛКЕН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТКЕ ие ғылыми-техникалық зерттеулері бар жеке тұлғаларды және ғалымдар тобын конкурсқа шақыру. Технологияның нарыққа шығу әзірлігіне, бизнес әріптесінің/инвесторының және/немесе технологияға тапсырыс берушісінің болуына басымдылық беріледі.

Халықаралық серіктестік Қазақстандағы ҒЗТКЖ-нің сапасы мен өзектілігін арттыру үшін маңызды фактор болып табылады. Сондықтан, конкурсқа гранттық бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін халықаралық топтар қатыса алады.

Іріктеуді Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі кеңес мүшелері екі сатылы іріктеу кезеңі арқылы жүргізеді. Іріктеу процесі жайлы толық ақпаратты АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықтан таба аласыз.

Гранттық бағдарламалар аясында технологияны коммерцияландыруды іске асыру мерзімі 3 (үш) жылдан аспауы тиіс. Топтың штатындағы қызметкерлер саны 7 адамнан аспауы қажет, кіші жоба басшысын қоса алғанда оның құрамының 50%-ы Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс.  

Гранттың көлемі АҒҚТ үшін 230 млн. теңгеден, КҒҚТ үшін 180 млн. теңгеден аспауы тиіс. Жобаның соңғы нәтижесі сатылымға шығу, жеке меншік сектор инвестициялары және/немесе лицензиялық келісімдер жасасу арқылы 3-ші жылдың соңына қарай компанияны өзін-өзі қамтамасыз етуге жеткізу.   

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер 2017 жылғы 1 наурыз 9.00-ден бастап қабылданады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2017 жылғы 7 сәуірге дейін Астана уақытымен 18.00-де аяқталады. Конкурстың шарттары мен талаптары АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықта көрсетілген. Нұсқаулықты  www.fpip.kz сайтының АҒҚТ және КҒҚТ үшін грантттар бөлімінен жүктеп алуға болады. 

Үміткерлер АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықпен мұқият танысып, көрсетілген барлық талаптарды орындауы тиіс. Барлық өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілінде электронды түрде  www.fpip.kz интернет порталы арқылы жіберілуі тиіс. Жобаларға сараптама ағылшын тілінде жүргізілетіндіктен, өтінімдердің ағылшын тіліндегі нұсқасы негізгі құжат болып есептелінеді. Қатысу бойынша барлық талаптарды (Хабарландырудағы, сондай ақ АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықтағы) орындау қатаң талап етіледі. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбайды.

АҒҚТ және КҒҚТ үшін грантттар бағдарламасы бойынша толық ақпаратты Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық мекен-жайына хат жазу немесе 8 775 303 28 13, 8 775 303 28 51, 8 771 817 34 93 байланыс телефондарына хабарласу арқылы ала аласыз.

Кім қатыса алады?

Гранттық бағдарламада құрамында технологияны коммерцияландыру бойынша маман және инженер/технолог бар көп дегенде адамнан тұратын ғалымдар топтары қатыса алады. Грант жеңіп алған жағдайда грантты жүзеге асыру және ҒҒТҚН коммерцияландырудан табыс алу үшін Жауапкершілігі шектеулі серіктестік түріндегі заңды тұлға құруы қажет.


Жобаларды кім іріктейді?

АҒҚТ және КҒҚТ-на гранттар конкурс негізінде құрамы ғылым мен бизнес саласындағы 7 халықаралық және 2 сарапшыдан құралған Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес (ҒКХК) арқылы тәуелсіз сарап негізінде беріледі.

Үздік идеялар және ұсыныстарды анықтау үшін екі сатылық іріктеу жүргізіледі. Бірінші сатыда қысқа (алдын-ала ұсыныстар) қабылданады. Оларды ҒКХК-тің мүшелері бағалаған соң, бірінші сатыдан өткен өтінім берушілер жоспарланған іс-шаралары, шығындары және күтілетін нәтижелері толықтай негізделген толық ұсыныстарын әзірлейді.


Конкурсқа қалай қатысуға болады
?

Өтінімдерді қабылдаудың, оларды бағалау және мониторингтеудің бірегей жүйесін қамтамасыз ету мақсатында өтінімдерді қабылдау арнайы әзірленген portal.fpip.kz Порталы арқылы жүргізілетін болады.

АҒҚТ және КҒҚТ арналған гранттық бағдарлама және конкурс шарттары туралы толығырақ ақпаратты АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықтан таба аласыз. Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптармен танысуыңызды сұраймыз.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы жөнінде хабарламалар Бұқаралық ақпарат құралдарында, ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Жобаның сайтында жарияланатын болады.

Барлық ғылыми ұйымдарды және ғалымдарды АҒҚТ және КҒҚТ Бағдарламасы бойынша гранттар алуға белсене қатысуға шақырамыз!

Жиі қойылатын сұрақтар

1. АҒҚТ/КҒҚТ гранттық бағдарламасының мақсаты?

АҒҚТ/КҒҚТ гранттық бағдарламасының  мақсаты перспективалық ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруда қазақстандық ғалымдар мен бизнесмендерге қолдау көрсету.

2. Гранттар қандай қағида бойынша беріледі?

Гранттар "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықта берілген талаптарға және шарттарға сәйкес конкурстық негізде беріледі.

3. Грант конкурсына кім қатыса алады?

АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурста  жеке тұлғалар - ғалымдар, инженерлер және бизнес өкілдері қатысады.

4. Шетел азаматтары грант конкурсына қатыса алады ма?

Жоба жетекшісі Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Топтың құрамының кем дегенде 50%-ы Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралуы тиіс. Шетел азаматтарында жобаны жүзеге асыру уақытында резиденттік сертификаттары болуы және олар ҚР территориясында тұруы қажет.  Сонымен қатар, шетел азаматтары немесе компаниялары қазақстандық үміткерлермен бірлесе инвестор немесе технологияға тапсырыс беруші ретінде қатыса алады.

5. АҒҚТ-ның КҒҚТ-нан айырмашылығы неде?

АҒҚТ-ның жетекшісі Ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD дәрежесі, халықаралық журналдарда жарияланымдары бар басым ғылыми бағыттардың бірінде танымал ғалым болуы тиіс.

КҒҚТ-ның жетекшісі ғылым кандидаты немесе PhD, магистр дәрежесі бар немесе жоғары білімді, жасы 35-тен аспаған, кем дегенде 3 жыл тәжірибесі бар басым ғылыми бағыттардың бірінде танымал ғалым болуы тиіс.

6. Гранттың ең жоғарғы сомасы қандай?

АҒҚТ және КҒҚТ грантттарының ең жоғарғы сомасы атқарылған жұмыс көлемі және кіші жобаның шығындарының негізділігіне қарай 230 млн. және 180 млн. теңгені құрайды.

7. Кіші жобаны іске асырудың максималды мерзімі қандай?

Кіші жобаны іске асыру мерзімі 3 жылдан аспауға тиіс.

8. Топтың құрамына қойылатын талаптар қандай?

Топтың құрамына міндетті түрде төмендегі мамандар кіруі қажет: коммерцияландыру бойынша маман және инженер/технолог. Топтың құрамы 7 адамнан аспауы тиіс.

9. Ұсыныстарды қай тілде толтыру қажет?

Өтінімдерді ағылшын, мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жіберу керек. Ағылшын тіліндегі өтінім негізгі деп есептелінеді.

10. Бюджетті әзірлеуде қандай валютаны пайдалану қажет?

Берілетін өтінімнің бюджеті ұлттық валюта - теңгеде жүргізіледі.

11. АҒҚТ және КҒҚТ гранттарына өтінімді қалай жіберуге болады?

Алдын ала және толық ұсыныстарды ұсыну "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының www.fpip.kz Порталы арқылы жүзеге асырылады.

12. Толтырылатын ақпарат тұрғысынан шектеулер бар ма?

Порталда толтырылатын жолдар көлемінде шектеулер бар. Суреттердің, графиктердің және суреттердің скандалған көшірмелері жеке файл түрінде тіркеледі.

13. Бұл гранттық бағдарлама бойынша қандай жобалар қаржыландырылмайды?

1. Басқа гранттық бағдарламалар шеңберінде орындалған жобалар;

2. Темекі, алкоголь өнімдерін шығару және/немесе сату, құрал-жарақ және оқ-дәріге, ойын бизнесі және екі мақсатты тауарларға қатысты жобалар.

3. "А" экологиялық санатына жататын жобалар.

14. Кіші жобаның қоса қаржыландыруы бар екені қалай расталады?

Өтінім беруші немесе оның серіктесі тарапынан ақша түрінде қоса қаржыландыру бар болған жағдайда ақшалай қаражаттың бар екенін растайтын құжаттар немесе Өтінім берушінің грантты жеңіп алу жағдайында серіктестің қоса қаржыландыру сомасын төлеуге дайын екені туралы кепілдік хат көрсетілуі қажет.

Грант туралы келiсiмге қол қоюдан бұрын Өтінім беруші алдында жарияланған қоса қаржыландыру көлемінің болуын растау керек. Бұл үшін Өтінім беруші заңды тұлғаны құрғаннан соң, жеке есептеу шотын ашады. Бұл шотта кіші жоба бойынша қоса қаржыландыру қаражаттары толықтай шоғырландырылатын болады. Есептеу шотына өтінім берушінің жеке қаражаты немесе қоса қаржыландыру қаражаты салынады. Қоса қаржыландыру қаражаты серіктес тарапынан төленетін болса, жаңадан құрылған заңды тұлға мен серіктес арасында қоса қаржыландыру сомасы көрсетілген серіктестік туралы келісім жасалынады. Бұл келісімнің нотариалдық түрде куәландырылған көшірмесі ЖБТ-ға өткізіледі.

Грант туралы келісімге қол қою уақытында Грант алушы есептеу шотында серіктестік туралы келісімде көрсетілген қоса қаржыландыру қаражатының бар екені туралы банк анықтамасының түпнұсқасын ұсынуы тиіс.

Жоғарыда аталған құжаттарды көрсетпеу Грант туралы келісімге қол қоюдан бас тартуға негіз болады. Қоса қаржыландыру қаражатын игеру Дүниежүзілік банктің ережелері мен рәсімдеріне сәйкес іске асырылуы тиіс.

 15. Технологияға тапсырыс беруші дегеніміз кім? Технологияға тапсырыс берушінің болуы міндетті шарт шарт па?

Технологияға тапсырыс беруші -  кіші жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жасалған білім, технологиялар, өнімдер, қызметтер және т.б. түрінде пайда алуға мүдделі жеке немесе заңды тұлға.

Жеке компаниялар, өндірістік мекемелер, мемлекеттік/квазимемлекеттік органдар, сондай-ақ, оларға бағынышты ұйымдар технологияға тапсырыс беруші бола алады. Технологияға тапсырыс берушінің болуы басымдық болып саналады, бірақ міндетті шарт емес.

16. Технологияға тапсырыс берушінің болуы қалай расталады?

Технологияға тапсырыс беруші болған жағдайда, Өтінім беруші конкурс кезінде Өтінім беруші мен Технологияға тапсырыс беруші арасындағы Серіктестік туралы меморандумның көшірмесін өткізуі қажет.

Грант туралы келісімге қол қоюдан бұрын, жаңадан құрылған заңды тұлға (Өтінім беруші) мен Технологияға тапсырыс беруші арасында Серіктестік туралы шарт жасалуы тиіс. Бұл Шартта Тапсырыс берушінің әзірленген технологияны болашақта ендіру және ілгері жылжыту, сондай ақ технологияның апробациясы үшін инфрақұрылымды қамтамасыз етудің нақты жағдайлары жазылады. Сонымен қатар, Тапсырыс беруші қоса қаржыландыру ретінде қаражат ұсына алады.

Бұл шарттың нотариалдық түрде куәландырылған көшірмесі ЖБТ-ға өткізіледі. Жоғарыда аталған Шарттың болмауы Келісімге қол қоюдан бас тарту үшін негіз болып табылады.

17. Қандай алдын-ала ұсыныстар басымдықтарға ие болады?

Конкурста төмендегідей сипаттамалары бар алдын ала ұсыныстарда басымдық болады:

1. өтінім берушінің немесе оның серіктесінің ақшалай қаражат түрінде қоса қаржыландырудың болуы;

2. зияткерлік меншік нысандарына қорғалған құқықтарының болуы (патентке өтінім, патент, лицензиялық келісім);

3. тәжірибелік үлгінің болуы;

4. сынақтар актінің/хаттамасының болуы;

5. өнеркәсіптік серіктес немесе клиенттің болуы;

6. тәжірибелі команданың болуы;

7. халықаралық серіктестің болуы.

18. Конкурстың нәтижелері туралы қайдан білуге болады?

Іріктеудің нәтижелері Жобаның сайтында жарияланатын болады. 

19. Кіші жобаны іске асыру үшін неліктен ЖШС түріндегі заңды тұлға құру қажет?

Жеке ЖШС құру мынаны қамтамасыз ету үшін қажет:

- құрылған немесе құрылатын зияткерлік меншік нысанына құқықтардың тазалығын;

- құрылған немесе құрылатын зияткерлік меншік нысандарына зияткерлік меншік құқықтарын бөлуді (ғылыми-зерттеу ұйымдары мен университеттер жаңадан құрылған ЖШС-не материалдық емес активтерімен кіруі мүмкін);

- грант және қоса қаржыландыру ақшалай қаражаттарының қозғалысының ашықтығын;

- кіші жүйені іске асыру жөнінде шешімнің тәуелсіздігін;

- бизнес-процестер мен өнімді нарыққа шығаруды;

- жеңілдетілген мониторинг пен бағалау қызметін.

20. Зияткерлік меншік құқықтарының тазалығы дегеніміз не?

Зияткерлік меншік құқықтарының тазалығы дегеніміз зияткерлік меншік нысандарын пайдалануда немесе құруда үшінші тұлғалардың айрықша құқықтарының бұзылуының болмауы.

Зияткерлік меншік құқықтарының тазалығын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік Өтінім берушіге жүктеледі. Бұл шарт бұзылған жағдайда гранттық қаражаттар толықтай қайтарылуы қажет.

21. Қосымша жобаны іске асырудан нені күтеміз?

Жобаның түпкі нәтижесі төмендегі сценарийлердің бірі болады:

- сатылымдарға қол жеткізу арқылы компанияны өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне жеткізу (гранттық қаржыландыру жабылғаннан кейін кем дегенде 12 айдан соң);

- ранттық қаржыландыру жабылғаннан кейін кем дегенде 12 ай бойы компанияға қаржылық қолдау беретін жеке меншік сектордан инвестициялар;

- минималды пайдасы жұмсалған гранттық қаражаттың қамтуды  максимум 10 жыл бойы қамтамасыз ететін лицензиялық шарттар жасау арқылы технологияларды сату;

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштердің біреуіне қол жеткізген жобалар табысты деп саналады.

Компанияларды қолдау үшін ай сайынғы сома компанияның операциялық қызметіне іс жүзінде жұмсайтын шығындар негізінде есептелетін болады.

22. Біздің сұрақ жобаларды қаржыландыру туралы: мысалы, АҒҚТ үшін ең жоғарғы қаржыландыру сомасы 230 млн. теңге болып табылады. Егер біздің жобамызда қоса қаржыландыру (20%) ұсынылатын жақ болса, онда жалпы 230 млн. теңге  беріледі ме немесе жобаның сомасын 20%-ға, яғни, 276 млн. теңгеге арттыруға болады ма?

АҒҚТ арналған гранттың максимум сомасы, қоса қаржыландыруды қоспағанда, 230 млн. теңгені құрайды.

23. Өтінімді толтыруда бізде бірнеше сұрақтар пайда болды:

1. Қаражаттарды игеруде белгілі бір шектеулер бар ма (мысалы - жабдықтар 40%-дан астам емес, жалақы 50%-дан астам емес)?

1. Қатаң шектеулер жоқ, бірақ шығындардың негізділігін ҒКХК қарастырады. Шығындар негізделмеген болса, жобаның жалпы сапасы жөнінде мәселе қарастырылатын болады.

2. Ақшалай қаражаттың қанша пайызын қоса қаржыландыруды ұсынатын ұйым енгізуі қажет?

2. Қоса қаржыландырудың көлемінде ешқандай шектеу жоқ. 

24. Қайырлы күн! Мынадай сұрағым бар.

Топтың құрамына кіреді:

1) бизнесте тәжірибесі бар коммерцияландыру бойынша маман;

2) кіші ғылыми қызметкер;

3) зерттеуші;

4) инженер/технолог.

Демек, бұл қызметкерлердің кем дегенде біреуі топтың құрамында болуы тиіс пе, әлде былай істеуге болады ма: Жоба жетекшісі және 6 инженер?

Топтың құрамында коммерцияландыру бойынша маман және инженер/технолог міндетті түрде болуы тиіс, қалған қызметкерлер топтың жетекшісінің қалауына қарай таңдалады.

25. ҒКХК сарапшыларын іріктеу бойынша конкурсына қатысуға өтінім жіберген адам АҒҚТ (немесе КҒҚТ) конкурсына кіші жобалар тобының құрамында бола алады ма? Басқаша айтқанда, екі конкурсқа бір адам қатыса алады ма (екінші конкурста - жетекші емес, команда мүшесі ретінде)?

ҒКХК сарапшыларын іріктеу бойынша конкурс АҒҚТ және КҒҚТ арналған гранттар конкурсынан бұрын өтеді. Егер бірінші конкурста жеңіске жетсе, екінші конкурсқа өтінім жіберуге болмайды. 

26. "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының тағы конкурсы болады ма? 

АҒҚТ және КҒҚТ арналған гранттар конкурсының 2-айналымы болады, бірақ конкурс мерзімі әлі бекітілмеген.   

27. АҒҚТ және КҒҚТ арналған гранттар бағдарламасы бойынша бір адам тек бір жобаға қатыса алады ма? Мен коммерцияландыру бойынша маманмын, бірқатар жобаларды жүргізудемін. Өтінімдерді беру сатысында бірнеше топтар құрамында қатыса аламын ба? Өйткені, өтінімдердің барлығы да конкурстан өте алмайды ғой. Ал коммерцияландыру бойынша мамандар тапшы.

Бір қызметкер бірнеше жобаға қатыса алмайды, бұл талап өтінімдер беру сатысына да қатысты.

28. АҒҚТ және КҒҚТ арналған гранттар бағдарламасы бойынша конкурс жөнінде: білім беру саласындағы IT-технологиялар, қосымшалар әзірлеу (мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды оқытудағы қосымша, тиімдірек технологиялар және ұялы телефондарға арналған қосымшалар) бойынша ұсыныстарды жіберуге болады ма? Бұл технологияларды, қосымшаларды ғылыми қызметкерлер де пайдалана алады. 

Иә, егер мұндай технологиялардың ғылыми негізі және оны сатып алуы мүмкін тұтынушылары болса.

29. ТМД елдерінде жасалған жарияланымдар халықаралық жарияланымдарға жатады ма?

Халықаралық журналдарға IF-Impact factor бар басылымдар жатады.

30. АҒҚТ және КҒҚТ гранттары туралы өте көп сұрақтар бар. Кеңес алу үшін телефондар бар ма?   

Гранттар бойынша менеджерлердің телефондарын www.fpip.kz сайтында fpip.kz/index.php/en/portal-en сілтемесі арқылы табуға болады.

31. Гранттарға арналған ұсыныстар туралы: Алдын ала ұсыныстардың ағылшын тіліндегі үлгісі бар ма? Менің түсінуім бойынша, ұсыныстарды екі тілде жіберу қажет (орыс және ағылшын тілдерінде немесе қазақ және ағылшын тілдерінде). Ағылшын тіліндегі нұсқасын жіберуіңізді сұраймын.

Өтінім онлайн режимде Порталда толтырылады.

32. Қайырлы күн. Мен интервенциялық рентгенолог дәрігермін, медицина саласындағы it-технологиялар бойынша жоба әзірлеудемін (өзектілігін ескере отырып), алдын ала ұсынысты беру туралы бірнеше сұрағым бар.

1. Қандай бағытты таңдағаным жөн? Медицина бойынша екі бағыт бар (денсаулық сақтау және медицина саласы).

2. Егер технологияға тапсырыс беруші болған жағдайда, серістестік туралы меморандум міндетті ме немесе технологияның денсаулықты сауқтау саласы үшін өзектілігі туралы хат жеткілікті ме?

3. 8-бөлімде Үстеме және басқа шығындар деген сілтеме бар (оларға не кіреді және оларды қалай есептейді)?

4. Гранттың жалпы сомасы және сұралған соманың айырмашылығы қандай?

5. Коммерцияландыру бойынша маманды тек ЖБТ тағайындайды ма? немесе кандидатураны өзім ұсына аламын ба?

1. Сіз тақырыбыңызға ең жақын басым бағытты таңдай аласыз.   

2. Тапсырыс берушінің болуы ниеттестік хат немесе меморандуммен расталады.  Бұл хатта немесе меморандумда көрсетілуі тиіс:

- жетекшінің аты-жөні;

- кіші жобаның атауы;

- технология мен өнімнің атауы.

Толығырақ ақпаратты ӨИЫЖ-ның АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықтан таба аласыз.

3.Бұл сұраққа жауапты www.fpip.kz сайтынан АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықтан таба аласыз.

4. Бұл сұраққа жауапты www.fpip.kz сайтынан АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықтың 8-бөлімінен таба аласыз.

5. Бұл сұраққа жауапты www.fpip.kz сайтынан АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықтың 12 және 15 тармақтарынан таба аласыз.

 

Showcases

Background Image

Header Color

:

Content Color

: