Гранттық бағдарламаның мақсаты

1-ші бөлік «Инновациялар үшін білім базасын дамыту» бағдарламасы аясында, сондай-ақ, Постдокторанттардың  (PhD)  зерттеулері мен тренингтерін қолдауға тағайындалатын гранттық бағдарлама жүзеге асырылатын болады. 

Бағдарламаның мақсаты - постдокторанттардың  (PhD)  зерттеулері мен тренингтерін қолдауға, постдокторантураның аспиранттарына және шетелдің алдыңғы қатарлы ЖОО-дағы зерттеушілерге, өндіріске енгізу мүмкіндігі бар маңызды техникалық бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу институттарына гранттар тағайындау арқылы Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттыру.


10 шілде 2019 жыл

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде "Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттар. А грант түрі" гранттық бағдарламасы  аясындағы  конкурстың жеңімпаздарын құттықтайды.

Гранттық бағдарлама бойынша конкурс жеңімпаздарының тізімі:

Өтінім №

Экологиялық санат

1

APP-PHD-A-19/005P

В-

2

APP-PHD-A-19/015P

С

3

APP-PHD-A-19/013P

В-

4

APP-PHD-A-19/008P

В-

5

APP-PHD-A-19/006P

В-

6

APP-PHD-A-19/004P

В-

7

APP-PHD-A-19/011P

В-

8

APP-PHD-A-19/007P

В-

Грант туралы келісім жасасу үшін 2019 жылдың 22 шілдеге дейін төмендегі құжаттарды өткізуіңізді сұраймыз:

а) өтінім берушінің құқықтық құжаттары (қолы қойылмаса жарғының5, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің, егер Грантқа туралы келісімге бірінші төрағадан басқа тұлға қол қоятын болса, бұйрық немесе қол қою құқығына сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі).

ә) грант алушының шоттарының бар екендігі және оның қоса қаржыландыру қаражатының есеп айырысу шотында Өтінімде көрсетілген көлемдегі қаражаттың бар екендігі туралы банктің анықтамасы. Егер өтінімде мерзім көрсетілмеген болса, қоса қаржыландыру қаражатын Грант туралы келісімге қол қоюдан бұрын жіберу қажет. Егер серіктес қаражатты транштармен беретін болса, нақты мерзімдер көрсетілген Инвестициялау шартын беру қажет.

б) Кандидаттың жеке куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі.

в) Кандидаттың білім туралы дипломының нотариалды расталған көшірмесі және олардың ағылшын тіліндегі нотариалды расталған аудармалары.

г) Үміткердің туу туралы және некесі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (қажет болған жағдайда).

д) тағылымдаманың барлық жағдайларын ескерілген Өтінім беруші мен үміткер арасындағы келісімшарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

е) жұмыс орнынан немесе оқу орнынан анықтама және олардың ағылшын тіліндегі нотариалды расталған аудармалары.


29 наурыз 2019

Құрметті өтінім берушілер,

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттық бағдарлама бойынша конкурстың мерзімі ұзарғанын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2019 жылдың 2 мамырға Астана уақытымен сағат 18.00-ге дейін ұзартылады.

Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты http://www.fpip.kz сайтында, Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық поштасы немесе + 7-7172-27-71-21 телефоны арқылы ала аласыз.


25 Желтоқсан 2018

Құрметті өтінім берушілер,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

«Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламаның мақсаты кадрларды дайындау, біліктілігін арттыру және қайта дайындау, сондай-ақ ортақ зерттеулерді жүргізу, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу саласындағы Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және инновациялық әлеуетін дамытуда жетекші әлемдік білім беру, ғылыми және өндірістік ұйымдардың әлеуетін пайдалану болып табылады.

Гранттық бағдарлама бойынша жобаларды іске асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспауы тиіс. Гранттың максималды мөлшері 17 млн. теңгені құрайды. Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 15 қаңтардан 01 сәуір аралығында Астана уақытымен сағат 18.00-де дейін жүргізіледі.

Конкурстың шарттары және талаптарымен «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары. А грант түрі» гранттық бағдарлама бойынша нұсқамадан толық таныса аласыздар, нұсқаманы www.fpip.kz сайтында «PhD» бөлімінде жүктеуге болады.

Үміткерлер «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары. А грант түрі» гранттық бағдарламасының нұсқамасында көрсетілген барлық талаптармен мұқият танысуы және орындауы тиіс. Барлық өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде электрондық нұсқада www.fpip.kz интернет порталы арқылы жіберілуі тиіс. Жобаларды сараптау ағылшын тілінде жүргізілетіндіктен, өтінімдердің ағылшын тіліндегі нұсқасы негізгі құжат болып есептелінеді. Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбайды және қарастырылмайтын болады. Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызмет түрлерімен мұқият танысып шығу қажет.

«Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламасы бойынша толық ақпаратты Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық поштасы немесе +7-7172-27-71-21 телефоны арқылы конкурстың координаторынан (Бектенов Данияр) ала аласыз.

"Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттар" нұсқамасын жүктеу


06 қараша 2018

Құрметті өтінім берушілер,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде "Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттар. А грант түрі" гранттық бағдарламасы  аясындағы  конкурстың жеңімпаздарын құттықтайды.

Гранттық бағдарлама бойынша конкурс жеңімпаздарының тізімі

Өтінім №

Экологиялық санат

1

APP-PHD-A-18/009P

С

2

APP-PHD-A-18/010P

С

3

APP-PHD-A-18/005P

С*

4

APP-PHD-A-18/020P

С

5

APP-PHD-A-18/018P

В-

6

APP-PHD-A-18/019P

В-

7

APP-PHD-A-18/003P

В-

8

APP-PHD-A-18/022P

С

9

APP-PHD-A-18/021P

В-

10

APP-PHD-A-18/017P

C

11

APP-PHD-A-18/013P

C

12

APP-PHD-A-18/012P

C

*зертханалық жануарларға тестілеу жүргізу кезінде жұмыстың қауіпсіздігі туралы хаттама ұсыну қажет

Грант туралы келісім жасасу үшін 2018 жылдың 20 қарашасына дейін төмендегі құжаттарды өткізуіңізді сұраймыз:

а) өтінім берушінің құқықтық құжаттары (қолы қойылмаса жарғының, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің, егер Грантқа туралы келісімге бірінші төрағадан басқа тұлға қол қоятын болса, бұйрық немесе қол қою құқығына сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі);

ә) грант алушының шоттарының бар екендігі және оның қоса қаржыландыру қаражатының есеп айырысу шотында Өтінімде көрсетілген көлемдегі қаражаттың бар екендігі туралы банктің анықтамасы. Егер өтінімде мерзім көрсетілмеген болса, қоса қаржыландыру қаражатын Грант туралы келісімге қол қоюдан бұрын жіберу қажет. Егер серіктес қаражатты транштармен беретін болса, нақты мерзімдер көрсетілген Инвестициялау шартын беру қажет;

б) Кандидаттың жеке куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі;

в) Кандидаттың білім туралы дипломының нотариалды расталған көшірмесі және олардың ағылшын тіліндегі нотариалды расталған аудармалары;

г) Үміткердің туу туралы және некесі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (қажет болған жағдайда);

д) тағылымдаманың барлық жағдайларын ескерілген Өтінім беруші мен үміткер арасындағы келісімшарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

е) жұмыс орнынан немесе оқу орнынан анықтама және олардың ағылшын тіліндегі нотариалды расталған аудармалары.


04 қыркүйек 2018

Құрметті өтінім берушілер,

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттық бағдарлама бойынша конкурстың мерзімі ұзарғанын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2018 жылдың 30 қыркүйегі Астана уақытымен сағат 18.00-ге дейін ұзартылады.

Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты http://www.fpip.kz сайтында, Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық поштасы немесе + 7-7172-27-71-21 телефоны арқылы ала аласыз.


07 тамыз 2018

Құрметті өтінім берушілер,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

«Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламаның мақсаты кадрларды дайындау, біліктілігін арттыру және қайта дайындау, сондай-ақ ортақ зерттеулерді жүргізу, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу саласындағы Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және инновациялық әлеуетін дамытуда жетекші әлемдік білім беру, ғылыми және өндірістік ұйымдардың әлеуетін пайдалану болып табылады.

Бұл гранттық бағдарлама бойынша жобаларды жүзеге асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспауы тиіс.

Гранттың максималды мөлшері 17 млн. теңгені құрайды.

Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2018 жыл 07 тамыздан  07 қыркүйек (*конкурс 30 қыркүйекке дейін ұзартылды) аралығында Астана уақытымен сағат 18.00-де дейін жүргізіледі.

Үміткерлер «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары. А грант түрі» гранттық бағдарламасының нұсқаулығында көрсетілген барлық талаптармен мұқият танысуы және орындауы тиіс. Барлық өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде электрондық нұсқада www.fpip.kz интернет порталы арқылы жіберілуі тиіс. Жобаларды сараптау ағылшын тілінде жүргізілетіндіктен, өтінімдердің ағылшын тіліндегі нұсқасы негізгі құжат болып есептелінеді. Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды. Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызмет түрлерімен мұқият танысып шығу қажет.

«Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламасы бойынша толық ақпаратты Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық поштасы немесе +7 7172 27 71 21 телефоны арқылы конкурстың координаторынан (Бектенов Данияр) ала аласыз.

"Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттар" нұсқамасын жүктеу



Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттық бағдарлама бойынша жаднама

Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттық бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау, сондай-ақ бірлескен зерттеулер мен өндірістегі ғылыми әзірлемелерді енгізу саласында индустриалды-инновациялық әлеуетін арттыру үшін әлемдік жетекші білім беру, ғылыми және өнеркәсіптік ұйымдардың әлеуетін пайдалану болып табылады.

Гранттық бағдарламаның міндеттері:

  • ғылымды, өндірісті дамытуды қамтамасыз ететін жоғары білім техникалық мамандықтары бойынша іргелі дайындықты дамытуға жәрдемдесу (ҚР өнеркәсіптік кәсіпорындарының конструкторлары мен дизайнерлерін дайындау);
  • отандық зерттеулердің экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне бағытталуы;
  • өндірісте ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық бөлімдер құру арқылы зерттеулер мен инновацияларды ынталандыру үшін жағдай жасау;
  • Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттары, академиялық институттарының жетекші шетелдік ұйымдармен және университеттермен серіктестігін дамыту және одан әрі қолдау.

Гранттар Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия анықтаған және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жарлығында аталған ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарында Қазақстанның болашағына қатысты стратегиялық мәселелерге бағытталған кіші жобаларға  (әкімшілік критерийлерге сай келмейтін зерттеулерді қоспағанда) берілетін болады:

  • Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз өнімдер мен құрылымдар;
  • Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
  • Энергетика және машина жасау;
  • Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;
  • Өмір туралы ғылым және денсаулық;
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс;
  • Сандық сервистер, 3D-принтинг, автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, нанотехнология және big data ("үлкен деректер").

Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттық бағдарламаның әрбір өтінімі:

  • нарыққа бағдарланған және ғылыми тұрғыдан бәсекеге қабілетті болуы;
  • Қазақстан Республикасының қазіргі және болашақтағы ғылыми, экономикалық және индустриалдық дамуына, оның ішінде жергілікті немесе шетелдік коммерциялық компаниялармен ғылыми-зерттеу бағытындағы серіктестіктер құру мүмкіндігіне қатысты болуы;
  • мультидисциплинарлық зерттеулер жүргізуде әлеуеті мен қызығушылығы бар болуы;
  • университеттерде, орта мектептерде және жұртшылық арасында ақпараттындыру жұмысы бойынша ұсыныстарды қамтуы;
  • ЖІН, Сатып алулар жөнінде нұсқаулық және ТҚІНЖ-де көрсетілген қағидалар және рәсімдерге сәйкес іріктелуі, бағалануы және іске асырылуы тиіс.

А грант түрі бойынша мақсатты топ - бұл мемлекетте және шетелде докторантура (PhD) бағдарламасында оқитын немесе жақында оқуын аяқтаған зерттеушілерге арналған ғылыми-зерттеу ұйымдары.

Ұсыныстар келесі белгіленген әкімшілік критерийлер бойынша қарастырылады:

Үміткер төмендегі критерийлердің біріне сәйкес келуі тиіс:

- техникалық мамандық бойынша докторантура (PhD) бағдарламасының бірінші жылын аяқтаған докторанттар (өтінім беру кезінде);

- техникалық ғылымдар және технологиялар мамандығы бойынша PhD дәрежесін алған  (өтінім беру кезінде).

А грант түрі бойынша бағдарламаға қатысу үшін өтінім беруші:

- үміткер шетелдегі қабылдаушы ұйымда (немесе жергілікті қабылдаушы ұйымда, егер үміткер Қазақстаннан тыс шетелде оқитын немесе жұмыс істейтін болса) жұмыс жасайтын ҒЗТКЖ болуы тиіс;

- ұсынылған зерттеу және/немесе технологияның әлеуетін және оның дайындығын, сондай-ақ қабылдаушы ұйымда қосымша зерттеулер жүргізу қажеттілігін сипаттайтын қолдау хатын ұсынуы тиіс (еркін түрде);

  • - жергілікті өндірістік ұйымнан зерттеу жобасына деген қызығушылығы және/немесе үміткерді оқыту туралы хатты ұсынуы тиіс (хатта ұсынылған зерттеу және/немесе технологияның нақты көлемін және жылына талап етілетін ақшалай соманы көрсету қажет);
  • кіші жобаның тақырыбы осы Нұсқаманың 2-бөліміне сәйкес басым бағыттарға сәйкес келуі тиіс;
  • - жөнелтуші ұйымнан және/немесе жергілікті өндірістік ұйымнан және/немесе жеке тұлғадан кіші жобаның жалпы сомасының кемінде 20%-ын қоса қаржыландыруының болуы (кепілдік хатының болуы);
  • - қабылдаушы ұйым озық орталық болуы тиіс (Озық орталықтар болып табылады: ЖОО үшін QS World University Rankings by Subject рейтингінде салалар бойынша 2018 жылы 100-орыннан төмен емес - https://www.topuniversities.com/subject-rankings/2018; ҒЗИ үшін Ranking WEB of research centers рейтингінде 500-орыннан төмен емес (http://research.webometrics.info/en/world);
  • МҒТСҰО-дан ҒЗЖ-да плагиаттың жоқтығы туралы анықтама ұсыну;
  • нақты шақыруды растайтын құжаттардың көшірмелерін (қаржылық жағдайларды қоспағанда) немесе жоспарланған зерттеудің мерзімі, құны (есептеулерді жазып көрсету) көрсетілген қабылдаушы шетелдік ұйымнан (егер үміткер жергілікті ұйымда оқитын немесе жұмыс істейтін болса) және жергілікті қабылдаушы ұйымнан (егер үміткер шетелдік ұйымда оқитын немесе жұмыс істейтін болса) келісімшартты ұсынуы тиіс. Қабылдайтын топтың және/немесе жетекшінің біліктілігі үміткердің кіші жобасының саласына сәйкес келуі тиіс;
  • осы Нұсқамада аталған тілдерде (мемлекеттік және/немесе орынс және ағылшын тілдерінде) өтінімнің болуы.

Келесі өтінімдер қабылданбайды:

  • темекі, алкоголь өнімдерін, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, құмар ойындар мен қосарлы мақсаттағы тауарларды өндіруге және/немесе сатуға қатысты өтінімдер;
  • мәжбүрлеп қоныс аударуға қатысты өтінімдер;
  • ТҚІНЖ-ге сәйкес "А санатына" жататын өтінімдер. Алдын ала экологиялық бағалауды жүргізу нысаны Өтінімнің бөлігі болып табылады, және мәндетті түрде толтырылуы тиіс;
  • қызмет аясы ТҚІНЖ-де аталған Дүниежүзілік банк қаржылындырмайтын бағыттар тізімінде көрсетілген өтінімдер;

А грант түрі - бұл ҒКХК мүшелері іріктеген Өтінім берушіге берілетін жеке үміткерлерге арналған стипендиялық бағдарлама. 

Грант қаражатынан қаржыландырылмайды:

  • жеке стипендия үміткердің зерттеу жүргізу үшін баруға жоспарлап отырған елдегі барлық тұрмыстық шығындарды қамтиды;
  • көлік шығындары, оның ішінде визалық шығындар және міндетті сақтандыру;
  • жанұялық жәрдемақы, егер зерттеушімен бірге асырауындағы отбасы мүшелері баратын болса (тек жұбайы және кәмелетке толмаған балалар үшін);
  • патентке және жарияланымға байланысты шығындар (өтінім беру, патент алу, кіші жобаның тақырыбына қатысты патенттік өтінімдерді төлеуге рұқсат етіледі және Web of Science және/немесе Scopus халықаралық ақпараттық ресурстарына кіретін рейтингтік басылымда импакт-факторы кемінде 0,2 болып табылатын рецензияланатын журналдарда зерттеу нәтижелерін жариялауға арналған шығындар).

Қаражат жетіспеген жағдайда, бұл санаттарды қоса қаржыландыру есебінен қаржыландыруға болады.

Қоса қаржыландыру есебінен қаржыландырылады:

  • қабылдаушы ұйымға берілетін ақыны төлеу, шығын материалдары, жабдықты жалға алу, кіші жобаны іске асыру барысында туындайтын барлық салықтар мен алымдар және кіші жобаны іске асыруға байланысты басқа үстеме шығыстар;

Кіші жобаны іске асыру нәтижесінде, төмендегі міндетті көрсеткіштер орындалуы тиіс:

  • орындалған эксперимент немесе сынақ (сынақ актісі қоса берілуі тиіс);
  • тіркеу нөмірін бере отырып РСТ (Patent Cooperation Treaty) процедурасы бойынша өнертабысқа халықаралық өтінімді беру, немесе РСТ (Patent Cooperation Treaty) процедурасы бойынша патент алу;
  • Web of Science және/немесе Scopus халықаралық ақпараттық қорларына кіретін импакт-факторы кемінде 0,2 болып табылатын рейтингтік басылымда ғылыми-зерттеу нәтижелерін жариялау және/немесе жариялауға ұсыну;
  • әзірленген бағдарламалық жасақтама (кіші жоба ақпараттық технологиялар саласында болса);
  • әзірленген бизнес-жоспар және/немесе кіші жобаның коммерцияландыру стратегиясы.

Кіші жобаның максималды ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспауы тиіс.