Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі - ҚР ЦДИАӨМ) Жобаны іске асыру бойынша Атқарушы агенттік болып табылады. ЦДИАӨМ Жобаны жалпы іске асыру үшін жауапты болып табылады және Жобаны Басқарушы комитет арқылы Жобаның негізгі іс-шараларының іске асырылуына стратегиялық қадағалауды жүргізеді.

Жобаны Басқарушы комитет (ЖБК) Жобаның ұйымдасқан іске асырылуын қамтамасыз ету үшін құрылған. ЖБТ Жобаны іске асыруға көмек көрсететін негізгі ұйымдардың мүшелерінен құралған ЖБК-ның жалпы басшылығымен жұмыс істейді.

ЖБК-ның функциялары мен құрамы ЦДИАӨМ Министрінің тиісті Бұйрығымен бекітіледі. ЦДИАӨМ-ның функциялары, басқаларымен қатар, мыналарды қамтиды:

1) Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықты, Жобаның жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын, бюджет және сатып алу жоспарларын бекіту;

2) мониторинг индикаторлары негізінде Жобаның іске асырылуына талдау жүргізу және бағалау, Жобаның прогресін анықтау және оның мақсаттарына тиімді қол жеткізу үшін ЦДИАӨМ-ның қарастыруына түзету жөнінде ұсыныстар беру үшін Жобаның мониторингтеу және бағалау бойынша мәліметтерді тұрақты түрде қарастыру;

3) Жобаны іске асыру барысын қарастыру, инновациялар саласындағы реформалардың іске асуын монитрингтеу және Жұмыс органы әзірлеген ақпарат негізінде Жобаны іске асыру бойынша стратегиялық шешімдерді қабылдау;

4) Жобаны іске асыру процесін, сондай-ақ ведомствоаралық координация және Жобаны іске асыру жөнінде мәселелерді келісуді нығайту;

5) ЦДИАӨМ-ға Жобаны іске асыру бойынша стратегиялық басшылық көрсету. ЖБК құрамына, басқаларды қосқанда, Жобаны іске асыруға басшылық ететін ЦДИАӨМ вице-министрінің жетекшілігімен ЦДИАӨМ ЦДИАӨМ Қаржы департаментінің, ЦДИАӨМ Заң департаментінің өкілдері, ЖБТ Директоры кіруі тиіс.

Жобаның Жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Инновациялық экожүйе және ғылыми-техникалық даму департаменті (ИЭҒТДД) ЖБК шешімдерін орындау және бақылау бойынша жұмыс органы болып табылады, сондай-ақ Жобаны іске асыру кезінде жиналған тиісті тәжірибе мен нәтижелердің ҚР ҰИЖ-да таралуын қамтамасыз ету үшін Жобаның операциялық және қаржылық басқару үшін жауапты болады.

Ғылым және коммерцияландыру жөнінде халықаралық кеңес (ҒКХК) Жобаны іске асыруға қатысты барлық ғылыми мәселелер жөнінде әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді, оның ішінде 1-бөлік шеңберінде АҒҚТ және КҒҚТ гранттық бағдарламасы, постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтеріне қолдау гранттары шеңберінде өтінімдерді іріктеу, және 2-бөліктің гранттық бағдарламасы шеңберінде өндірістік сектор консорциумдары мен инклюзивті инновациялар консорциумдары үшін грант алушыларды іріктеуде ұсынымдар береді, сондай-ақ гранттық бағдарламалардың кіші жобаларының ғылыми прогресі мен жетістіктеріне мониторинг жүргізеді. ҒКХК-ның құқықтары, функциялары мен міндеттері Дүниежүзілік банк үшін қабылдарлық шарттарда әзірленген және ЖІН ажырамас бөлігі болып табылатын ҒКХК жөнінде ережеде анықталады.

ҒКХК 5-тен 9-ға дейін сарапшылардан тұрады, оның ішінде:

ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау бойынша жобаларды басқару және гранттық бағдарламаларды әзірлеу тәжірибесі бар, халықаралық тәжірибе бар үш (3) халықаралық ғалым, екі (2) венчурлік капитал/технологияларды коммерциализациялау бойынша халықаралық сарапшы, бір (1) технологиялық консорциумдарды құру жөніндегі халықаралық сарапшы, бір (1) инклюзивті (әлеуметтік) инновациялар бойынша халықаралық сарапшы және екі (2) коммерциаландыру/инновациялық консорциумдар бойынша ұлттық (және/немесе шетелдегі қазақстандық диаспораның) ғалым/сарапшыдан. Үміткерлерге арналған толық критерийлерді Атқарушы агенттік іріктеу басталғанға дейін Дүниежүзілік банк қабылдайтын шарттарда әзірлейді.

ҒКХК мүшелерін іріктеу

ҒКХК мүшелерін іріктеуді Дүниежүзілік банкпен біргелікте БҒМ жүргізеді. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен жоғары білікті ғалымдарды тартуға мүмкіндік береді және іріктеудің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

БҒМ сарапшылардың-әлеуетті ҒКХК мүшелерінің пулын құрады. Дүниежүзілік Банк БҒМ-ға ҒКХК кандидаттарын іздесуге көмек көрсетеді. ҒКХК мүшелігіне негізгі үміткерлер қатарында танымал халықаралық ғылыми ұйымдар ұсынған ғалымдар немесе венчурлық капитал және/немесе технологияны коммерцияландыру саласындағы көрнекті мамандар болады деп күтілуде. Тізімге Еуропаның, Солтүстік Америка және Азияның технологиялық дамыған бірқатар елдеінен ғалымдар қамтылатын болады.

БҒМ ЖБК қысқы тізімдегі кандидаттардың анкеталарын қарастырған соң, үш (3) шетелдік ғалым, венчурлық капитал/технологияны коммерцияландыру жөнінде екі (2) шетелдік сарапшы, технологиялық консорциумды құру жөнінде бір (1) халықаралық сарапшы, инклюзивті (әлеуметтік) инновацялар жөнінде бір (1) халықаралық сарапшы, екі (2) ұлттық сарапшыны таңдап, кандидаттардың қысқа тізімін және барлық тиісті материалдарды Дүниежүзілік банкке жібереді, ҒКХК үшелерінің ғылыми тәжірибесінің саласы қайталанбауы тиіс.

ҒКХК мүшелерінің бос қызмет орындарына немесе ҒКХК мүшесімен келісімшартты бұзу жағдайында, кандидаттарды ҚР ЦДИАӨМ ИЭҒТДД жоғарыда аталған кандидаттар пулынан іріктейді. Бұл тізімді толықтыруға болады және міндетті түрде Днежүзілік банктің келісімі қажет.

ҒКХК жөніндегі ереже жүктеу

ҒКХК жөніндегі ережені бекіту туралы бұйрық жүктеу

Жобаны басқару тобы (ЖБТ) Жобаны күнделікті іске асыру үшін жауапты болып табылады. ЖБТ-ның міндеттері қамтиды:

  • Жоба аясындағы бағдарламаларды басқаратын болатын мамандарды тарту;
  • сатып алу процедураларының Дүниежүзілік банктің барлық ережелері мен нұсқаулықтарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету үшін Жоба аясында құрылатын Топтар мен басқа ұйымдарға қажетті барлық тауарлар мен қызметтерді сатып алуды бақылау;
  • Жоба аясында конкурстық түрде іріктелетін Топтар, консорциумдар, ВФРФ қорын, инновациялық делдалдық топтары, технологиялар трансферті кеңселері мен басқа да ұйымдарды іріктеу үшін конкурстарды ұйымдастыру;
  • Басқару комитетімен, ҚР ЦДИАӨМ ИЭҒТДД және ҒКХК-мен байланысты сақтау, қажет болған жағдайда, оларды ақпараттандыру және олардың шешімдерін іске асыру;
  • Жобаның мониторингтеу және бағалау бойынша іс-шараларды жүргізу;
  • Жоба шеңберіндегі іс-шаралардың Дүнежүзілік банктің барлық пайдаланылатын фидуциарлық және экологиялық талаптарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету;
  • күнделікті заңды сұрақтар мен сатып алу және қаржылық басқару жөніндегі мәселелерді шешу үшін Дүниежүзілік Банкпен байланысты сақтау.

 

ЖБТ Жобаны Дүниежүзілік банкпен келісілген қағидалар және процедураларға, сонымен қатар Дүниежүзілік банктің Жаднама жазбаларында көрсетілген кеңестерге сәйкес басқаратын болады.

Жобаны іске асыру үшін жалданатын ЖБТ консультанттары Дүниежүзілік банктің консульттарды іріктеу және жалдау қағидалары және процедуралары бойынша іріктелетін болады. Дүнежүзілік банкпен алдын ала бекітілген ЖБТ құрылымына сәйкес, Жобаны басқару тобының негізгі консультанттары Дүниежүзілік банктің келісімімен іріктеледі, жалданады және жұмыстан босатылады.

ЖОБАНЫ БАСҚАРУ ТОБЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Аты-жөні

Лауазымы

Жұмыс поштасы

Сартбаев Мұрат Мақсұтұлы

ЖБТ директоры

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Сейтказин Дархан Рахметұлы

2-компоненттің аға менеджері/ ЖБТ Директорының орынбасары

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Ергали Роза

1-Компоненттің аға менеджері

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Мустафа Гулмира Мустафақызы

Қаржылық басқару жөнінде маманы

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Құсайынова Айнұр

Кеңсе менеджері

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Керімбай Рания Нұржанқызы

1-компонент менеджері

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Бос орын

2-компонент менеджері

Мақажанова Салтанат

3-компоненттің менеджері

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Сакиева Майра Курметқызы

Грант жөнінде менеджер

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Байсалықова Жанар

Грант жөнінде менеджер

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Есполов Азамат Дабырұлы

Грант жөнінде менеджер

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Сайлыбаев Жанат

3-компонент аға менеджері/ ЖБТ Директорының орынбасары

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Тилеубергенова Жулдыз

Бухгалтер

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Жаксылыков Асемхан

Сатып алу жөнінде маман

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Бос орын

Грант жөнінде менеджер

-

Көкенов Рашитдин Сағындықұлы

4-компоненттің аға менеджері

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Аманкул Абат

Қоршаған ортаны және әлеуметтік мүдделерді қорғау жөнінде маман

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Бисенбаев Адильбек

Жобаның PR-менеджері

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Раисов Аян

IT-менеджер

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Жолдасова Нұрбану

Аудармашы

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Аубакирова Эльмира

Заңгер

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

ЖБТ ӨКІЛДЕРІМЕН БАЙЛАНЫСУ

Байланысу