ӨСК II гранттық бағдарламасының хабарландыруы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде инновациялар мен жаңа технологияларды құру және енгізуге арналған мынадай гранттық бағдарламаларды іске қосуды жоспарлауда:

20 тамыз 2020 жыл

«Өндірістік сектор консорциумдары II»

Гранттық бағдарламаның мақсаты экономикадағы өндірістік секторларды жақсарту мақсатында ҒЗИ, университеттер, сондай-ақ Қазақстандағы ғылыми және инженерлік бейіндегі зертханалар мен жеке сектор кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру болып табылады.

Басым бағыттар:

  • Табиғи, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар және құрылымдар;
  • Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыш технологиялары, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
  • Энергетика және машина жасау;
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін, ауыл шаруашылығы мен қауіпсіздігін тұрақты дамыту;
  • Өмір туралы ғылым және денсаулық сақтау;
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпиялық таңбасынсыз);

Аяқталу кезеңіндегі міндетті нәтижелер:

  • Коммерцияландыру көлемі дайын өнімді сату немесе/және лицензиялық шарт және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне құқықтарды басқаға беру шартын жасасу немесе/және іске асырылатын жобаға инвестициялар тарту арқылы немесе/және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер арқылы алынған грант сомасының кемінде 20%-ын құрауы тиіс.
  • ӨСК ІІ А грант түрі үшін кәсіпорынды автоматтандыру/цифрландыру стратегиясын ендіру.
  • ӨСК ІІ В грант түрі үшін кәсіпорынды автоматтандыру/цифрландыру стратегиясын әзірлеу.
  • Кәсіпорынның бірінші басшысын қоса алғанда кемінде 5 маманды Индустрия 4.0 негіздеріне оқытуды жүргізу.

 

Гранттың максималды сомасы 2022 жылғы қарашаға дейін іске асыру мерзіміне 650 000 000 (алты жүз елу миллион) теңгені құрайды (ӨСК ІІ А гранттары үшін).

Гранттың максималды сомасы 2022 жылғы қарашаға дейін іске асыру мерзіміне 250 000 000 (екі жүз елу миллион) теңгені құрайды (ӨСК ІІ В гранттары үшін).

Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 23 тамызында басталып, 2021 жылдың 23 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18: 00-де келесі сілтеме бойынша аяқталады: https://astanahub.com/account/service/KPSII/request/16/create/ 

Гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратпен "Өндірістік сектор консорциумдары IІ" гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан танысуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша электронды пошта арқылы хабарласа аласыз Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. және +77771498036.

"Өндірістік сектор консорциумдары ІI" нұсқамасын жүктеу

"Өндірістік сектор консорциумдары ІI" өтінім нысаны