ӨСК I гранттық бағдарламасының хабарландыруы
15 қыркүйек 2022
Құрметті Өтінім берушілер,
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары І: Құзыреттілік орталықтары» гранттық бағдарлама бойынша конкурстың мерзімі ұзарғанын хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2022 жылдың 20 қазанына Нұр-Сүлтан уақытымен сағат 18.00-ге дейін ұзартылады.
Гранттық бағдарламалар бойынша толығырақ ақпаратты Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. немесе +7-777-149-80-36 телефондары арқылы ала аласыздар.
19 Тамыз 2022
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары I: Құзырет орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.
Гранттық бағдарламаның мақсаты - жаңа технологияларды (ҒЗТКЖ) әзірлеу, зертханалық ауқымда өндірістік процестерді модельдеу және жетілдіру («модельдік фабрика»), сондай-ақ саланы дамыту бойынша талдау және ұсынымдарды әзірлеу арқылы өнеркәсіптің жүйелік салалық міндеттерін шешуге бағытталған құзыреттер орталықтарын құру.
Қатысушылар үшін талаптар:
Гранттық бағдарлама аясында бірнеше қатысушы арасында консорциум құру қажет. Консорциумның міндетті шарты - консорциумда 1 ғылыми ұйымның және кемінде 2 өндірістік кәсіпорынның қатысуы тиіс.
Грант сомасы:
Гранттың ең жоғары сомасы 650 млн.теңгеге дейін ұсынылады, іске асыру мерзімі 18 айға дейін. Қоса қаржыландыру сомасы грант сомасының кемінде 10 пайызын құрауға тиіс.
Іріктеу процесі:
Өтінімдерді қабылдау процесінің нәтижесі бойынша іріктеу халықаралық сарапшылардың, сондай-ақ Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мамандардың сараптамасы арқылы бірнеше кезеңнен тұратын болады.
Күтілетін нәтижелер:
Гранттық бағдарлама аяқталғаннан кейін қаржыландыруға ие болған консорциумдар консорциум құрамын ұлғайтуды, салалық даму жөнінде кешенді талдама әзірлеуді, әзірлемелерді коммерцияландыруды, халықаралық патентке өтінім берулі қамтамасыз етуі, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар арасында салалық мамандарды оқытуды жүргізуі тиіс.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 19 тамызда басталып, 2022 жылғы 20 қыркүйекте Нұр-сұлтан уақыты бойынша 18 сағат 00 минутта аяқталады*.
Гранттық бағдарлама туралы толық ақпаратпен мына сілтеме бойынша «Өндірістік сектор консорциумдары I» гранттық бағдарламасының нұсқаулығынан "Өндірістік сектор консорциумдары І" және осы ақпаратта "Презентация_по грантовой программаме_КПС1" танысуға болады.
МАҢЫЗДЫ
Конкурсқа қатысуға өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде келесі сілтеме бойынша Astanahub электрондық порталы арқылы қабылданады: https://astanahub.com/l/gup-grant-programs#3320.
Өтінімді ағылшын тілінде толтыру міндетті, өйткені жобаларды халықаралық сарапшылар ағылшын тілінде сараптайтын болады.
Өтінім берушілер гранттық бағдарлама бойынша нұсқаулықтың барлық талаптарымен мұқият танысып шығуы және оларды сақтауы тиіс.
Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды.
Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызметтер тізімімен мұқият танысып шығу қажет.
Барлық сұрақтар бойынша Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз
*өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша ұзартылуы мүмкін.