06 наурыз 2023 жыл

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары I: Құзырет орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

Гранттық бағдарламаның мақсаты - жаңа технологияларды (ҒЗТКЖ) әзірлеу, зертханалық ауқымда өндірістік процестерді модельдеу және жетілдіру («модельдік фабрика»), сондай-ақ саланы дамыту бойынша талдау және ұсынымдарды әзірлеу арқылы өнеркәсіптің жүйелік салалық міндеттерін шешуге бағытталған құзыреттер орталықтарын құру.

Қатысушылар үшін талаптар:

Гранттық бағдарлама аясында бірнеше қатысушы арасында консорциум құру қажет.  Консорциумда келесі ұйымдардың қатысуы міндетті шарт болып табылады:

 

 

1 нұсқа

2 нұсқа

Өтінім беруші (консорциум жетекшісі)

·        ғылыми ұйым/ЖОО (Қазақстан резиденті)

·        салалық министрліктің бұйрығымен құрылған салалық құзыреттер орталығы

Консорциумның қатысушылары

·        бір (1) немесе одан да көп халықаралық озық орталық (жоғары оқу орындары үшін QS ТОП 300 тізімінен және ғылыми орталықтар үшін SCIMAGO Innovation Ranking ТОП 2000 рейтингінен);

·        бір (1) немесе одан да көп өндірістік кәсіпорын (Қазақстан резиденті);

·        бір (1) немесе одан да көп шетелдік өндірістік кәсіпорын;

·        бір (1) немесе одан да көп ғылыми ұйым/ЖОО (Қазақстан резиденті)

·        бір (1) немесе одан да көп халықаралық озық орталық (жоғары оқу орындары үшін QS ТОП 300 тізімінен және ғылыми орталықтар үшін SCIMAGO Innovation Ranking ТОП 2000 рейтингінен);

·        бір (1) немесе одан да көп өндірістік кәсіпорын (Қазақстан резиденті);

·        бір (1) немесе одан да көп шетелдік өндірістік кәсіпорын;

 

Грант сомасы

Гранттың ең жоғары сомасы 650 млн.теңгеге дейін ұсынылады, іске асыру мерзімі 18 айға дейін. Қоса қаржыландыру сомасы грант сомасының кемінде 10 пайызын құрауға тиіс.

Басым бағыттар

  • Индустрия 4.0 элементтерін қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
  • Жаңа материалдар, аддитивті технологиялар, нанотехнологиялар.
  • Биотехнология, медицина мен денсаулық сақтау саласындағы жаңа технологиялар.
  • Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа технологиялар.
  • Ғарыштық технологиялар
  • Экологиялық таза технологиялар, энергия тиімділігі, энергия үнемдеу және

баламалы энергия.

  • Электрондық өнеркәсіп.
  • Робот техникасы

Іріктеу процесі:

Өтінімдерді қабылдау процесінің қорытындысы бойынша іріктеу халықаралық сарапшылардың, сондай-ақ Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мамандардың сараптамасынан бірнеше кезеңде өтетін болады.

Күтілетін нәтижелер:

Гранттық бағдарлама аяқталғаннан кейін қаржыландыруға ие болған консорциумдар консорциум құрамын ұлғайтуды, салалық даму жөнінде кешенді талдама әзірлеуді, әзірлемелерді коммерцияландыруды, халықаралық патентке өтінім берулі қамтамасыз етуі, рейтингі жоғары халықаралық ғылыми журналда мақала жариялауы, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар арасында салалық мамандарды оқытуды жүргізуі тиіс.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 6 наурызда басталып, 2023 жылғы 31 мамырда Астана уақытымен сағат 18.00-де аяқталады*.

 

Гранттық бағдарлама туралы толық ақпаратпен мына сілтеме бойынша «Өндірістік сектор консорциумдары I» гранттық бағдарламасының нұсқаулығынан танысуға болады.

МАҢЫЗДЫ:

Конкурсқа қатысуға өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде келесі сілтеме бойынша Astanahub электрондық порталы арқылы қабылданады: https://astanahub.com/l/gup-grant-programs#3320.

Өтінімді ағылшын тілінде толтыру МІНДЕТТІ, өйткені жобаларды халықаралық сарапшылар ағылшын тілінде сараптайтын болады.

Өтінім берушілер гранттық бағдарлама бойынша нұсқаулықтың барлық талаптарымен мұқият танысып шығуы және оларды сақтауы тиіс.

Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды.

Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызметтер тізімімен мұқият танысып шығу қажет.

Барлық сұрақтар бойынша Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз 

*өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банктің келісімі бойынша