14 тамыз 2023

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын іске асыру шеңберінде "Инклюзивті инновациялар консорциумдары" гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

Гранттық бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік маңызы жоғары, сондай-ақ тұрақты коммерциялық әлеуетті және орнықты дамуға қол жеткізуге бағытталған инновациялық шешімдерді (өнімдерді, қызметтерді және технологияларды) әзірлеу және енгізу мақсатында ғылым мен бизнесті біріктіру.

 Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Консорциум негізгі қызметі іске асырылатын жобаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін бір немесе одан да көп коммерциялық ұйымдардан немесе коммерциялық емес ұйымдардан (кәсіпкерлік қызмет құқығымен) және бір (1) немесе одан да көп ғылыми ұйымдардан тұрады. Ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындар бір-бірімен үлестес болмауы керек.   

Грант сомасы:

Гранттың максималды сомасы 150 млн теңге, іске асыру мерзімі 12 айға дейін.

Қоса қаржыландыру сомасы кемінде грант сомасының 10%-ын құрауы тиіс.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 14 тамызда басталып, 2023 жылғы 21 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де аяқталады*.

Күтілетін нәтижелер:

Гранттық бағдарлама аяқталғаннан кейін қаржыландыру алған консорциумдар алынған грант сомасының кемінде 10 %-ындай коммерцияландыру көрсету, сондай-ақ нақты, сандық өлшенетін, елеулі әлеуметтік нәтижеге қол жеткізуге міндетті.

Гранттық бағдарлама туралы толық ақпаратпен Конкурстық құжаттама сілтемесі бойынша "Инклюзивті инновациялар консорциумдары" гранттық бағдарламасы жөнінде нұсқаулықта танысуға болады.

 МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕ:

Конкурсқа қатысуға өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде келесі сілтеме бойынша Astanahub электрондық порталы арқылы қабылданады: https://astanahub.com/ru/gup-grant-programs.

Өтінімді ағылшын тілінде толтыру міндетті, өйткені жобаларды халықаралық сарапшылар ағылшын тілінде сараптайтын болады.

Өтінім берушілер гранттық бағдарлама бойынша нұсқаулықтың барлық талаптарымен мұқият танысып шығуы және оларды сақтауы тиіс.

Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды.

Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызметтер тізімімен мұқият танысып шығу қажет.

Барлық сұрақтар бойынша Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз. 

*өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша ұзартылуы мүмкін