9 ақпан 2024

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде "Өндірістік сектор консорциумдары I: құзыреттілік орталықтары " гранттық бағдарламасы бойынша конкурстың ұзартылатыны туралы хабарлайды.

Гранттық бағдарламаның мақсаты-жаңа технологияларды (ҒЗТКЖ) әзірлеу арқылы жасанды интеллектті дамытуға және өнеркәсіптің жүйелі салалық міндеттерін шешуге бағытталған құзыреттілік орталықтарын құру, зертханалық масштабта өндірістік процестерді модельдеу ("модельдік фабрика") және жетілдіру, сондай-ақ саланы дамыту бойынша ұсынымдарды талдау және әзірлеу.

Өтінімдер 2024 жылғы  26 ақпан сағат 18:00-ге дейін Астана уақыты бойынша* Портал арқылы қабылданады (www.astanahub.com).

Гранттар бағдарламасы туралы қосымша ақпарат алу үшін www.fpip.kz (http://fpip.kz/index.php/ru/) сайттағы "Өндірістік сектор консорциумдары I: құзыреттілік орталықтары " гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықты қараңыз.

Өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде беріледі. Нысанды ағылшын тілінде толтыру міндетті, өйткені жобаларға өтінімдерді халықаралық сарапшылар бағалайды. Өтініш берушілер мұқият танысып, гранттық бағдарлама бойынша басшылықтың барлық талаптарын сақтауы тиіс.

Барлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Қатысу ережелеріне сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбауға жатады және қарау үшін қабылданбайды. Өтінімді толтыру басталғанға дейін кіші жобаларға арналған экологиялық талаптармен, сондай-ақ жоба шеңберінде қаржыландырылмайтын қызметтің тізбесімен мұқият танысқан жөн.

Барлық сұрақтар бойынша Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық пошта арқылы немесе +7 777 149 80 36 телефоны арқылы хабарласуға болады.

МАҢЫЗДЫ:

Конкурсқа қатысуға өтінімдер Astanahub электрондық порталы арқылы мына сілтеме бойынша https://astanahub.com/ru/l/gup-grant-programs ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде қабылданады.

 

* Өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша ұзартылуы мүмкін.