23 cәуiр 2024
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде "Өндірістік сектор консорциумдары I: Құзырет орталықтары" гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланғаны туралы хабарлайды.
Гранттық бағдарламаның мақсаты - жаңа технологияларды (ҒЗТКЖ) әзірлеу арқылы жасанды интеллектті дамытуға және өнеркәсіптің жүйелі салалық міндеттерін шешуге бағытталған косорциумдары құру, зертханалық масштабта өндірістік процестерді модельдеу ("модельдік фабрика") және жетілдіру, сондай-ақ саланы дамыту бойынша ұсынымдарды талдау және әзірлеу.
Өтінімдер 2024 жылғы 6 мамыр Астана уақыты бойынша сағат 18:00-ге дейін * Портал арқылы қабылданады (www.astanahub.com).
Гранттық бағдарлама туралы қосымша ақпарат алу үшін www.fpip.kz (http://fpip.kz/index.php/ru/) сайтында "Өндірістік сектор консорциумдары I: Құзырет орталықтары " гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықты қараңыз (https://fpip.kz/images/PSC_1_AI_23042024_qaz_.pdf ).
Өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде берілуі тиіс. Өтінімді ағылшын тілінде толтыру міндетті, өйткені жобаларды халықаралық сарапшылар ағылшын тілінде сараптайтын болады.
Өтінім берушілер гранттық бағдарлама бойынша нұсқаулықтың барлық талаптарымен мұқият танысып шығуы және оларды сақтауы тиіс.
Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды. Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызметтер тізімімен мұқият танысып шығу қажет.
Барлық сұрақтар бойынша Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
МАҢЫЗДЫ:
Конкурсқа қатысуға өтінімдер AstanaHub электрондық порталы арқылы мына сілтеме бойынша https://astanahub.com/ru/l/gup-grant-programs ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде қабылданады.
* Өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша ұзартылуы мүмкін.