Хабарландыру

12 наурыз 2020

"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын іске асыру шеңберінде "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" ғалымдары және ТКO/ТТO қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жариялайды.

2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған 2015 жылғы 9 маусымдағы №8463-KZ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында ғалымдар және ТКO/ТТO қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жарияланады.

Қызметтерді көрсету күтілетін мерзімі келісімшартқа қол қойылған күннен бастап 9-10,5 айды құрайды және міндетті түрде тілдік емтиханға дайындық және кем дегенде IELTS 5.5-6.0 немесе TOEFL IBT 46-78 және одан жоғары (білім алушылардың кем дегенде 60%-ы) және IELTS 5.0 және TOEFL IBT 45 (қалған білім алушылар үшін) балдарымен тапсырумен жалпы еуропалық тіл біліктілігі шкаласы бойынша Elementary деңгейінен Upper-Intermediate деңгейіне дейін 3 деңгейді қамтиды.

Мүдделілік білдіру туралы ұсыныстар 2020 жыл 28 наурыз сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Султан қ. уақыты) электрондық мекенжайға қабылданады: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.. Міндетті түрде көшірмесін Жобаның электрондық поштасына жіберу қажет: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її..

Хаттың тақырыбын көрсету қажет: "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" ТКO/ТТO ғалымдары және қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту жөнінде қызмет көрсетуге консультанттарды іріктеу"

Хатта компанияның түйіндемесін (еркін формада) және компанияда қызметтерді көрсету үшін қажетті біліктілік және тиісті тәжірибесі бар екенін көрсететін ақпаратты қоса тіркеу қажет.

Мүдделі консультанттар (тіл мектептері) қосымша ақпаратты төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша жұмыс сағаттарында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (Нұр-Султан қ. уақыты) ала алады.

Байланыс деректері: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Мекен жай: Достық, 13

Жауапты тұлғалар: Игисинов Талғат Казыбайұлы

Телефон: +7 (727) 291-64-58

Электрондық пошта: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Қосымша тендерге шақыру