Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (әрі қарай – Ғылым комитеті) «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын (әрі қарай – Жоба) іске асыру шеңберінде 3-бөлік «Технологияларды коммерцияландыру циклын шоғырландыру» аясында Венчурлық қорды құру бойынша жеке консультанттарды іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурста Венчурлық қорды құру және қалыптастыру бойынша сарапшылар, сондай-ақ венчурлық капитал, инвестициялық менеджмент, келіссөздер жүргізу және тікелей инвестициялар бойынша мәмілелер жасасуда тәжірибесі бар сарапшылар қатыса алады.

Мүдделілік білдіру туралы өтінім тақырыбын келесідей көрсетіңіз: «Венчурлық ерте қаржыландыру қорын құру бойынша консультантты іріктеу» және толтырылған консультант профилі (Consultant’s profile) түрінде 2018 жылдың 22-ші маусым сағат 18:00-ге (Астаны уақытымен) дейін ағылшын тілінде Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.; Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды поштасына жіберілуі тиіс.

Техникалық тапсырманы, «Consultant’s profile» өтініш нысанын және конкурс бойынша толық мәліметті Ғылым комитетінің www.sc.edu.gov.kz немесе Жобаның www.fpip.kz сайттарынан білуге болады.

Қосылған файлдарды жүктеу