- Жарияланған: 31 шілде 2018 /
2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған 2015 жылғы 9 маусымдағы №8463-KZ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында Гранттар бойынша менеджерін жалдау бойынша конкурс жариялайды.
Қызметтерді көрсетудің болжамды мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанына (қоса алғанда) дейін, келісім-шартқа 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге дейін қол қою ұсынылады (Консультанттың қызметтерінің сапасына және Жобаның іске асыру мерзіміне қарай келісімшартты кейінгі жылдарға созу мүмкіндігімен).
Мүдделі жеке консультанттар қосымша ақпаратты төменде көрсетілген электронды мекенжайға 9.00-дан 18.00-ге дейін (Астана уақытымен) жұмыс уақытында хабарласу арқылы біле алады.
Мүдделілік білдіру туралы өтінімдер 2018 жылы 7 тамыз күні сағат 18:00-ге дейін (Астана уақытымен) Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды мекенжайы арқылы қабылданады, құжаттар түйіндеме түрінде орыс және ағылшын тілдерінде, барлық растаушы құжаттар тіркеліп, жіберілуі тиіс. Хаттың тақырыбын көрсетіңіз: «Жобаны басқару тобының Грант жөнінде 4 менеджерін іріктеу».
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы
Қазақстан, Астана қаласы, 010000, Тәуелсіздік даңғылы, 41, 5 қабат, 508 кеңсе
E-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.