Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Инновациялық обсерваторияның Зерттеу тобының мүшесі – Сарапшы 1 іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған 2015 жылғы 9 маусымдағы №8463-KZ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында Инновациялық обсерваторияның Зерттеу тобының мүшесі – Сарапшы 1 іріктеу бойынша конкурс жарияланады.

Қызметтерді көрсетудің күтілетін мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанына (қоса алғанда) дейін, келісім-шартқа 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге дейін қол қою ұсынылады (Консультанттың қызметтерінің сапасына және Жобаның іске асыру мерзіміне қарай келісімшартты кейінгі жылдарға созу мүмкіндігімен).

Мүдделі жеке консультанттар қосымша ақпаратты төменде көрсетілген электронды мекенжайға 9.00-дан 18.00-ге дейін (Астана уақытымен) жұмыс уақытында хабарласу арқылы біле алады.

Мүдделілік білдіру туралы өтінімдер 2018 жыл 19 құркуйек  сағат 18:00-ге дейін (Астана уақытымен) Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды мекенжайы арқылы  қабылданады, құжаттар түйіндеме  түрінде орыс және ағылшын тілдерінде, барлық растаушы құжаттар тіркеліп, жіберілуі тиіс. Хаттың тақырыбын көрсетіңіз: «Инновациялық обсерваторияның Зерттеу тобының мүшесі – Сарапшы 1 іріктеу».

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы

Қазақстан, Астана қ., 010000, Тәуелсіздік даңғ., 41, 5 қабат, 508 кеңсе

E-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Қосылған файлдарды жүктеу