- Жарияланған: 12 ақпан 2019 /
МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ САУАЛ
Ел: Қазақстан Республикасы
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы
Жоба № 150402
Қарыз № 8463-KZ
Тіркеу нөмірі: № KZFPIP/CS/QCBS -3-01
Тапсырманың атауы: Технологияларды коммерцияландыру циклін шоғырландыру: Қазақстан университеттерінде технологиялар трансферті кеңселерінің әлеуетін арттыру, Қазақстаннан тыс жерлерде технологиялық жеделдету кеңселерін құру және басқару, жергілікті брокерлік команданы сүйемелдеу және мониторингілеу
Қазақстан Республикасының Үкіметі Халықаралық қайта құру және даму банкінен (бұдан әрі - Дүниежүзілік банк) "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы (бұдан әрі - ӨИЫЖ) бойынша шығыстарды жабуға қаржыландыру алды және қаражаттың бір бөлігін консультациялық қызметтерге пайдалануға ниет білдіреді.
Консультациялық қызметтер (бұдан әрі - қызметтер) төмендегі іс-шаралар арқылы технологияларды коммерцияландыру циклін шоғырландыруды қамтиды:
- технологиялық және инновациялық идеяларды коммерциялық жобаларға жеткізу, лицензиялық келісімдерге және/немесе зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды беру туралы келісімдерге қол қою үшін, сондай-ақ технологиялық брокерлер командасының қолдауымен технологиялық кәсіпорындарды коммерциялық сату деңгейіне дейін жеткізу үшін 2016 және 2017 жж. іріктелген Аға және кіші ғылыми қызметкерлер топтарының жобаларын және ӨИЫЖ-ның басқа да жобаларын және нарықтанғыбасқа жобаларды қолдау;
- Қазақстанның шегінен тыс жерлерде Технологиялық жеделдету кеңселерін/командаларын құру және басқару;
- мамандандырылған оқыту арқылы Қазақстанның ірі университеттеріндегі технологиялар трансферті кеңселерінің (бұдан әрі – ТТК) әлеуетін арттыру. Ең жоғары әлеуеті бар іріктелген ТТК (Негізгі ТТК желісі) қызметтердің, бизнес-процестердің сапасын жақсарту және бас ұйымның/ТТК университетінің технологияларды коммерцияландыру жүйесіне интеграциялануы үшін жан-жақты техникалық қолдау алады.
Тапсырманың ұзақтығы - 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
ҚР Білім және ғылым министрлігі, жобаның атқарушы агенттігі Ғылым комитеті (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) арқылы құқықтық кеңес беру фирмаларын ("Консультанттар") қызмет көрсетуге мүдделілік білдіруге шақырады. Мүдделі Консультанттар Қызметтерді орындау үшін қажетті біліктілігі мен тиісті тәжірибесі бар екенін көрсететін ақпаратты (бірақ жеке сарапшылардың өмірбаяндық деректері емес) ұсынуы қажет.
Қысқа тізімге ену үшін іріктеу критерийлері:
- Технологияларды коммерцияландыру саласында консультациялық, оқыту, тәлімгерлік, маркетинг қызметтерді, ұсынуда кемінде 5 жыл тәжірибесінің, жеткілікті ресурстарының болуы.
- Коммерциялық негізде басқа ұйымдар үшін зияткерлік меншік бойынша қызметтер көрсетуде кемінде 3 жыл тәжірибесінің болуы; зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды беру туралы құқықтарды және келісімдерді пайдалану бойынша лицензиялық шарттарды жасасу тәжірибесі, кемінде 6 келісім/келісімшарт.
- ТМД елдерінің бірінде технологияларды коммерцияландыру бойынша кәсіпорындардың/стартаптардың әлеуетін нығайту саласында, өнеркәсіптік және дамушы нарықтарда технологияларды коммерцияландыру саласында кемінде бір жыл тәжірибесінің болуы.
- Мемлекеттік қызметшілермен, кәсіпкерлермен, өнертапқыштармен, әзірлеушілермен, инвесторлармен, венчурлік капиталистермен, зерттеушілермен және ғалымдармен жұмыс тәжірибесі.
Мүдделілік білдіру ұсынысы 15 беттен аспауы тиіс.
Мүдделі консультанттардың назарын Дүниежүзілік банктің Нұсқаулығының: 2011 жыл қаңтардағы (2014 жыл шілдедегі редакция) "Дүниежүзілік банктің Қарыз алушыларының ХҚҚДБ қарыздары және ХДА несиелері мен гранттары аясында консультанттарды іріктеу және жалдау" ("Консультанттарды іріктеу нұсқаулығы") 1.9-тармағына аударамыз. Бұл құжатта Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясаты баяндалған.
Консультациялық фирмалар өзінің біліктілігін жақсарту үшін бірлескен кәсіпорын (БК), консорциум және субконсультант түрінде біріге алады. Бірлестіктің түрі мүдделілік білдіру жөнінде құжатта анық көрсетілуі тиіс.
Консультациялық фирмалар Консультанттарды іріктеу нұсқаулығында баяндалған сапасы мен құны бойынша іріктеу (СҚІ) әдісіне сәйкес іріктелетін болады.
Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс уақытында 09:00-дан 18:00-ге дейін (Астана уақытымен) алуға болады.
Тақырыбы «Технологияларды коммерцияландыру циклін біріктіру бойынша қызметтерді іріктеу: Қазақстанның жоғары оқу орындарында технологиялар трансферті кеңселерінің әлеуетін арттыру, Қазақстаннан тысқары технологиялық жеделдету кеңселерін құру және басқару, жергілікті брокерлік топты сүйемелдеу және бақылау» көрсетілген қол қойылған және сканерленген мүдделілік білдіру тұралы ұсыныстар тиісті растаушы құжаттарын тіркеумен төмендегі мекенжайға (қолма-қол немесе поштамен, немесе электрондық поштамен) 2019 жылдың 4 наурызында Астана уақыты бойынша 18.00-ден кешіктірмей жіберілуі тиіс.
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы
Жобаны басқару тобы
Назарына: Кауланова Нурия,
Сатып алу жөніндегі маман
Утегулов Алан,
ЖБТ 3 компонентінің аға менеджері,
Мамбетов Қарасай,
ЖБТ 3 ГУП компонентінің менеджері
Мекенжайы:
Қазақстан, Астана, 010000,
Тәуелсіздік даңғылы, 41, 5 қабат, 507 кеңсе
Tel: +7(7172)239033, +7(7172)239066
E-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.