Жобадағы сатып алулар
- 30 шілде 2021 /
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі “Өнімді инновацияларды ынталандыру” жобасының шеңберінде Венчурлік ерте қаржыландыру қорының басқарушы компаниясын іріктеу конкурсына өтінімдерді қабылдау мерзімін 2021 жыл 3 қыркүйек 18.00-ге дейін ұзартады.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде Венчурлік ерте қаржыландыру қорының басқарушы компаниясына конкурс жариялайды.
Тапсырманың мақсаты:
- Венчурлық ерте қаржыландыру қорын құру
- Венчурлік ерте қаржыландыру қорына жеке инвесторларды тарту
- pre-seed және seed сатыларындағы қазақстанның қатысу үлесі бар инновациялық компанияларға инвестициялау
- қордың инвесторлары үшін инвестицияланған капиталдың жоғары кірістілігін алу
Толығырақ ақпарат сайтында Венчурлік ерте қаржыландыру қоры үшін басқарушы компанияны таңдау жөніндегі ашық конкурсқа қатысу бойынша конкурстық құжаттамада (1-қосымша) және техникалық тапсырмада (2-қосымша) баяндалған.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 30 шілдеде 9 сағат 00 минутта басталады және 2021 жылғы 30 тамызда Нұр-сұлтан уақыты бойынша 18 сағат 00 минутта аяқталады*.
Өтінім берушілер Венчурлік ерте қаржыландыру қоры үшін басқарушы компанияны таңдау жөніндегі ашық конкурсқа қатысу бойынша конкурстық құжаттаманың (1-қосымша) және техникалық тапсырманың (2-қосымша) барлық талаптарымен мұқият танысуға және оларды орындауға тиіс.
Қатысу ережелеріне сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбайды және қаралмайтын болады.
Әлеуетті басқарушы компаниялардан өтінімдер Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық поштасына және бір мезгілде Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық поштасына қабылданады.
Барлық сұрақтар бойынша Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її., Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық пошталары немесе мына телефондар бойынша хабарласа аласыздар: +7 705 111 1387 – Нарымбаев Ерік Айдарханұлы, +7 701 111 6582 Мақажанова Салтанат
*өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша ұзартылуы мүмкін.
Қосымша 1 - Тендерлік құжаттама
Қосымша 2 - Техникалық тапсырма