- Жарияланған: 03 қараша 2016 /
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (әрі қарай – Ғылым комитеті) «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын (әрі қарай – Жоба) іске асыру шеңберінде 3-бөлік «Технологияларды коммерцияландыру циклын шоғырландыру» аясында технологиялық брокерлерді іріктеу конкурсын жариялайды.
Конкурсқа коммерцияландыру саласында тәжірибесі бар тұлғалар қатыса алады.
Өтініштерді қабылдау 2016 жылдың 4 қарашасынан 2016 жылдың 25 қарашасына дейін (Астана уақытымен 18.00-ге дейін) ағылшын тілінде электрондық нысанда Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық поштасына қабылданады.
Біліктілік бойынша талаптарды (техникалық тапсырма) және конкурс бойынша толық мәліметті Ғылым комитетінің www.sc.edu.gov.kz сайтынан таба аласыз.
Сұрақтар бойынша 8 (7172) 79 04 40 телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.
Конкурс аяқталды.