- Жарияланған: 15 маусым 2017 /
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын (бұдан әрі – Жоба) жүзеге асыру мақсатында «Технологияларды коммерцияландыру циклын шоғырландыру» 3-компоненті шеңберінде Ерте Қаржыландырудың Венчурлық қорын қалыптастыру жөніндегі жеке консультанттарды іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Конкурсқа Венчурлық қорларды құру және қалыптастыру бойынша сарапшылар, сондай-ақ венчурлық капитал, инвестициялық менеджмент, келіссөздер жүргізу және тікелей инвестициялар бойынша мәмілелер жасасуда тәжірибесі бар сарапшылар қатыса алады.
Іріктеуге өтініштер «Consultant’s profile» нысаны бойынша 2017 жылғы 15 маусымнан 2017 жылғы 10 шілдеге сағат 18:00-ге (Астаны уақытымен) дейін ағылшын тілінде электронды нысанда Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды поштасы арқылы қабылданады.
Біліктілік бойынша талаптарды (техникалық тапсырма), «Consultant’s profile» өтініш нысанын және конкурс бойынша толық мәліметті Комитеттің www.sc.edu.gov.kz немесе Жобаның www.fpip.kz сайттарынан білуге болады.
Баға ұсыныстарын сұрату. Жүктеу үшін басыңыз.
«Consultant’s profile» өтініш нысаны. Жүктеу үшін басыңыз.
Конкурс аяқталды.