Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру мақсатында «Технологияларды коммерцияландыру циклын шоғырландыру» 3-компоненті шеңберінде Технологияларды трансферттеу офистерін дамыту және оқу бағдарламаларын әзірлеу үшін жеке консультанттарды іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсқа технологияларды коммерцияландыру, бизнесті қалыптастыру, маркетинг, менеджмент, зияткерлік меншікті басқару саласында тәжірибесі бар, сондай-ақ ЖОО-да технологияларды коммерцияландыру офистерін басқару тәжірибесі бар сарапшылар қатыса алады.

Іріктеуге өтініштер «Consultant’s profile» нысаны бойынша 2017 жылғы 15 маусымынан 2017 жылғы 10 шілдеге сағат  18:00-ге (Астаны уақытымен) дейін ағылшын тілінде электронды нысанда Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды поштасы арқылы қабылданады.

Біліктілік бойынша талаптарды (техникалық тапсырма), «Consultant’s profile» өтініш нысанын және конкурс бойынша толық мәліметті Комитеттің   www.sc.edu.gov.kz сайтынан немесе Жобаның  www.fpip.kz сайтынан білуге болады.

Баға ұсыныстарын сұрату. Жүктеу үшін басыңыз.

«Consultant’s profile» өтініш нысаны. Жүктеу үшін басыңыз.

Конкурс аяқталды.