2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған 2015 жылғы 9 маусымдағы  №8463-KZ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында Жобаны басқару тобының Мониторинг және бағалау жөнінде маманын іріктеу туралы конкурс жарияланады.

Қызметтерді көрсетудің күтілетін мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанына (қосқанда) дейін. Шартқа, Консультанттың қызметінің сапасына және Жобаны іске асыру мерзіміне қарай кейінгі жылдары ұзарту мүмкіндігімен, 2017 жылдың 31 желтоқсанына (қоса) дейін  қол қою жоспарланған.

Қызығушылық танытқан жеке консультанттар қосымша ақпаратты төменде көрсетілген электрондық мекенжай бойынша жұмыс уақытында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ала алады.

Мүдделіліктер 2017 жылғы 19 қазан сағат 18:00-ге дейін (Астана уақытымен) Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық поштасына қабылданады және барлық растаушы құжаттар тіркелген, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме түрінде жіберілуі тиіс. Хаттың тақырыбы көрсетілуі тиіс: «Жобаны басқару тобының Мониторинг және бағалау жөнінде маманын іріктеу».

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы, Қазақстан, Астана қ., 010000, Тәуелсіздік даңғылы, 5-ші қабат, 510 кеңсе, E-E-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Қоса берілген

Конкурс аяқталды.