Список финалистов конкурса ГСНС и ГМНС (2)

АҒҚТ және КҒҚТ гранттық бағдарламасы бойынша іріктелген конкурс жеңімпаздарының тізімі 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде АҒҚТ/КҒҚТ гранттық бағдарламасы конкурсының жеңімпаздарын құттықтайды.

Ескерту: Ғылым және коммерцияландыру жөнінде халықаралық кеңеспен (әрі қарай - ҒКХК) іріктелген жобалар Дүниежүзілік банктің талаптары мен ережелеріне сәйкес әзірленген Қоршаған ортаны қорғау жөнінде негіздемелік құжатқа сай экологиялық санаттаудан өтті.

«С» санаты үшін - кешенді экологиялық бағалау  жүргізу қажет емес.

"B-" санаты үшін - қажетті лицензиялар мен Материалдың қауіпсіздік паспортын қосқанда Қоршаған ортаны қорғау жоспары қажет. №6 қосымша Грант туралы келісімді толтыру қажет

«В+» санатындағы жобалар тек өкілетті органның ҚОӘБ нәтижесі бойынша оң қорытындысының болуы немесе егер жобаның экологияға әсері қысқа мерзімді болса ғана қаржыландырылады.

Грант туралы келісім жасасу үшін 2016 жылдың 16 қарашасына дейін төмендегі құжаттарды өткізуіңізді сұраймыз:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы;

2) құрылтай құжаттарының (келісім) немесе жарғының нотариат куәландырған көшірмелерін;

3) грант қаражаттарын жинақтау (грант үшін есепшот) үшін есепшоттың бар екені туралы банк анықтамасының түпнұсқасы;

4) қоса қаржыландыру қаражаттарын жинақтау (қоса қаржыландыру үшін есепшот) үшін есепшоттың бар екені туралы банк анықтамасының түпнұсқасы; Бұл анықтамада алдын ала/толық өтінімде көрсетілген көлемдегі қоса қаржыландыру қаражаттары туралы ақпарат көрсетілуі тиіс; егер өтінімде басқаша көрсетілмеген болса, қоса қаржыландыру қаражаттары Грант туралы келісімге жасалмауынан бұрын төленуі тиіс;

5) Грант алушының Технологияға тапсырс берушімен серіктестігін растайтын келісімнің немесе құжаттардың нотариалды расталған көшірмесі (егер өтінімде осылай көрсетілген болса);

6) Грант туралы келісімнің жобасы (электрондық нұсқасы "АҒҚТ және КҒҚТ гранттары" бөлімінде көрсетілген).

АҒҚТ және КҒҚТ гранттық бағдарламасы бойынша іріктелген конкурс жеңімпаздарының тізімі

Өтінім №

Кіші жоба атауы

Санат

1.            

APP-JRG-16/0475P

Бататты (Ipomoea batatas) өсіру технологиясын енгізу және терең өңдеу

B-

2.            

APP-JRG-16/0450P

Құрылыста пайдалануға арналған гидрофобты құм

B+

3.            

APP-JRG-16/0936P

CryptoCredence - электрондық коммерциядағы тауарлардың түпнұсқалығы мен аударымдардың сенімділігін қамтамасыз ету бойынша Blockchain криптографиялық технологиясы базасындағы электрондық сауда платформасы

C

4.            

APP-JRG-16/0172P

PANDORA аналитикалық платформа 

С

5.            

APP-JRG-16/0173P

SAVENERGY энерготиімді вакуумды жылау оқшаулағыш панельдер өндірісі

B-

6.            

APP-JRG-16/0071P

Тұрғын аудан/көп қабатты ғимараттарды жылытуға арналған күн жылу энергиясын маусымдық жинақтау технологиясы

B-

7.            

APP-SSG-16/0477P

Жеміс сүйектерінен белсендірілген көмір және жеміс сүйегі майын өндіру

B-

8.            

APP-SSG-16/0555P

Топырақ пен суды мұнаймен ластанудан тазалауға арналған "Мико-Ойл" инновациялық биопрепараты және оны пайдаланудың агро-микробиологиялық технологиясы

B-

9.            

APP-SSG-16/0288P

Экологиялық таза технология бойынша құс қиынан органикалық тыңайтқыштар өндірісін әзірлеу және ұйымдастыру

B+

10.       

APP-SSG-16/0397P

Шай саңырауқұлағының биологиялық белсенді микроағзалар қауымы негізінде емдік-профилактикалық сусын өндірісі технологиясын әзірлеу

B-

11.       

APP-SSG-16/0182P

Қазақстанда қызылия мен цистанхені өнеркәсіптік өңдеу технологиясы

B+

12.       

APP-SSG-16/0726P

Отандық жаңа биопрепараттар көмегімен құс қиын органикалық биотыңайтқышқа айналдыру технологиясын әзірлеу және оны өсімдік шарушылығына енгізу

B+

13.       

APP-SSG-16/0062P

ҚР тұқыммал палаталары мен фермерлері үшін ауыл шаруашылығы жануарларын генотиптеу және олардың тұқымдылығын растау бойынша коммерциялық қызметті көрсеті

B-

14.       

APP-SSG-16/0729P

Инновациялық технология бойынша бие және түйе сүтінің құрғақ ұнтағынан лактоферин өндіруді ұйымдастыру

B-

15.       

APP-SSG-16/0153P

Арнайы мақсаттағы полиэфирлік шайырлардың тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін құру

B+

16.       

APP-SSG-16/0143P

Мұнайгаз және уран өндірісі жабдықтары үшін наноқұрылымдалған антикоррозиялық қорғаныс жабы

B-

17.       

APP-SSG-16/0330P

Тау-кен байыту және қайта өңдеу кәсіпорындарының кіріс кен ағымы сапасын оперативті мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесі

B-

18.       

APP-JRG-16/0837P

SMART-технология негізінде энергияны тұтынуды оңтайлы басқарудың интеллектуалды жүйесі

B-

19.       

APP-JRG-16/0481P

Оқу процесін автоматтандыру

C

20.       

APP-JRG-16/0093P

DOQ.kz дәрігерлерді іздеу және іріктеу бойынша тегін интернет-сервисі

C

21.       

APP-SSG-16/0716P

Мұнаймен ластанған топырақты тазалауға арналған биологиялық препарат пен технологияны жақсарту

B-

22.       

APP-JRG-16/0494P

Кәсіптік бағдар, мамандықтар қажеттілігін талдау және болжау бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе

C

23.       

APP-SSG-16/0271P

Жүннің жаю суларынан жүн майын бөлу технологиясын коммерцияландыру

B-

24.       

APP-SSG-16/0752P

AgroTech - ҚР өнімдерінің сауда платформасы

C

25.       

APP-SSG-16/0384P

Канализациялық ағындарды жинағыш көлдерді белсенді микроағзалар арқылы биологиялық тазалау технологиясын әзірлеу

B-

26.       

APP-JRG-16/0067P

Қойылтылған және қоютылған сүтті өндіруге арналған үздіксіз жұмыс істейтін жабдықты әзірлеу

B-

27.       

APP-JRG-16/0445P

Оптикалық кодтау бар энергия өндіруші пернетақта өндірісін ұйымдастыру

B-

28.       

APP-JRG-16/0205P

Қазақстандағы жылыжай агроценоздарында органикалық өнім алу және шығарылатын биоагенттерді коммерцияландыру мақсатында зиянкестерді биологиялық бақылау және өсімдіктерді тозаңдандыру үшін пайдалы жәндіктер, кенелер мен араларды өсіру

B+

29.

APP-SSG-16/0894P

Қабыршақ қанатты зиянкестерден қарсы алғашқы отандық «Ақ көбелек" биопрепаратын коммерцияландыру

B+

30.

APP-SSG-16/0645P

Эфир майлары негізінде өзіндік хош  иісті антибактериялық жуғыш құралдар өндірісін ұйымдастыру

B+

31.

APP-SSG-16/0698P

Қаланы көгалдандыруда өнеркәсіптік пайдалану үшін ағаш өсімдіктерді микроклоналдық әдіспен көбейту технологиясын коммерцияландыру

C

32.

APP-SSG-16/0316P

Техногендік қалдықтардан талшықтарды дайындау технологиясы

B+

33.

APP-SSG-16/0522P

Биотехнология әдістерімен рекордшы сиырлардың генетикалық әлеуетін жедел арттыру

B-

Showcases

Background Image

Header Color

:

Content Color

: