- 11 қараша 2016 /
АҒҚТ және КҒҚТ гранттық бағдарламасы бойынша іріктелген конкурс жеңімпаздарының тізімі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде АҒҚТ/КҒҚТ гранттық бағдарламасы конкурсының жеңімпаздарын құттықтайды.
Ескерту: Ғылым және коммерцияландыру жөнінде халықаралық кеңеспен (әрі қарай - ҒКХК) іріктелген жобалар Дүниежүзілік банктің талаптары мен ережелеріне сәйкес әзірленген Қоршаған ортаны қорғау жөнінде негіздемелік құжатқа сай экологиялық санаттаудан өтті.
«С» санаты үшін - кешенді экологиялық бағалау жүргізу қажет емес.
"B-" санаты үшін - қажетті лицензиялар мен Материалдың қауіпсіздік паспортын қосқанда Қоршаған ортаны қорғау жоспары қажет. №6 қосымша Грант туралы келісімді толтыру қажет
«В+» санатындағы жобалар тек өкілетті органның ҚОӘБ нәтижесі бойынша оң қорытындысының болуы немесе егер жобаның экологияға әсері қысқа мерзімді болса ғана қаржыландырылады.
Грант туралы келісім жасасу үшін 2016 жылдың 16 қарашасына дейін төмендегі құжаттарды өткізуіңізді сұраймыз:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы;
2) құрылтай құжаттарының (келісім) немесе жарғының нотариат куәландырған көшірмелерін;
3) грант қаражаттарын жинақтау (грант үшін есепшот) үшін есепшоттың бар екені туралы банк анықтамасының түпнұсқасы;
4) қоса қаржыландыру қаражаттарын жинақтау (қоса қаржыландыру үшін есепшот) үшін есепшоттың бар екені туралы банк анықтамасының түпнұсқасы; Бұл анықтамада алдын ала/толық өтінімде көрсетілген көлемдегі қоса қаржыландыру қаражаттары туралы ақпарат көрсетілуі тиіс; егер өтінімде басқаша көрсетілмеген болса, қоса қаржыландыру қаражаттары Грант туралы келісімге жасалмауынан бұрын төленуі тиіс;
5) Грант алушының Технологияға тапсырс берушімен серіктестігін растайтын келісімнің немесе құжаттардың нотариалды расталған көшірмесі (егер өтінімде осылай көрсетілген болса);
6) Грант туралы келісімнің жобасы (электрондық нұсқасы "АҒҚТ және КҒҚТ гранттары" бөлімінде көрсетілген).
АҒҚТ және КҒҚТ гранттық бағдарламасы бойынша іріктелген конкурс жеңімпаздарының тізімі
№ |
Өтінім № |
Кіші жоба атауы |
Санат |
1. |
APP-JRG-16/0475P |
Бататты (Ipomoea batatas) өсіру технологиясын енгізу және терең өңдеу |
B- |
2. |
APP-JRG-16/0450P |
Құрылыста пайдалануға арналған гидрофобты құм |
B+ |
3. |
APP-JRG-16/0936P |
CryptoCredence - электрондық коммерциядағы тауарлардың түпнұсқалығы мен аударымдардың сенімділігін қамтамасыз ету бойынша Blockchain криптографиялық технологиясы базасындағы электрондық сауда платформасы |
C |
4. |
APP-JRG-16/0172P |
PANDORA аналитикалық платформа |
С |
5. |
APP-JRG-16/0173P |
SAVENERGY энерготиімді вакуумды жылау оқшаулағыш панельдер өндірісі |
B- |
6. |
APP-JRG-16/0071P |
Тұрғын аудан/көп қабатты ғимараттарды жылытуға арналған күн жылу энергиясын маусымдық жинақтау технологиясы |
B- |
7. |
APP-SSG-16/0477P |
Жеміс сүйектерінен белсендірілген көмір және жеміс сүйегі майын өндіру |
B- |
8. |
APP-SSG-16/0555P |
Топырақ пен суды мұнаймен ластанудан тазалауға арналған "Мико-Ойл" инновациялық биопрепараты және оны пайдаланудың агро-микробиологиялық технологиясы |
B- |
9. |
APP-SSG-16/0288P |
Экологиялық таза технология бойынша құс қиынан органикалық тыңайтқыштар өндірісін әзірлеу және ұйымдастыру |
B+ |
10. |
APP-SSG-16/0397P |
Шай саңырауқұлағының биологиялық белсенді микроағзалар қауымы негізінде емдік-профилактикалық сусын өндірісі технологиясын әзірлеу |
B- |
11. |
APP-SSG-16/0182P |
Қазақстанда қызылия мен цистанхені өнеркәсіптік өңдеу технологиясы |
B+ |
12. |
APP-SSG-16/0726P |
Отандық жаңа биопрепараттар көмегімен құс қиын органикалық биотыңайтқышқа айналдыру технологиясын әзірлеу және оны өсімдік шарушылығына енгізу |
B+ |
13. |
APP-SSG-16/0062P |
ҚР тұқыммал палаталары мен фермерлері үшін ауыл шаруашылығы жануарларын генотиптеу және олардың тұқымдылығын растау бойынша коммерциялық қызметті көрсеті |
B- |
14. |
APP-SSG-16/0729P |
Инновациялық технология бойынша бие және түйе сүтінің құрғақ ұнтағынан лактоферин өндіруді ұйымдастыру |
B- |
15. |
APP-SSG-16/0153P |
Арнайы мақсаттағы полиэфирлік шайырлардың тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін құру |
B+ |
16. |
APP-SSG-16/0143P |
Мұнайгаз және уран өндірісі жабдықтары үшін наноқұрылымдалған антикоррозиялық қорғаныс жабы |
B- |
17. |
APP-SSG-16/0330P |
Тау-кен байыту және қайта өңдеу кәсіпорындарының кіріс кен ағымы сапасын оперативті мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесі |
B- |
18. |
APP-JRG-16/0837P |
SMART-технология негізінде энергияны тұтынуды оңтайлы басқарудың интеллектуалды жүйесі |
B- |
19. |
APP-JRG-16/0481P |
Оқу процесін автоматтандыру |
C |
20. |
APP-JRG-16/0093P |
DOQ.kz дәрігерлерді іздеу және іріктеу бойынша тегін интернет-сервисі |
C |
21. |
APP-SSG-16/0716P |
Мұнаймен ластанған топырақты тазалауға арналған биологиялық препарат пен технологияны жақсарту |
B- |
22. |
APP-JRG-16/0494P |
Кәсіптік бағдар, мамандықтар қажеттілігін талдау және болжау бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе |
C |
23. |
APP-SSG-16/0271P |
Жүннің жаю суларынан жүн майын бөлу технологиясын коммерцияландыру |
B- |
24. |
APP-SSG-16/0752P |
AgroTech - ҚР өнімдерінің сауда платформасы |
C |
25. |
APP-SSG-16/0384P |
Канализациялық ағындарды жинағыш көлдерді белсенді микроағзалар арқылы биологиялық тазалау технологиясын әзірлеу |
B- |
26. |
APP-JRG-16/0067P |
Қойылтылған және қоютылған сүтті өндіруге арналған үздіксіз жұмыс істейтін жабдықты әзірлеу |
B- |
27. |
APP-JRG-16/0445P |
Оптикалық кодтау бар энергия өндіруші пернетақта өндірісін ұйымдастыру |
B- |
28. |
APP-JRG-16/0205P |
Қазақстандағы жылыжай агроценоздарында органикалық өнім алу және шығарылатын биоагенттерді коммерцияландыру мақсатында зиянкестерді биологиялық бақылау және өсімдіктерді тозаңдандыру үшін пайдалы жәндіктер, кенелер мен араларды өсіру |
B+ |
29. |
APP-SSG-16/0894P |
Қабыршақ қанатты зиянкестерден қарсы алғашқы отандық «Ақ көбелек" биопрепаратын коммерцияландыру |
B+ |
30. |
APP-SSG-16/0645P |
Эфир майлары негізінде өзіндік хош иісті антибактериялық жуғыш құралдар өндірісін ұйымдастыру |
B+ |
31. |
APP-SSG-16/0698P |
Қаланы көгалдандыруда өнеркәсіптік пайдалану үшін ағаш өсімдіктерді микроклоналдық әдіспен көбейту технологиясын коммерцияландыру |
C |
32. |
APP-SSG-16/0316P |
Техногендік қалдықтардан талшықтарды дайындау технологиясы |
B+ |
33. |
APP-SSG-16/0522P |
Биотехнология әдістерімен рекордшы сиырлардың генетикалық әлеуетін жедел арттыру |
B- |