26 шілде 2018

Инклюзивті инновациялар консорциумдары гранттық бағдарламасы бойынша жаднама

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті іске асырып жатқан "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде Инклюзивті инновациялар консорциумдары гранттық бағдарламасы жоспарланған.

Бағдарлама Қазақстанда әлеуметтік және инклюзивті инновацияларды ілгерілету және дамыту мақсатында гранттар беру арқылы ғылыми ұйымдар және бизнес арасындағы инклюзивті консорциумдарды құруға бағытталған.

1.1 Гранттық бағдарламаның мақсаттары

Инклюзивті инновациялар – қала және ауыл халқының, халықтың әлеуметтік осал және қамтылмаған топтарының өмір сүру деңгейін жақсарту үшін мүмкіндіктер жасайтын, сапалы тауарлар, жұмыс және қызметтерге ұзақ мерзімді және тұрақты негізде елеулі ауқымда қол жетімділікті қамтамасыз ететін кез-келген инновациялар.

Инклюзивті инновациялар бағдарламасының мақсаты қоғамдастықтарға маңызды әлеуметтік (және әлеуетті экологиялық) ықпал ететін инновациялық жобаларды құру және енгізу мақсатында ғылым мен бизнесті біріктіру болып табылады. Атап айтқанда, Бағдарлама аясында мынадай ұйымдарға көмек көрсетілетін болады:

- ағымдағы және болжанған табыстар (мысалы, сатудан түскен) немесе тұрақты қаржыландыру көздері негізінде тұрақты тұрақты түрде өсе алатын, нәтижесінде масштабын үлкеюі туралы нақты түсінік беретін. Мекеменің өсуін қамтамасыз ету, сәйкесінше, әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында табыс бағдарламаның мерзімі бойы мекемеге толығымен немесе ішінара қайта инвестицияланады.

- адамдардың өмірінде, атап айтқанда, толыққанды өмір сүру үшін табысы және мүмкіндіктері аз адамдар болып саналатын халықтың осал топтарының өімірінде тікелей және сандық өлшенетін өзгерістерді қамтамасыз ететін. Бұл негізгі нарықтармен жақсы жөнге қойылған байланыстары жоқ өндірушілер және жеткізушілерден (мысалы, мамандандыру деңгейі төмен шағын ауыл шаруашылық өндірушілері) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу арқылы немесе халықтың осал топтарын және (ресми) еңбек нарығына қол жеткізуі қиын адамдарды жұмыспен қамту арқылы жеткіліксіз дәрежеде қамтылған (кедей, шалғай аудандарда тұратындықтан және жетілген қоғамның бөлігі бола алмайтындықтан) тұтынушыларға негізгі тауарлар, жұмыстар және қызметтерді көрсету арқылы жасалады.

- құрамында бәсекелестік артықшылықтарын ынталандыруға әкелетіндей жоғарыдағы екі аспектіні біріктіретін. Осылайша, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бизнес үшін маңызды емес төмен лауазымдарға қабылдау Бағдарламаның талаптарына сай келмейді.

Бағдарламаның негізгі қағидасы осы үш аспектіні үйлестіре білетін ұйымдардың экономикалық даму және әлеуметтік бірігу/тұрақтылықтың маңызды қатысушыларына айналуына тіреледі. Әдетте, олар ескі мәселені шешудің жаңа әдісін ойлап табады және тәуекелді және инновациялық тәсілдерді пайдалана отырып бизнесті жаңаша жүргізе бастайды. Мұндай ұйымдардың табысы технологиялар және инновациялармен бекітілуі тиіс. Табыс жеткен жағдайда мұндай ұйымдар адамдардың өмірін айтарлықтай жақсарта алады - кейде ауыл ауқымында, ал кейде жүздеген мың адамдардың, ел аумағында және одан тысқары ауқымда.

Осыған байланысты бағдарлама технологиялар, инновациялар және ғылым көмегімен қазақстандық қоғам үшін көбірек, жақсырақ және жаңа нәрсе жасауға талпыныс жасауы үшін кәсіпкерлер және бизнесмендерді ынталандыруға ғылым және бизнесті біріктіруге бағытталған.

1.2 Басым бағыттар

  • Білім беру
  • Денсаулық сақтау
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Қоршаған ортаны қорғау
  • Жаңартылатын энергия көздері
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ресурстарды ұтымды пайдалану
  • Халықтың осал және қамтылмаған топтарының өмірін және өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған өзге де бағыттар

Инклюзивті инновациялардың үлгілік бағыттары:

- білім беру саласындағы инновациялық шешімдер;

-  мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды күнделікті тыныс-тіршілікке қосу үшін бизнес-процесстердің инновациялық тәсілдері;

- жекелеген ауылдық аудандар үшін арзан және қол жетімді энергия үнемдейтін технологияларды енгізу;

- ауыл халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін  қол жетімді және арзан технологияларды енгізу;

- ауыл мен қала тұрғындарын қашықтан диагностикалау және телемедицина саласындағы инновациялық арзан шешеімдерді енгізу;

- азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық шешімдер;

- қауіпсіздік және денсаулық сақтау  саласындағы инновациялық шешімдер.

Келтірілген мысалдар ИИК әлеуетті қатысушыларын шектемейді, өйткені инклюзивті инновациялық шешімдердің мағынасы және қолданылуы анағұрлым кеңірек болуы мүмкін. Іске асырылып жатқан консорциум инклюзивті инновацияларды дамыту бойынша басым бағыттардың тізіміне сәйкес болуы, бірақ онымен шектелмейуі қажет.

1.3 Консорциумның қатысушылары

Консорциумның міндетті қатысушылары болуы тиіс:

  1. Негізгі қызметі іске асырылатын жобаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес болатын коммерциялық ұйымдар немесе коммерциялық емес ұйымдар (кәсіпкерлік қызмет ету құқығымен).
  2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясы бар ғылыми ұйымдар.

1.4 Іске асыру мерзімі

Жобаның жүзеге асырудың максималды мерзімі - 24 ай.

1.5 Нәтижелері

Жоба аяқталған соң, консорциум мекеменің тұрақты дамуын және өсуін қамтамасыз ететін қажетті коммерцияландыру деңгейіне, сондай-ақ іске асырып жатқан жоба аясында елеулі әлеуметтік ықпалға жетуі тиіс.

Инклюзивті инновациялар консорциумдарына арналған гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты Жобаның сайтындаwww.fpip.kz, электрондық пошта арқылы Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. немесе +7 7172 23 90 35, +7 708 984 27 11 телефондары арқылы ала аласыз.


*Бұл жаднама тек ақпарат үшін әзірленген және ресми құжат болып табылмайды. Гранттық бағдарлама бойынша нұсқаулық Инклюзивті инновациялар консорциумдарына арналған гранттық бағдарлама бойынша конкурс ресми түрде жарияланған соң Жоба сайтында берілетін болады.