12 Қыркүйек 2018

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары» гранттық бағдарламасы аясындағы конкурстың жеңімпаздарын құттықтайды.

ӨСК  гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жеңімпаздарының тізімі

Өтінім №

Байланыс үшін тұлға

Грант түрі

Экологиядық санат

1

APP-PSC-I-17/006P *

Саухимов Алмаз Абжалиевич

ӨСК-1

Бағыттар бойынша:

1-«С», 2- «С»

2

APP-PSC-II-18/006P

Рахыметкалиев Какимжан Нуржанулы

ӨСК-2

«В+»

3

APP-PSC-II-18/001P* 

Сармурзина Зинигуль Сериковна

ӨСК-2

«В-»

*шартты түрде

 

Грант туралы келісімге қол қою үшін 2018 жылдың 20 қыркүйегiне дейін төмендегі құжаттарды өткізуіңізді сұраймыз:

  1. Консорциум қатысушыларын мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
  2. құрылтай құжаттың (келісім-шарт) және/немесе консорциум қатысушыларының жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  3. салық органынан салықтық қарызының және анықтама беру алдында үш (3) айдан асқан мерзімі өткен міндетті төлемдердің жоқтығы туралы анықтама;
  4. қызмет көрсететін екінші деңгей банкінің банктің міндеттемелердің барлық түрі бойынша анықтамасын беру алдында үш (3) айдан асқан мерзімі өткен төлемдер немесе қарыздардың жоқтығы туралы анықтамасы.
  5. Негізгі өтінім берушінің екінші деңгей банкінің және басқа қаржы институттарының алдында мерзімі өткен қарызының жоқтығы туралы растау хаты.
  6. жобалық топтың ұсынылатын қатысушылардың соңғы жыл бойынша нақты жылдық жалақысының растау, жұмыс берушіден тиісті құжаттар мен зейнетақы қорынан көшірмені қосқанда.
  7. консорциумның барлық қатысушылары арасындағы консорциум туралы келісімнің қол қойылған түпнұсқасы және нотариалдық куәландырған көшірмесі.
  8. осы мақсатта бөлек ашылған шотқа қоса қаржыландыру қаражатының салынғаны туралы банктің анықтамасы немесе Негізгі грант алушының кепілдік хаты;
  9. Негізгі грант алушының табысын растау (түпнұсқа немесе нотариалды түрде расталған көшірме);
  10. ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациялау туралы куәлік;
  11. барлық консорциум мүшелерінің кіші жобалардың бұрын қаржыландырылмағаны, плагиат емес, көрсетілген ақпараттың шынайы екендігі, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салдар туралы хабардар екендігі туралы туралы кепілдеме-хаты.