08 ақпан 2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының университеттеріндегі технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру кеңселерін іріктеу конкурсының жеңімпаздарын құттықтайды.

Грант туралы келісімге қол қою үшін 2019 жылдың 15 ақпанына дейін төмендегі құжаттарды өткізуіңізді сұраймыз:

1) Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;

2) Құрылтай құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) Келісімге қол қоятын негізгі грант алушының атына сенімхат;

4) Грант қаражаты үшін жеке құрылған есеп айырысу шоттарының болуы туралы банктің анықтамасы (шот эскроу-шотқа тіркелген болуы тиіс).

Келісімге қол қою жөнінде консультацияны мына телефондар арқылы алуға болады: 8(7172)27-71-27, 8 (778) 437-50-16, 8(701) 920-97-07, 8(701) 888-95-79.

Қазақстан Республикасының ЖОО-дағы технологиялар трансферті/коммерцияландыру кеңселерін іріктеу бойынша конкурс жеңімпаздарының тізімі:

Жоғары оқу орнының атауы

1

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

2

 Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

3

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

4

Қазақстан-Британ техникалық университеті

5

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

6

Астана медицина университеті

7

Инновациялық Еуразия университеті

8

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

9

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

10

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-Техникалық Университеті

11

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

12

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

13

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

14

Рудный индустриалдық институты

15

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

16

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

17

«Тұран» университеті