Аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар/кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттық бағдарламасының хабарландыруы 

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде инновациялар мен жаңа технологияларды құру және енгізуге арналған мынадай гранттық бағдарламаларды іске қосуды жоспарлауда:

20 тамыз 2020 жыл

«Аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар/кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар»

Гранттық бағдарламаның мақсаты - отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды ынталандыру.

Басым бағыттар:

  • Табиғи, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар және құрылымдар;
  • Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыш технологиялары, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
  • Энергетика және машина жасау;
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін, ауыл шаруашылығы мен қауіпсіздігін тұрақты дамыту;
  • Өмір туралы ғылым және денсаулық сақтау;
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпиялық таңбасынсыз);

Аяқталу кезеңіндегі міндетті нәтижелер:

  • Коммерцияландыру көлемі дайын өнімді сату немесе/және лицензиялық шарт және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне құқықтарды басқаға беру шартын жасасу немесе/және іске асырылатын жобаға инвестициялар тарту арқылы немесе/және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер арқылы алынған грант сомасының кемінде 10%-ын құрауы тиіс.
  • Автоматтандыру стратегиясын ендіру/енгдіруге дайындық/кәсіпорынды цифрландыру.

 

Гранттың максималды сомасы 2022 жылғы қарашаға дейін іске асыру мерзіміне 100 000 000 (бір жүз миллион) теңгені құрайтын болады.

 Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 23 тамызында басталып, 2021 жылдың 23 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18: 00-де аяқталады. Өтінімдер қабылдау порталына сілтеме: https://astanahub.com/account/service/GSNS/request/33/create/

Гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратпен "Аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар/кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар" гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан танысуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша электронды пошта арқылы хабарласа аласыз Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. және +77771498036.

"Аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар/кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар" нұсқамасын жүктеу

"Аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар/кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар" өтінім нысаны