13 Қаңтар 2023
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.
Гранттық бағдарламаның негізгі мақсаты -консорциумдардың инновациялық шешімдерін, ғылыми әзірлемелері және/немесе технологияларын коммерцияландыру.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Гранттық бағдарлама шеңберінде бірнеше қатысушы арасында консорциум құру қажет. Консорциумның міндетті шарты - кемінде екі (2) үлестес емес өндірістік кәсіпорын және кемінде бір (1) ғылыми ұйым қатысуы тиіс.
Грант сомасы:
Гранттың максималды сомасы 650 млн.теңгеге дейін (А гранты бойынша) және 250 млн. теңгеге дейін (В гранты бойынша), 18 айға дейін іске асыру мерзіміне беріледі.
Қоса қаржыландыру сомасы грант сомасының кемінде 50 пайызын (А гранты бойынша) және грант сомасының кемінде 30 пайызын (В гранты бойынша) құрауға тиіс.
Іріктеу процесі:
Өтінімдерді қабылдау процесінің қорытындысы бойынша іріктеу халықаралық сарапшылардың, сондай-ақ Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мамандардың сараптамасынан бірнеше кезеңде өтетін болады.
Күтілетін нәтижелер:
Гранттық бағдарлама аяқталғаннан кейін қаржыландыруды алған консорциумдар алынған грант сомасының кемінде 20%-ы көлемінде коммерцияландыруды, кіші жобаны автоматтандыру/цифрландыру стратегиясын енгізуді және әзірлеуді (басқалармен қоса, виртуалды шындық, BIM-технологиялар, блокчейн, жасанды интеллект), персоналдың біліктілігін арттыруды (Индустрия негіздеріне оқыту 4.0.) қамтамасыз етуі тиіс.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 16 қаңтардан басталып, 2023 жылғы 10 наурызда Астана уақытымен сағат 18.00-де аяқталады*.
Гранттық бағдарлама туралы толық ақпаратпен мына сілтеме бойынша «Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум» гранттық бағдарламасының нұсқаулығынан таныса аласыздар __ (link).
МАҢЫЗДЫ:
Конкурсқа қатысуға өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде келесі сілтеме бойынша Astanahub электрондық порталы арқылы қабылданады: https://astanahub.com/ru/l/gup-grant-programs
Өтінімді ағылшын тілінде толтыру міндетті, өйткені жобаларды халықаралық сарапшылар ағылшын тілінде сараптайтын болады.
Өтінім берушілер гранттық бағдарлама бойынша нұсқаулықтың барлық талаптарымен мұқият танысып шығуы және оларды сақтауы тиіс.
Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды.
Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызметтер тізімімен мұқият танысып шығу қажет.
Барлық сұрақтар бойынша Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз
*өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша ұзартылуы мүмкін.