05 шілде 2017 жыл

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде АҒҚТ/КҒҚТ гранттық бағдарламасы конкурсының жеңімпаздарын құттықтайды.

Ескерту: Ғылым және коммерцияландыру жөнінде халықаралық кеңеспен (әрі қарай - ҒКХК) іріктелген жобалар Дүниежүзілік банктің талаптары мен ережелеріне сәйкес әзірленген Қоршаған ортаны қорғау жөнінде негіздемелік құжатқа сай экологиялық санаттаудан өтті.

«С» санаты үшін - кешенді экологиялық бағалау  жүргізу қажет емес.

"B-" санаты үшін - қажетті лицензиялар мен Материалдың қауіпсіздік паспортын қосқанда Қоршаған ортаны қорғау жоспары қажет. №6 қосымша Грант туралы келісімді толтыру қажет.

«В+» санатындағы жобалар тек өкілетті органның ҚОӘБ нәтижесі бойынша оң қорытындысының болуы немесе егер жобаның экологияға әсері қысқа мерзімді болса ғана қаржыландырылады. ҚОӘБ материалдарынан бөлек Қоршаған ортаны қорғау жоспарын (ҚОҚЖ) әзірлеу қажет.

Грант алушының міндеттеріне ҚОӘБ материалдарын және/немесе ҚОҚЖ әзірлеуді қаржыландыру жатады. ҚОӘБ құжаттарын әзірлеу мерзімі – 2017 жылдың 01 қарашасына дейін.

«С» санаты үшін, грант туралы келісім жасасу үшін 2017 жылдың 17 шілдесіне дейін төмендегі құжаттарды өткізуіңізді сұраймыз:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы;

2) құрылтай құжаттарының (келісім) немесе жарғының нотариат куәландырған көшірмелерін;

3) грант қаражаттарын жинақтау (грант үшін есепшот) үшін есепшоттың бар екені туралы банк анықтамасының түпнұсқасы;

4) қоса қаржыландыру қаражаттарын жинақтау (қоса қаржыландыру үшін есепшот) үшін есепшоттың бар екені туралы банк анықтамасының түпнұсқасы;

Бұл анықтамада алдын ала/толық өтінімде көрсетілген көлемдегі қоса қаржыландыру қаражаттары туралы ақпарат көрсетілуі тиіс; егер өтінімде басқаша көрсетілмеген болса, қоса қаржыландыру қаражаттары Грант туралы келісімге жасалмауынан бұрын төленуі тиіс. Қоса қаржыландыру қаражаты бизнес-серіктес тарапынан жасалған жағдайда, төлемдер кестесіне сәйкес қоса қаржыландыру сомасы мен мерзімдерін растайтын келісімнің немесе басқа құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі көрсетілуі тиіс;

5) Грант алушының Технологияға тапсырс берушімен серіктестігін растайтын келісімнің немесе құжаттардың нотариалды расталған көшірмесі (егер өтінімде осылай көрсетілген болса);

6) Грант туралы келісімнің жобасы (жүктеу).

АҒҚТ және КҒҚТ гранттық бағдарламасы бойынша іріктелген конкурс жеңімпаздарының тізімі:

Тізім нөмірі Өтінім берушінің аты-жөні Экологиялық санат
1 APP-SSG-17/0280F Қалтаев А.Ж. B-
2 APP-JRG-17/0332F Қарабеков Д.А. B-
3 APP-SSG- 17/0236P Әбуғалиев К.Р. B-
4 APP-JRG-17/0111F Мырзаханов М.М. B-
5 APP-SSG- 17/0057P Мукатова И.Ю. B-
6 APP-SSG-17/0173F Еренова Б.Е. B-
7 APP-JRG-17/0293F Жакупов Е.Ж. B+
8 APP-SSG-17/0071F Кенжин Б.М. B+
9 APP-SSG-17/0334F Каримов Б.К. B+
10 APP-JRG-17/0393F Оразбекұлы Е.О. B+
11 APP-JRG-17/0141F Фоменко М.В. B+
12 APP-SSG-17/0290F Арынғазин К.Ш. B+
13 APP-SSG-17/0206F Вернигор А.В. B+
14 APP-SSG-17/0319F Утелбаев Б.Т. B+
15 APP-SSG-17/0422F Кеңбеилова С.Ж. B+
16 APP-SSG-17/0044F Доненов Б.К. B+
17 APP-JRG-17/0160F Зәкірұлы О. B+
18 APP-SSG-17/0028F Лысенко В.С. B+
19 APP-JRG-17/0448F Асилбеков Б.К. C
20 APP-SSG- 17/0323P Габдрешов Г.Е. C
21 APP-JRG-17/0292F Қожагулов Е.Т. C

 

Байланыс телефоны: 8 (7172) 23-90-64, 8 (7172) 23-90-66.