20 қараша 2017

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары» гранттық бағдарламасы аясындағы конкурстың жеңімпаздарын құттықтайды.

Грант туралы келісімге қол қою үшін 2017 жылдың 23 қарашасына дейін төмендегі құжаттарды өткізуіңізді сұраймыз: 

1) Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (Негізгі грант алушы және Суб-грант алушы үшін);

2) Құрылтай құжаттың (шарт) және/немесе жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі (Негізгі грант алушының және Суб-грант алушылар үшін);

3) Суб-грант алушының Негізгі грант алушының атына берген мүдделерді көрсету, сондай-ақ грант қаражатын алу бойынша сенімхаты;

4) Салықтық органның салық бойынша берешегінің және мерзімі үш (3) айдан көп уақытқа созылған (осы анықтама берілгенге дейін) басқа да мерзімі өткен міндетті төлемдердің жоқ екендігі туралы анықтама (Негізгі грант алушының және Суб-грант алушылар үшін);

5) Негізгі грант алушыдан және Суб-грант алушыдан екінші деңгейлі банкке және басқа қаржы институттарына мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы растама-хат;

6) Жобалық топтың ұсынылатын қатысушыларының соңғы жыл үшін нақты жылдық жалақысын растау, жұмыс берушіден тиісті құжаттарды және зейнетақы қорынан көшірмесін қосқанда;

7) Қол қойылған Консорциумның барлық қатысушылары арасындағы консорциалды келісімнің  нотариалды куәландырылған көшірмесі;

8) Кіші жобаны іске асыру мақсатында грант және қоса қаржыландыру қаражаты үшін жеке ашылған есептік шоттардың болуы туралы банк анықтамасы (Негізгі грант алушының және Суб-грант алушылар үшін);

9) Қоса қаржыландыру қаражатын осы мақсаттар үшін жеке ашылған есептік шотқа енгізу туралы банктің анықтамасы.

Ғылым және коммерцияландыру жөнінде халықаралық кеңес ұсынған ӨСК 2 гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жеңімпаздарының тізімі

Кіші жоба нөмірі

Кіші жобаның жетекшісі

1

APP-PSC-II-17/009P

Елемесов К.

2

APP-PSC-II-17/003P

Соколов С.

3

APP-PSC-II-17/021P

Байсейітов Д.

 


2017 жылдың гранттық бағдарлама іріктеуінен  өтпеген қатысушалыр, 2018 жылы өтетін гранттық бағдарлама іріктеуіне шақырылады. Толық ақпарат ҚР БҒМ ғылым Комитетінің сайтында жарияланған.