14 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын жүзеге асыру шеңберінде технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру офистерін іріктеу бойынша конкурстың жеңімпаздарын құттықтайды.
Грант туралы келісімді жасау үшін 2017 жылдың 20 желтоқсанына дейін келесі құжаттарды тапсыруларыңызды сұраймыз:
1) Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы анықтама;
2) Құрылтай құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) Келісімге қол қоятын негізгі грант алушының атына сенімхат;
4) Грант қаражатына арнайы жеке құрылған есептік шот туралы банктен анықтама (шот эскроу-шотпен байланыстырылуы қажет).
Қазақстан Республикасы университеттерінде технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру офистерін іріктеу бойынша конкурс жеңімпаздарының тізімі:
№ |
Жоғары оқу орындарының атауы |
1 |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті |
2 |
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
3 |
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті |
4 |
Қазақ ұлттық аграрлық университеті |
5 |
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті |
6 |
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті |
7 |
С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті |
8 |
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті |
9 |
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті |
10 |
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті |
Қалған офис-қатысушылары іріктелген негізгі офистерге өңіріне қарай және халықаралық Консультанттың ұсынымдары бойынша бекітіледі.