- Жарияланған: 16 мамыр 2018 /
Батат, яғни, туған жері Перу және Колумбияда болып табылатын картофель туралы көпшілік таныс емес. Қазақстанда бататты енгізу және неліктен британдық шеф-аспазшы Джейми Оливер бататты пайдалануға кеңес беретіні туралы біздің грант алушымыз «Organic Food» ЖШС-ның мақаласынан біле аласыз.
ФАО бағалауы бойынша, әлем халқы 2050 жылға қарай 9,1 млрд. (5 млрд. - Азия және 1.9 млрд. - Африка), бұл 2050 жылға қарай энергияны 3 есе арттыру және азық-түлік көлемін 1,7 есеге көбейтуді қажет етеді. Жерлердің шөлге айналуы да маңызды мәселе болып табылады. Планетаның шамамен 1/3 бөлігін Солтүстік-шығыс Азия аумағында орналасқан шөлдер құрайды. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу, сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін жерді тиімді пайдалану мақсатындағы 7 дақылдардың бірі - тәтті картоп - батат.
"OrganicFood" ЖШС Дүниежүзілік Банктің қолдауымен "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы практикасына және тұтынушылар тізбегі үшін бататты енгізу жоспарлауда. Жоба нәтижесінде Қазақстанның әр түрлі өңірлері үшін бататтың әр түрлі сорттарын өсіру технологиясы дайындалатын болады, сондай-ақ, батат дақылының тәжірибелік партиясы алынатын болады.
Әрі қарай оқу бұдан әрі