- Жарияланған: 12 желтоқсан 2016 /
Электрондық ресурс виртуалды технологиялық брокерлік платформа қызметін атқарады. Жүйе ашық инновациялар қағидатының тұжырымдамалық тәсілдеріне негізделген. Платформаның басты миссиясы - пайда алу мақсатында қазақстандық өнертабыстар мен технологияларды коммерциялық айналымға енгізу.
Бүгін технологияларды коммерцияландыру мәселелері жөніндегі кездесуде отандық ғалымдар инвесторларға 50 жаңа инновациялық әзірлемелер ұсынды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Бүгінгі кездесу барысында 5 қазақстандық инновациялық компания елімізде технологияларды сапалы өрістетуге мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы лицензиялық келісімдер және меморандумдарға қол қойды. Олардың ішінде, мұнай беруді арттыру, бетонның қасиеттерін жақсартуға арналған қоспаралар, ағынды суларды биологиялық тазартуға арналған липидтік-қиратушы микроағзалар негізіндегі биопрепарат бойынша жобалар және басқа да жобалар бар.
Сондай-ақ, ғалымдар мен инвесторларға коммерцияландыруға арналған «Ғылыми портал» жаңа платформасы ұсынылды. Электрондық ресурс виртуалды технологиялық брокерлік платформа қызметін атқарады. Жүйе ашық инновациялар қағидатының тұжырымдамалық тәсілдеріне негізделген. Платформаның басты миссиясы - пайда алу мақсатында қазақстандық өнертабыстар мен технологияларды коммерциялық айналымға енгізу.
Қазақстанда "Технологияларды коммерцияландыру" жобасын Дүниежүзілік Банкпен Қарыз туралы келісімнің шеңберінде ҚР Білім және ғылым министрлігі 2008 жылдан бастап іске асыруда. Отандық ғылыми жобаларға зерттеулердің басынан бастап нарыққа шыққанға дейін сүйемелдеу көрсетіледі. Мәселен, 2011 жылдан бастап, жалпы сомасы 5,9 млрд. теңге көлемінде 65 жобаға қолдау көрсетілді. Бүгінгі таңда 18 компания қазірдің өзінде нарыққа шықты, іске асырылған жобалардың сомасы 66 млн. теңгені құрады, 180 млн. теңге көлемінде инвестициялар тартылды, 25 келісімшарт және 3 лицензиялық келісімге қол қойылды.
Ғылыми әзірлемелердің презентациясына кәсіпкерлер, отандық және шетелдік венчурлық инвестициялау, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ АҚШ және Ресейдің коммерцияландыру саласындағы шетелдік сарапшылар қатысты.
Материалдардың көзі www.kursiv.kz