- Жарияланған: 16 сәуір 2018 /
"Казтехавтоматика" ЖШС SMART-технологиялар негізіндегі энергия пайдалануды тиімді басқарудың зияткерлік жүйелерін сату жөнінде 2 шарт жасасқанын қуана хабарлаймыз. Шарттардың жалпы сомасы 32,4 млн. теңгені құрайды.
Дүниедүзілік банк пен Ғылым комитетінің қолдауының арқасында, бөлінген грант қаражатының аясында "SMART-технологиялар негізіндегі энергия пайдалануды тиімді басқарудың зияткерлік жүйесі" жобасын іске асыру мақсатында "Казтехавтоматика" ЖШС старт-ап компаниясы құрылған болатын.
Ұсынылып отырған жүйе энергия үнемдеу мәселесін шешеді, SMART-желі шеңберінде энергия пайдалануды қашықтан басқару мүмкіндігін береді, сондай-ақ әрбір жарықтандыру құрылғысына кері байланыспен бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Әзірленген шешім жүйені едәуір масштабтауға және кез-келген жүктемені басқаруға бейімдеуге мүмкіндік береді, бұл болашақта жаңа нарықтарға шығуға жағдай жасайды.
Айта кететін жәйт, бұл жүйе толықтай қазақстандық әзірлеме болып табылады және зияткерлік меншікпен қорғалады.
Ұсынылатын Жүйенің артықшылықтары:
Экономикалық әсер – электр энергиясын пайдалануды азайту, нақты пайдалану жағдайларына қарай, 60% - ға дейін жетеді. Қызмет көрсету бойынша шығындар айтарлықтай қысқарады.
Қазіргі уақытта бұл SMART-жарықтандырудағы жалғыз отандық әзірлеме болып табылады, тек шетелдік аналогтары бар.