Консорциумдар
14 тамыз 2023
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын іске асыру шеңберінде "Инклюзивті инновациялар консорциумдары" гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.
Гранттық бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік маңызы жоғары, сондай-ақ тұрақты коммерциялық әлеуетті және орнықты дамуға қол жеткізуге бағытталған инновациялық шешімдерді (өнімдерді, қызметтерді және технологияларды) әзірлеу және енгізу мақсатында ғылым мен бизнесті біріктіру.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Консорциум негізгі қызметі іске асырылатын жобаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін бір немесе одан да көп коммерциялық ұйымдардан немесе коммерциялық емес ұйымдардан (кәсіпкерлік қызмет құқығымен) және бір (1) немесе одан да көп ғылыми ұйымдардан тұрады. Ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындар бір-бірімен үлестес болмауы керек.
Грант сомасы:
Гранттың максималды сомасы 150 млн теңге, іске асыру мерзімі 12 айға дейін.
Қоса қаржыландыру сомасы кемінде грант сомасының 10%-ын құрауы тиіс.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 14 тамызда басталып, 2023 жылғы 21 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де аяқталады*.
10 шілде 2023
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум» гранттық бағдарламасы бойынша жарияланған конкурсының ұзартылатыны туралы хабарлайды.
Гранттық бағдарламаның мақсаты-жаңа технологияларды (ҒЗТКЖ) әзірлеу жолымен өнеркәсіптің жүйелі салалық міндеттерін шешуге бағытталған құзыреттілік орталықтарын құру, зертханалық масштабта ("модельдік фабрика") өндірістік процестерді модельдеу және жетілдіру, сондай-ақ саланы дамыту бойынша ұсынымдарды талдау және әзірлеу.
Өтінімдер 2023 жылғы 1 тамыздың сағат 18:00-ге дейін Астана уақыты бойынша* Портал арқылы қабылданады (www.astanahub.com).
Гранттар бағдарламасы туралы қосымша ақпарат алу үшін www.fpip.kz (http://fpip.kz/index.php/ru/) сайттағы "«Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум» " гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықты қараңыз.
Өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде беріледі. Нысанды ағылшын тілінде толтыру міндетті, өйткені жобаларға өтінімдерді халықаралық сарапшылар бағалайды. Өтініш берушілер мұқият танысып, гранттық бағдарлама бойынша басшылықтың барлық талаптарын сақтауы тиіс.
Барлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Қатысу ережелеріне сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбауға жатады және қарау үшін қабылданбайды. Өтінімді толтыру басталғанға дейін кіші жобаларға арналған экологиялық талаптармен, сондай-ақ жоба шеңберінде қаржыландырылмайтын қызметтің тізбесімен мұқият танысқан жөн.
Барлық сұрақтар бойынша Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық пошта арқылы немесе +7 777 149 80 36 телефоны арқылы хабарласуға болады.
МАҢЫЗДЫ:
Конкурсқа қатысуға өтінімдер Astanahub электрондық порталы арқылы мына сілтеме бойынша https://astanahub.com/ru/l/gup-grant-programs ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде қабылданады.
* Өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша ұзартылуы мүмкін.
4 шілде 2023
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Инклюзивті инновациялар консорциумдары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс өткізуді жоспарлауда.
Гранттық бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік маңызы жоғары, сондай-ақ тұрақты коммерциялық әлеуетті және орнықты дамуға қол жеткізуге бағытталған инновациялық шешімдерді (өнімдерді, қызметтерді және технологияларды) әзірлеу және енгізу мақсатында ғылым мен бизнесті біріктіру.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Консорциум негізгі қызметі іске асырылатын жобаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін бір немесе одан да көп коммерциялық ұйымдардан немесе коммерциялық емес ұйымдардан (кәсіпкерлік қызмет құқығымен) және бір (1) немесе одан да көп ғылыми ұйымдардан тұрады. Ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындар бір-бірімен үлестес болмауы керек.
Грант сомасы:
Гранттың максималды сомасы 150 млн теңгеге дейін, іске асыру мерзімі 12 айға дейін.
Қоса қаржыландыру сомасы кемінде грант сомасының 10%-ын құрауы тиіс.
Күтілетін нәтижелер:
Гранттық бағдарлама аяқталғаннан кейін қаржыландыру алған консорциумдар алынған грант сомасының кемінде 10 %-ындай коммерцияландыру көрсетуге, сондай-ақ нақты, сандық өлшенетін, елеулі әлеуметтік нәтижеге қол жеткізуге міндетті.
Гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты «Инклюзивті инновациялық консорциумдар» гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан ала аласыз (Бағдарлама құжаттар) .
Барлық сұрақтар бойынша Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
*Бұл конкурстың ресми хабарландыруы емес, конкурстың өтетін уақытын кейінірек хабарлайтын боламыз.
30 мамыр 2023
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде "Өндірістік сектор консорциумдары I: құзыреттілік орталықтары " гранттық бағдарламасы бойынша жарияланған конкурсының ұзартылатыны туралы хабарлайды.
Гранттық бағдарламаның мақсаты-жаңа технологияларды (ҒЗТКЖ) әзірлеу жолымен өнеркәсіптің жүйелі салалық міндеттерін шешуге бағытталған құзыреттілік орталықтарын құру, зертханалық масштабта ("модельдік фабрика") өндірістік процестерді модельдеу және жетілдіру, сондай-ақ саланы дамыту бойынша ұсынымдарды талдау және әзірлеу.
Өтінімдер 2023 жылғы 1 тамыздың сағат 18:00-ге дейін Астана уақыты бойынша* Портал арқылы қабылданады (www.astanahub.com).
Гранттар бағдарламасы туралы қосымша ақпарат алу үшін www.fpip.kz (http://fpip.kz/index.php/ru/) сайттағы "Өндірістік сектор консорциумдары I: құзыреттілік орталықтары " гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықты қараңыз.
Өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде беріледі. Нысанды ағылшын тілінде толтыру міндетті, өйткені жобаларға өтінімдерді халықаралық сарапшылар бағалайды. Өтініш берушілер мұқият танысып, гранттық бағдарлама бойынша басшылықтың барлық талаптарын сақтауы тиіс.
Барлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Қатысу ережелеріне сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбауға жатады және қарау үшін қабылданбайды. Өтінімді толтыру басталғанға дейін кіші жобаларға арналған экологиялық талаптармен, сондай-ақ жоба шеңберінде қаржыландырылмайтын қызметтің тізбесімен мұқият танысқан жөн.
Барлық сұрақтар бойынша Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық пошта арқылы немесе +7 777 149 80 36 телефоны арқылы хабарласуға болады.
МАҢЫЗДЫ:
Конкурсқа қатысуға өтінімдер Astanahub электрондық порталы арқылы мына сілтеме бойынша https://astanahub.com/ru/l/gup-grant-programs ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде қабылданады.
* Өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша ұзартылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.
Гранттық бағдарламаның негізгі мақсаты -консорциумдардың инновациялық шешімдерін, ғылыми әзірлемелері және/немесе технологияларын коммерцияландыру.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Гранттық бағдарлама шеңберінде бірнеше қатысушы арасында консорциум құру қажет. Консорциумның міндетті шарты - кемінде екі (2) үлестес емес өндірістік кәсіпорын және кемінде бір (1) ғылыми ұйым қатысуы тиіс.
Грант сомасы:
Гранттың максималды сомасы 650 млн.теңгеге дейін (А гранты бойынша) және 250 млн. теңгеге дейін (В гранты бойынша), 18 айға дейін іске асыру мерзіміне беріледі.
Қоса қаржыландыру сомасы грант сомасының кемінде 50 пайызын (А гранты бойынша) және грант сомасының кемінде 30 пайызын (В гранты бойынша) құрауға тиіс.
Іріктеу процесі:
Өтінімдерді қабылдау процесінің қорытындысы бойынша іріктеу халықаралық сарапшылардың, сондай-ақ Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мамандардың сараптамасынан бірнеше кезеңде өтетін болады.
Күтілетін нәтижелер:
Гранттық бағдарлама аяқталғаннан кейін қаржыландыруды алған консорциумдар алынған грант сомасының кемінде 20%-ы көлемінде коммерцияландыруды, кіші жобаны автоматтандыру/цифрландыру стратегиясын енгізуді және әзірлеуді (басқалармен қоса, виртуалды шындық, BIM-технологиялар, блокчейн, жасанды интеллект), персоналдың біліктілігін арттыруды (Индустрия негіздеріне оқыту 4.0.) қамтамасыз етуі тиіс.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 25 мамырдан басталып, 2023 жылғы 10 шілде Астана уақытымен сағат 18.00-де аяқталады*.
Гранттық бағдарлама туралы толық ақпаратпен мына сілтеме бойынша «Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум» гранттық бағдарламасының нұсқаулығынан таныса аласыздар (Гранттық бағдарлама).
МАҢЫЗДЫ:
Конкурсқа қатысуға өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде келесі сілтеме бойынша Astanahub электрондық порталы арқылы қабылданады: https://astanahub.com/ru/l/gup-grant-programs
Өтінімді ағылшын тілінде толтыру міндетті, өйткені жобаларды халықаралық сарапшылар ағылшын тілінде сараптайтын болады.
Өтінім берушілер гранттық бағдарлама бойынша нұсқаулықтың барлық талаптарымен мұқият танысып шығуы және оларды сақтауы тиіс.
Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды.
Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызметтер тізімімен мұқият танысып шығу қажет.
Барлық сұрақтар бойынша Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз