29 наурыз 2019

Құрметті өтінім берушілер,

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттық бағдарлама бойынша конкурстың мерзімі ұзарғанын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2019 жылдың 2 мамырға Астана уақытымен сағат 18.00-ге дейін ұзартылады.

Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты http://www.fpip.kz сайтында, Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық поштасы немесе + 7-7172-27-71-21 телефоны арқылы ала аласыз.