10 шілде 2019 жыл

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде "Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттар. А грант түрі" гранттық бағдарламасы  аясындағы  конкурстың жеңімпаздарын құттықтайды.

Гранттық бағдарлама бойынша конкурс жеңімпаздарының тізімі:

Өтінім №

Экологиялық санат

1

APP-PHD-A-19/005P

В-

2

APP-PHD-A-19/015P

С

3

APP-PHD-A-19/013P

В-

4

APP-PHD-A-19/008P

В-

5

APP-PHD-A-19/006P

В-

6

APP-PHD-A-19/004P

В-

7

APP-PHD-A-19/011P

В-

8

APP-PHD-A-19/007P

В-

Грант туралы келісім жасасу үшін 2019 жылдың 22 шілдеге дейін төмендегі құжаттарды өткізуіңізді сұраймыз:

а) өтінім берушінің құқықтық құжаттары (қолы қойылмаса жарғының5, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің, егер Грантқа туралы келісімге бірінші төрағадан басқа тұлға қол қоятын болса, бұйрық немесе қол қою құқығына сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі).

ә) грант алушының шоттарының бар екендігі және оның қоса қаржыландыру қаражатының есеп айырысу шотында Өтінімде көрсетілген көлемдегі қаражаттың бар екендігі туралы банктің анықтамасы. Егер өтінімде мерзім көрсетілмеген болса, қоса қаржыландыру қаражатын Грант туралы келісімге қол қоюдан бұрын жіберу қажет. Егер серіктес қаражатты транштармен беретін болса, нақты мерзімдер көрсетілген Инвестициялау шартын беру қажет.

б) Кандидаттың жеке куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі.

в) Кандидаттың білім туралы дипломының нотариалды расталған көшірмесі және олардың ағылшын тіліндегі нотариалды расталған аудармалары.

г) Үміткердің туу туралы және некесі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (қажет болған жағдайда).

д) тағылымдаманың барлық жағдайларын ескерілген Өтінім беруші мен үміткер арасындағы келісімшарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

е) жұмыс орнынан немесе оқу орнынан анықтама және олардың ағылшын тіліндегі нотариалды расталған аудармалары.