13 қараша 2019 жыл
«Инновацияларды ынталандыру: ғылым мен бизнестің ұштасуы» атты конференциясының ұйымдастырылып жатқанын хабарлаймыз.
Аталған шара қазақстандық ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудағы табысты тәжірибелерімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының үдемелі дамуын жүзеге асыру үшін бизнеспен жемісті ынтымақтастықты көрсету мақсатымен жүзеге асырылып отыр.
Іс-шара барысында табысты қазақстандық ғалымдардан, алдыңғы қатарлы ғылыми шешімдерді әзірлеушілерден жобаларды коммерцияландыру бойынша питчинг сессия, сондай-ақ, ғылым мен бизнестің ұштасуының өзекті мәселелерін талқылау, қазақстандық ғылыми жетістіктердің дамуындағы маңызды факторлардың бірі ретінде инновацияларды ынталандыруды қолдау сияқты өзекті мәселелер талқыға салынады.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, ғылымды коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес, квазимемлекеттік сектор, жеке бизнес, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.