Күні: 29.12.2021
Хабарландыру
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Жобаны басқару тобы Грант жөнінде 1 компонент аға менеджерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды
2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған 2015 жылғы 9 маусымдағы №8463-KZ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында Грант бойынша 1 компонент аға менеджерін жалдау бойынша конкурс жариялайды
Тапсырма 2022 жылдың 30 қарашаcына дейін есептелген. Тапсырыс беруші консультанттың қызметінің сапасына және жобаны іске асыру мерзіміне қарай келісімшартты кейінгі жылдары ұзарту мүмкіндігімен, 2022 жылғы 30 қарашаны қоса алғанға дейінгі мерзімге келісімшартқа қол қоюға ниетті.
Мүдделі жеке консультанттар қосымша ақпаратты төменде көрсетілген электронды мекенжайға 9.00-дан 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) жұмыс уақытында хабарласу арқылы біле алады.
Мүдделілік білдіру туралы өтінімдер 2021 жылы 14 қаңтар күні сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды мекенжайы арқылы қабылданады, құжаттар түйіндеме түрінде орыс және ағылшын тілдерінде, барлық растаушы құжаттар тіркеліп, жіберілуі тиіс. Хаттың тақырыбын көрсетіңіз: «Жобаны басқару тобының Грант жөнінде 1 компонент аға менеджерін іріктеу»
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы
Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы, 010000, Мәнгілік Ел даңғылы, 55/8,
павильон С 4.6, 4 қабат, 40 кеңсе
E-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.