ӨСК I гранттық бағдарламасының хабарландыруы
18 Ақпан 2022 жыл
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары I» гранттық бағдарламалары бойынша конкурс жариялайды.
Гранттық бағдарламаның мақсаты - коммерциялық тұрақты инновациялық жобаларды құру және іске асыру үшін ғылым мен бизнестің күш-жігерін біріктіру.
Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2022 жыл 18 ақпанда басталады және 2022 жылғы 31 наурызда Нұр-сұлтан уақыты бойынша 18 сағат 00 минутта аяқталады.*
Гранттық бағдарлама туралы толық ақпаратпен www.fpip.kz. сайтында «Өндірістік сектор консорциумдары I» гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан, «Өндірістік сектор консорциумдары II» гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан танысуға болады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер www.fpip.kz сайтында электрондық портал арқылы ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде қабылданады. Өтінімді ағылшын тілінде толтыру міндетті, өйткені жобаларды халықаралық сарапшылар ағылшын тілінде сараптайтын болады. Өтінім берушілер гранттық бағдарлама бойынша нұсқаулықтың барлық талаптарымен мұқият танысып шығуы және оларды сақтауы тиіс.
Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды. Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызмет түрлерімен мұқият танысып шығу қажет.
Барлық сұрақтар бойынша Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз
* өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша ұзартылуы мүмкін.
өтінімдерді қабылдау Портал арқылы келесі сілтеме бойынша: https://astanahub.com/l/gup-grant-programs
"Өндірістік сектор консорциумдары І" нұсқамасын жүктеу (2022)