2018 жылдың 6 тамызында "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының "Өндірістік сектор консорциумдары" гранттық бағдарламасының 2-айналымы шеңберінде өтінімдерді қабылдау аяқталды.

Конкурс нәтижесі бойынша, 22 өтінім қабылданды.

ӨСК І грант түрі бойынша жалпы сомасы 4,58 млрд теңгеге 8 өтінім берілді, 10% қоса қаржыландыру құрайды.

ӨСК ІІ грант түрі бойынша жалпы сомасы 9,3 млрд теңгеге 14 өтінім қабылданды, оның 42%-ын бизнес тарапынан қоса қаржыландыру құрайды. ӨСК ІІ гранты аясындағы 4 өтінім әкімшілік критерийлер бойынша қабылданбайды. Басқа өтінімдерді Ғылым және коммерцияландыру жөнінде халықаралық кеңес Портал арқылы қарастырып, бағалайтын болады.

Жеңімпаздарды іріктеу 2018 ж. қыркүйекте жүргізіледі.

«Бұл бағдарламаның басты мақсаты - саланың жүйелік міндеттерін шешетін жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу мақсатында ғылым мен бизнестің күшін біріктіру. Бұл бағдарлама өндірістік компаниялар және ғылыми ұйымдардан тұратын консорциумдарға арналған. Бұл бағдарлама, сондай-ақ Жоба еліміздің экономикасына ұзақ мерзімді әсер етеді деп күтудеміз».

Анықтама:

"Өндірістік сектор консорциумдары" гранттық бағдарламасы аясында екі түрлі грант берілетін болады:

ӨСК I: Ғылыми ұйым негізіндегі ғылыми-индустриялық ынтымақтастық орталығы. Мақсаты: қатысушы өндірістік компаниялардың қажеттіліктері үшін қолданбалы ҒЗТКЖ құра алатын ғылыми орталықты құру.

ӨСК ІІ: Өндірістік мекеме негізіндегі ғылыми-индустриялық технологиялық консорциум. Мақсаты: ғылыми ұйымдардың көмегімен әзірленген және енгізілген инновациялар.

Қосымша ақпарат алу үшін Жобаның PR-менеджеріне хабарласуыңызды сұраймыз: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її., тел.: +77172277123